Об объявлении чрезвычайного положения местного характера на территории Сарысуского района Жамбылской области Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.02.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жамбыл облысы Сарысу ауданы аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын, «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды мемлекеттік есепке алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушы 2023 жылғы 10 мамырдағы № 240 бұйрығына сәйкес және Сарысу аудандық төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі кезектен тыс комиссия отырысының 2026 жылғы 06 ақпандағы № 2 хаттамасы негізінде, Сарысу ауданыынң әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Жамбыл облысы Сарысу ауданы аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
Тармақ 2
2. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жоюға бағытталған іс-шараларды өткізуге төтенше жағдайды жою басшысы болып Сарысу ауданы әкімінің орынбасары Жаркенов Жанғозы Өмірғалиұлы тағайындалсын.
Тармақ 3
3. «Жамбыл облысы Сарысу ауданы әкімінің аппараты» КММ заңда белгіленген тәртіппен осы шешімнің ресми жариялануын және әкімдіктің ресми интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.