Об утверждении в новой редакции положения коммунального государственного учреждения «Отдел общественного развития Жанакорганского района» Қолданыста
Басқа 0
«Жаңақорған ауданының қоғамдық даму бөлімі» коммуналдық
мемлекеттік мекемесінің Ережесін жаңа редакцияда бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына және «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі №590 қаулысына сәйкес Жаңақорған ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес «Жаңақорған ауданының қоғамдық даму бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесі жаңа редакцияда бекітілсін.
Тармақ 2
2. Мыналардың:
«Жергілікті мемлекеттік басқарудың кейбір мәселелері туралы» Жаңақорған ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 23 ақпандағы №28 қаулысының 3 тармағының, 4) тармақшасының және сәйкесінше №4 қосымшасының;
«Жергілікті мемлекеттік басқарудың кейбір мәселелері туралы» Жаңақорған ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 23 ақпандағы №28 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Жаңақорған ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 12 қыркүйектегі №123 қаулысының күші жойылсын.
Тармақ 3
3. Жаңақорған ауданының қоғамдық даму бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (А. Тулегенов) заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын басқа да шараларды қабылдау жүктелсін.
Тармақ 4
4. Қаулының орындалуын бақылау салаға жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 6
Жаңақорған ауданы әкiмдiгiнiң
2026 жылғы «23» қаңтардағы
№ 7 қаулысына қосымша
Жаңақорған ауданы әкiмдiгiнiң
2024 жылғы «23» ақпандағы
№ 28 қаулысымен бекітілген
«Жаңақорған ауданының қоғамдық даму бөлімі» коммуналдық мемлекеттік
мекемесінің Ережесі
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Жаңақорған ауданының қоғамдық даму бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Жаңақорған ауданының қоғамдық даму бөлімі) Жаңақорған ауданындағы қоғамдық даму саласындағы функцияларды жүзеге асыруға Жаңақорған ауданының әкімдігі уәкілеттік берген Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Тармақ 2
2. Жаңақорған ауданының қоғамдық даму бөлімінің ведомствосы бар.
Тармақ 3
3. Жаңақорған ауданының қоғамдық даму бөлімі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Жаңақорған ауданының қоғамдық даму бөлімі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
Тармақ 5
5. Жаңақорған ауданының қоғамдық даму бөлімі азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
Тармақ 6
6. Жаңақорған ауданының қоғамдық даму бөлімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда, ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
Тармақ 7
7. Жаңақорған ауданының қоғамдық даму бөлімі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Жаңақорған ауданының қоғамдық даму бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі баcшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 8
8. «Жаңақорған ауданының қоғамдық даму бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
Тармақ 9
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс 120300, Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Жаңақорған кенті, Манап Көкенов көшесі №33.
«Жаңақорған ауданының қоғамдық даму бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмыс кестесі: сенбі, жексенбі және заңнама актілерімен белгіленген басқа демалыс және мереке күндерінен бөлек, күн сайын дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 09.00-ден 19.00-ге дейін (сағат 13.00-ден 15.00-ге дейін үзіліс).
Тармақ 10
10. Осы Ереже Жаңақорған ауданының қоғамдық даму бөлімінің құрылтай құжаты болып табылады.
«Жаңақорған ауданының қоғамдық даму бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Жаңақорған ауданының әкімдігі болып табылады.
Тармақ 11
11. Жаңақорған ауданының қоғамдық даму бөлімінің қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерден жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Жаңақорған ауданының қоғамдық даму бөліміне кәсіпкерлік субъектілерімен Жаңақорған ауданының қоғамдық даму бөлімінің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.
Егер Жаңақорған ауданының қоғамдық даму бөліміне заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
Тарау 2. 2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
Тармақ 13
13. Мақсаттары:
Тармақша 1
1) Ауданда ішкі саяси тұрақтылықты, азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің, аудан әкімінің ауданның қоғамдық даму бөлімінің құзырына қатысты мәселелер бойынша актілері мен тапсырмаларының орындалуын қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де мақсаттарды жүзеге асыру.
Тармақ 14
14. Өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) Құқықтары:
заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпарат пен материалдар сұратуға және алуға;
құзыреті шегінде құқықтық және нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысуға;
қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
Тармақша 2
2) Міндеттері:
Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексіне сай, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау, олардың орындалуын бақылау, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда және тәртіппен олар бойынша жауаптар беру; жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауды ұйымдастыру; заңды және негізделген шешімдер қабылдау; қабылданған шешімдердің орындалуын бақылауды қамтамасыз ету;
«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік органдардың құзыреттілігі шегінде тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы өзге де шараларды қабылдау;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларымен белгіленген өзге міндеттерді жүзеге асыру.
Тармақ 15
15. Функциялары:
Тармақша 1
1) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» ҚР Конституциялық заңына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына және Қазақстан Республикасының қолданыстағы өзге де заңнамаларымен осы салада ауданның жергілікті атқарушы органдарына жүктелген функцияларды жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) қоғамдық байланыстар, бұқаралық ақпарат құралдарына жергілікті мемлекеттік тапсырыстарды бөледі;
Тармақша 3
3) «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 418, 455 баптарына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаларды ресімдеуге байланысты жергілікті атқарушы органның жұмысшы органы ретінде осы қаулыдан туындайтын шаралар қабылдайды;
Тармақша 4
4) әкімдік жанындағы жастар істері жөніндегі кеңес қызметіне қатысады;
Тармақша 5
5) мемлекеттік жастар саясатын іске асырады;
Тармақша 6
6) аудандағы қоғамдық-саяси, діни ахуалға зерделеу және талдау жүргізеді;
Тармақша 7
7) үкіметтік емес ұйымдармен, қоғамдық саяси және діни бірлестіктермен, саяси партиялармен өзара іс-қимыл саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын қалыптастыруға және іске асыруға қатысады;
Тармақша 8
8) өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүзеге асыруды қамтамасыз етеді;
Тармақша 9
9) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жұмыстарын насихаттауды жүзеге асырады;
Тармақша 10
10) Телерадио хабарларын тарату операторларының қызметтеріне шартты қолжетімді карталарды және телерадио хабарларын тарату саласында лицензиясы жоқ және Қазақстан Республикасының аумағында меншікті спутниктік хабар тарату жүйелері жоқ телерадио хабарларын тартау операторларының теле-,радиосигналын жеке-дара қабылдауға арналған жабдықтарды таратуына тыйым салу жөніндегі талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.
Тармақша 11
11) «Волонтерлік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңына (10-бабы 2 тармағы) сәйкес өз құзіреті шегінде волонтерлік қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырады.
Тармақша 12
12) Әлеуметтік шиеленіс ошақтарын анықтап, жоғары тұрған органдарды хабардар етуді, алдын алу бойынша жұмыстар үйлестіру;
Тармақша 13
13) Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Тарау 3. 3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
Тармақ 16
16. Жаңақорған ауданының қоғамдық даму бөлімін басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол Жаңақорған ауданының қоғамдық даму бөліміне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
Тармақ 17
17. Жаңақорған ауданының қоғамдық даму бөлімінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
Тармақ 18
18. Жаңақорған ауданының қоғамдық даму бөлімінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болуы мүмкін.
Тармақ 19
19. Жаңақорған ауданының қоғамдық даму бөлімінің бірінші басшысының өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) мекеменің жұмысын ұйымдастырады және басшылық жасайды, бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына, өз функционалдық міндеттерінің жүзеге асырылуына жауап береді;
Тармақша 2
2) мекеменің жұмысын басқарады, жүктелген міндеттердің орындалуына дербестік жауапкершілікті алып жүретін қызметкерлер арасында қызметтік міндеттерді және олардың жауапкершілік дәрежесін үлестіреді, бекітеді;
Тармақша 3
3) мекеменің қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
Тармақша 4
4) заңда белгіленген тәртіппен көтермелеу және тәртіптік жаза белгілеу мәселелерін шешеді;
Тармақша 5
5) мекемедегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етуге бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдау үшін дербес жауапты болады;
Тармақша 6
6) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды жүргізеді;
Тармақша 7
7) тиісті аудандық әкімдіктің лауазымды адамы болып табылады және мемлекеттік органдармен, ұйымдармен, азаматтармен өзара қарым-қатынастарда оның атынан сенім хатсыз өкілдік етеді;
Тармақша 8
8) өз құзыреті шегінде бұйрықтарға қол қояды;
Тармақша 9
9) гендерлік теңдік стратегиясын жүзеге асырады.
Тармақша 10
10) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Жаңақорған ауданының қоғамдық даму бөлімінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
Тармақ 20
20. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.
Тарау 4. 4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
Тармақ 21
21. Жаңақорған ауданының қоғамдық даму бөлімінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Жаңақорған ауданының қоғамдық даму бөлімінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 22
22. Жаңақорған ауданының қоғамдық даму бөліміне бекітілген мүлік аудандық коммуналдық меншікке жатады.
Тармақ 23
23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе «Жаңақорған ауданының қоғамдық даму бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Тарау 5. 5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 24
24. Жаңақорған ауданының қоғамдық даму бөлімін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Ресубликасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
«Жаңақорған ауданының қоғамдық даму бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің және оның ведомстволарының қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тізбесі:
«Жаңақорған ауданының қоғамдық даму бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.