О признании утратившими силу некоторых решений маслихата области Жетісу Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.02.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жетісу облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 2) тармағына сәйкес Жетісу облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Жетісу облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші осы шешімнің қосымшасына сәйкес жойылды деп танылсын.
Тармақ 2
2. «Жетісу облыстық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің басшысы (А. Жазықбаев) заңнамада белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы шешімді «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі» республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы шешімді ресми жариялағаннан кейін Жетісу облыстық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 6
Жетісу облыстық мәслихаты 2026 жылғы 5 ақпандағы № 34-205 Шешіміне қосымша Жетісу облыстық мәслихатының күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізбесі
Тармақ 1
1. «Жетісу облысының әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесін айқындау туралы» Жетісу облыстық мәслихатының 2023 жылғы 20 маусымдағы № 4-31 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 43-19 болып тіркелген);
Тармақ 2
2. «Жетісу облыстық мәслихатының 2023 жылғы 20 маусымдағы № 4-31 «Жетісу облысының әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Жетісу облыстық мәслихатының 2024 жылғы 16 шілдедегі № 18-113 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 234-19 болып тіркелген);
Тармақ 3
3. «Жетісу облыстық мәслихатының 2023 жылғы 20 маусымдағы № 4-31 «Жетісу облысының әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Жетісу облыстық мәслихатының 2024 жылғы 18 қарашадағы № 23-138 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 251-19 болып тіркелген).