О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата города Алматы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.02.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Алматы қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
Тармақша 1
1) «Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы» Алматы қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 14 қыркүйектегі № 3/496 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1738 болып тіркелген);
Тармақша 2
2) «Алматы қаласы әкімдігінің «Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы» 2023 жылғы 14 қыркүйектегі № 3/496 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Алматы қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 27 қыркүйектегі № 3/523 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1791-02 болып тіркелген).
Тармақ 2
2. «Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1)  осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2)  осы қаулыны Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3.Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4.Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.