Об утверждении типового договора о предоставлении в долгосрочное пользование участков особо охраняемых природных территорий для расширения сети сейсмологических станций, строительства гидротехнических и иных защитных сооружений от селевых потоков, снежных лавин, оползней Қолданыста
Басқа 0
Сейсмологиялық станциялар желілерін кеңейту, гидротехникалық құрылысжайларды және сел ағындарынан, қар көшкіндерінен, көшкіндерден қорғайтын өзге де қорғаныш құрылысжайларын салу үшін ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың учаскелерін ұзақ мерзімді пайдалануға беру туралы үлгілік шартты бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Жер кодексі 122-бабының 4-тармағына және «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 23-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған сейсмологиялық станциялар желілерін кеңейту, гидротехникалық құрылысжайларды және сел ағындарынан, қар көшкіндерінен, көшкіндерден қорғайтын өзге де қорғаныш құрылысжайларын салу үшін ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың учаскелерін ұзақ мерзімді пайдалануға беру туралы үлгілік шарт бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Сейсмологиялық станциялар желілерін кеңейту, гидротехникалық құрылысжайларды және сел ағындарынан, қар көшкіндерінен, көшкіндерден қорғайтын өзге де қорғаныш құрылысжайларын салу үшін ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың учаскелерін ұзақ мерзімді пайдалануға беру туралы
№ үлгілік шарт
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
202 жылғы « »
№ қаулысымен
бекітілген
Сейсмологиялық станциялар желілерін кеңейту, гидротехникалық құрылысжайларды және сел ағындарынан, қар көшкіндерінен, көшкіндерден қорғайтын өзге де қорғаныш құрылысжайларын салу үшін ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың учаскелерін ұзақ мерзімді пайдалануға беру туралы
№ үлгілік шарт
_____________________
20 __жылғы «____»_____________
(елді мекен)
Бұдан әрі «Мекеме» деп аталатын _________________________________________
(табиғат қорғау мекемесінің атауы)
атынан ______________________________________________________ негізінде әрекет
ететін ______________________________________ және бұдан әрі «Пайдаланушы» деп
аталатын __________________________________________________________________
(мемлекеттік органның атауы)
атынан _____________________________________________________ негізінде әрекет
ететін _________________________________________ бірлесіп «Тараптар» деп аталып,
төмендегілер туралы осы шартты жасасты.
Тарау 1. 1. Шарттың нысанасы
1. Шарттың нысанасы
Тармақ 1
1. Мекеме пайдаланушыға үйлестіру кеңесінің 20_ жылғы «____»________ № _______ ұсынысын ескере отырып, республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлерінде сейсмологиялық станциялар желісін кеңейту, гидротехникалық құрылысжайларды және сел ағынынан, қар көшкінінен, көшкіндерден қорғайтын өзге де қорғаныш құрылысжайларын салу үшін осы шартқа 1-қосымшаға сәйкес мекеменің жер учаскелерін 20 __ жылғы «___»________ бастап 20__ жылғы «___»_______ дейінгі кезеңге ұзақ мерзімді өтеусіз пайдалануға береді.
Тармақ 2
2. Жер учаскелері Қазақстан Республикасының Жер кодексі 122-бабы 4-тармағының талаптары ескеріліп, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жері босалқы жерге ауыстырмай беріледі.
Тармақ 3
3. Жер учаскелерін пайдалануға осы шартта көзделген мақсаттарда ғана, ерекше қорғалатын табиғи аумақтың нысаналы мақсатына және функционалдық аймағына сәйкес, жануарлардың көші-қон жолдарын, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнама талаптарын ескере отырып жол беріледі.
Тармақ 4
4. Пайдаланушының жер учаскелеріне құқығы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 29-бабына сәйкес уақытша ұзақ мерзімді өтеусіз жер пайдалану құқығы ретінде ресімделеді.
Аталған құқық иеліктен шығарылмайды, кепілге қойылмайды, қосалқы жалдауға берілмейді және оған Қазақстан Республикасының заңнамасы мен осы шартта тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, үшінші тұлғалардың пайдасына өзге түрде ауыртпалық салынбайды.
Тармақ 5
5. Жер учаскелерінің нысаналы мақсаты, санаты, ерекше қорғалатын табиғи аумақтың функционалдық аймағы, шекараларының сипаттамасы, жер учаскелерінің құқықтық режимі, пайдаланудағы шектеулер және (немесе) ауыртпалықтар, учаскелердің бөлінетіндігі/бөлінбейтіндігі туралы мәліметтер, сондай-ақ сервитуттар мен үшінші тұлғалардың өзге де құқықтарының бар-жоғы осы шартқа 1-қосымшада көрсетілген.
Тармақ 6
6. Жер учаскелерінің орналасу схемасы осы шартқа 2-қосымшада көрсетілген.
Тармақ 7
7. Жер учаскелерінің таксациялық сипаттамасы осы шартқа 3-қосымшада көрсетілген және онда мынадай мәліметтер қамтылған: жердің түрі, кварталы мен үлесі (бар болса), ауданы, координаттары (орналасқан жерінің сипаттамасы), негізі сүрек тұқымы, неше жыл өсіп тұрғаны, биіктігі, диаметрі, жуандығы, сүрек қоры, сирек және жойылып кету қаупі төнген флора мен фауна түрлері туралы мәліметтер, пайдаланылмайтын ауданы мен экологиялық маңызы бар өзге де сипаттамаларының бар-жоғы.
Тармақ 8
8. Жүргізілетін жұмыстардың атауы _________________________ (объектіні салу, реконструкциялау, пайдалану, мәні көрсетілген өзге де жұмыстар).
Тармақ 9
9. Жұмыстарды жүргізу мерзімдері ____________________________________ (жұмыстардың басталған және аяқталған күні, сондай-ақ бар болса, кезең-кезеңмен орындалатын жұмыс графигі, оның ішінде жер учаскелерін рекультивациялау жөніндегі іс-шараларды орындауы).
Тармақ 10
10. Жұмыстарды орындау талапшарттары __________________________________ (жұмыстарды орындаудың негізгі талапшарттары, оның ішінде ерекше қорғалатын табиғи аумақ режимін сақтауға қойылатын талаптар, экологиялық талаптар, жұмыс графигі, жыл мезгілі мен тәулік уақыты бойынша шектеулер, жануарлардың өріс аудару жолдарын ескеру, сондай-ақ жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкестігі және жерді рекультивациялау жобасы).
Тарау 2. 2. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
2. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
Тармақ 11
11. Пайдаланушы:
Тармақша 1
1) берілген жер учаскелерін заңнамада белгіленген сараптамадан өткен жобалық құжаттамада айқындалған шектерде және көлемде сел ағынынан, қар көшкінінен, көшкіннен қорғайтын сейсмологиялық станциялар желісін, гидротехникалық құрылысжайларды және өзге де қорғаныш құрылысжайларын жобалау, салу және оларға қызмет көрсету үшін ғана пайдалануға;
Тармақша 2
2) бекітілген жобалық құжаттамада көзделген мүлікті, техника мен жабдықты Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы шартта ерекше қорғалатын табиғи аумаққа әкелуге тыйым салынбаған болса, сейсмологиялық станциялар желілерін, гидротехникалық құрылысжайларды және сел ағындарынан, қар көшкіндерінен, көшкіндерден қорғайтын өзге де қорғаныш құрылысжайларын жобалауға, салу мен пайдалануға қажетті шектерде және көлемде ғана белгіленген шектеулер мен ерекше қорғау режимдерін сақтай отырып, пайдалануға берілген жер учаскелерінде пайдаланушы осындай мүлікті әкелуге, әкетуге, орналастыруға және олардың орнын ауыстыруға;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
Тармақ 12
12. Пайдаланушы:
Тармақша 1
1) бұған дейін келісілген жобалық құжаттамада көзделмеген техниканы, жабдықты және өзге де мүлікті жер учаскесінің аумағына әкелу, әкету, орналастыру немесе орнын ауыстыру жоспарланғаны туралы мекемені мүліктің тізбесін, санын, сипаттамалары мен орналастыратын жері туралы мәліметтерді бере отырып, әкелуі, әкетуі, орнатылуы, ауыстырылуы болжанған күнтізбелік күнге дейін кемінде 10 (он) жұмыс күн бұрын хабардар етуге;
Тармақша 2
2) жұмыстар аяқталғаннан кейін күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде жер учаскелерін рекультивациялауды жүргізуге және мекемеге қабылдау актісін тапсыруға;
Тармақша 3
3) жобалау және құрылыс жұмыстары басталғанға дейін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген экологиялық қорытынды мен өзге де рұқсат құжаттарын алуды, сондай-ақ осындай рұқсат құжаттарында көрсетілген талапшарттарды сақтауға;
Тармақша 4
4) пайдалануға берілген жер учаскелерінде пайдаланушының қызмет жүргізуіне қатысты, оның ішінде қоршаған ортаны, орман қорын, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін қорғау, сондай-ақ ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың режимін сақтау бөлігіндегі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарын мүлтіксіз сақтауға;
Тармақша 5
5) пайдалануға қабылданған жер учаскелерінің аумағына, осы жер учаскелерінде орналасқан кез келген ғимарат пен құрылысжайға мекеменің уәкілетті қызметкерлері мен үйлестіру кеңесінің уәкілетті өкілдерінің бақылау жүргізу мақсатында кедергісіз кіруін қамтамасыз етуге;
Тармақша 6
6) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті орган бекіткен, мекеме көрсететін қызметтер үшін төлем жасауға;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасының орман заңнамасында көзделген орман пайдаланушының міндеттемелерін жүзеге асыруға;
Тармақша 8
8) жер учаскелерін пайдаланудағы шектеулерді, оның ішінде сервитуттардың, қорғалатын аймақтардың, аумақтарды пайдалану шарттары айрықша аймақтардың, осы шартқа 1-қосымшада көрсетілетін өзге де ауыртпалықтардың болуына байланысты шектеулерді сақтауға;
Тармақша 9
9) қоршаған ортаға зиян келтірілген жағдайда дереу мекемеге және уәкілетті органдарға оны оқшаулау және салдарын жою, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен залалды өтеу жөнінде шаралар қабылданғаны туралы хабарлауға;
Тармақша 10
10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асыруға міндетті.
Тармақ 13
13. Жер учаскелерін пайдалану мерзімі аяқталғаннан кейін, сондай-ақ тараптардың келісімімен пайдаланушының бастамасы бойынша (учаскені пайдалану мақсатқа сай болмай қалған, жобаны орындау мүмкін болмаған, қаржыландыру көзінен айырылған жағдайларда) тараптар кемінде 30 (отыз) күн бұрын хабардар етіліп шарт бұзылған жағдайда (жазбаша ресімдеп, салыстыру актісімен) пайдаланушыда мынадай міндеттемелер туындайды:
Тармақша 1
1) шарттың қолданылуы тоқтатылған немесе ол бұзылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде мекемемен жер учаскелерінің аумағынан пайдаланушының мүлкін әкету және оларды рекультивациялау жобасының талаптарына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келетін жағдайға келтіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын келісу;
Тармақша 2
2) егер рекультивация жобасында және (немесе) тараптардың келісімінде өзгеше мерзімдер белгіленбесе, шарт бұзылғаннан немесе оның қолданылуы тоқтатылғаннан кейін күнтізбелік бір айдан кешіктірмей жер учаскелерінің аумағынан жылжымалы мүлікті әкетуді, сондай-ақ жылжымайтын мүлікті бөлшектеуді және әкетуді жүзеге асыру;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 2 тамыздағы № 289 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33250 болып тіркелген) Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобаларын әзірлеу жөніндегі нұсқаулыққа, осы шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын рекультивациялау жобасына сәйкес осы жобада белгіленген мерзімде жер учаскелерін рекультивациялау жөніндегі кешенді іс-шараларды жүзеге асыру.
Тармақ 14
14. Пайдаланушының Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын ескере отырып, осы шарт бойынша құқықтары мен міндеттемелерін үшінші тұлғаларға (оның ішінде талап ету құқығын беруге, қосалқы жалға (қосалқы жер пайдалануға) мекеме мен үйлестіру кеңесінің алдын ала жазбаша келісімінсіз беруге құқығы жоқ (құқықтарды өзгеге беруді келісу кезінде экологиялық салдар қайта бағалануға тиіс және қажет болған жағдайда үйлестіру кеңесінің жаңа шешімін алу қажет).
Тармақ 15
15. Мекеме:
Тармақша 1
1) пайдаланушының жылжымайтын мүлкін сыйға тарту шарты бойынша өз меншігіне қабылдауға;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында өзге мерзім көзделмесе, пайдаланушыны шартты бұзу болжанған күнге дейін кемінде күнтізбелік 30 (отыз) күн бұрын жазбаша хабардар етіп, жер пайдалану шартын біржақты тәртіппен бұзуға құқылы.
Тармақ 16
16. Мекеме Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларынан туындайтын өз құқықтары мен міндеттемелерін жүзеге асырады, оған мынадай өкілеттіктер кіреді:
Тармақша 1
1) осы шарт шеңберінде пайдаланушыға берілген жер учаскелерінің аумағына, осы жер учаскелерінде орналасқан кез келген ғимарат пен құрылысжайға Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын пайдаланушының сақтауын бақылау мақсатында кедергісіз кіру;
Тармақша 2
2) жер учаскелерін нысаналы мақсаты бойынша пайдалану талаптарын пайдаланушының сақтауын бақылауды жүзеге асыру.
Пайдаланушының қызметін мемлекеттік реттеу процесінде мекеме мен оның лауазымды тұлғалары тарапынан оның заңды қызметін жүзеге асыруға кедергі болмауға тиіс, бұл ретте пайдаланушы осы шарттың талаптары мен Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауы шарт.
Тарау 3. 3. Тараптардың жауапкершілігі
3. Тараптардың жауапкершілігі
Тармақ 17
17. Тараптар осы шартқа және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес осы шарттың талаптарының толық немесе дұрыс орындалуына жауапты болады.
Тармақ 18
18. Табиғи кешендерге зиян келтірілген жағдайда пайдаланушыға Қазақстан Республикасының Экология кодексіне сәйкес материалдық жауапкершілік жүктеледі және ол зиянды толық көлемде өтейді.
Тарау 4. 4. Еңсерілмейтін күш мән-жайлары
4. Еңсерілмейтін күш мән-жайлары
Тармақ 19
19. Егер шарттың қандай да бір міндеттемелерінің орындалмауы немесе тиісінше орындалмауы еңсерілмейтін күш мән-жайларынан туындаса, онда тараптардың ешқайсысы оларды орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауапты болмайды.
Тармақ 20
20. Еңсерілмейтін күш мән-жайлары тараптар болжай алмайтын және осы шарттың орындалуына тікелей әсер ететін төтенше және тойтаруға болмайтын мән-жайлар, оның ішінде дүлей құбылыстар, соғыс қимылдары және өзге де осындай мән-жайлар болып табылады.
Мұндай мән-жайларға, атап айтқанда, нарықта орындау үшін қажетті тауарлардың, жұмыстардың немесе қызметтердің болмауы жатпайды.
Тармақ 21
21. Еңсерілмейтін күш мән-жайлары туындаған жағдайда олардан зардап шеккен тарап бұл туралы екінші тарапты еңсерілмейтін күш мән-жайлары басталған күнін және сипаттамасын көрсетіп жазбаша хабарлама жіберу арқылы дереу хабардар етеді.
Тармақ 22
22. Еңсерілмейтін күш мән-жайлары туындаған кезде тараптар орын алып отырған жағдайдан шығудың амалын іздестіру үшін дереу келіссөзер жүргізеді және еңсерілмейтін күш мән-жайларының зардаптарын барынша азайту үшін барлық құралдарды пайдаланады.
Тармақ 23
23. Еңсерілмейтін күш мән-жайлары тиісті құзыретті мемлекеттік органдар мен ұйымдардың құжаттарымен тасталуға тиіс.
Тарау 5. 5. Ерекше талапшарттар
5. Ерекше талапшарттар
Тармақ 24
24. Кезекті немесе кезектен тыс орман баптау жүргізілгеннен кейін және объектілерге құқықтар үшінші тұлғаға берілгеннен кейін осы шарт қайтадан жасалуға немесе оған өзгерістер мен толықтырулар енгізілуге тиіс.
Тармақ 25
25. Осы шартқа енгізілетін барлық өзгерістер мен толықтырулар үйлестіру кеңесімен келісіліп, жазбаша нысанда жасалуға, тараптар қол қоюға тиіс.
Тармақ 26
26. Осы шартта көрсетілген барлық қосымшалар, осы шартқа өзгерістер мен толықтырулар оның ажырамас бөлігі болып табылады.
Тармақ 27
27. Жобада және жоспарланған іс-шараларда өзгеріс болған жағдайда пайдаланушы өзгеріс енгізу болжанған күнге дейін кемінде 5 (бес) жұмыс күні бұрын мекеменің атына ресми хат жібереді. Өзгерістер мекеменің және үйлестіру кеңесінің (қажет болған жағдайда) жазбаша келісімін алғаннан кейін ғана жүзеге асырылады.
Тармақ 28
28. Тараптардың кез келгенінің жер учаскелерін пайдалануға, пайдалану шарттарын өзгертуге, жұмыстарды тоқтатуға қатысты осы шартта көзделген келісу рәсімін сақтамай біржақты тәртіппен әрекет етуі шартты бұзу деп танылады.
29. Шарттың қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін жер учаскелерінде пайдаланушы тұрғызған барлық құрылыс объектілері қабылдау-беру актісі бойынша мекемеге өтеусіз беріледі не пайдаланушы оны бөлшектеп әкетіп, осы шартта көзделген тәртіппен табиғи кешендерге зиян келтірмей, жер учаскелерін рекультивациялау жобасына және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін жағдайға келтіріледі.
Тарау 6. 6. Дауларды шешу тәртібі
6. Дауларды шешу тәртібі
Тармақ 30
30. Осы шарт бойынша тараптар арасындағы барлық дау келіссөздер арқылы сотқа дейінгі тәртіппен реттелуге тиіс.
Тармақ 31
31. Келісімге қол жеткізілмеген жағдайда дау Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен соттың қарауына беріледі.
Тарау 7. 7. Шарттың қолданылуы
7. Шарттың қолданылуы
Тармақ 32
32. Осы шарт 3 данада жасалды: пайдаланушы мен мекеме үшін бір данадан және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы үшін 1 дана. Барлық 3 дананың заңды күші бірдей.
Тармақ 33
33. Шарт мемлекеттік және орыс тілдерінде ___ жыл мерзімге жасалған және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамында тіркелген сәттен бастап күшіне енеді.
Тарау 8. 8. Тараптардың заңды мекенжайлары мен деректемелері
8. Тараптардың заңды мекенжайлары мен деректемелері
Мекеме
________________________________
(лауазымы, аты, әкесінің аты
(бар болса), тегі)
________________________________
заңды тұлғаның толық атауы
________________________________
Орналасқан жері _________________
Е/шот __________________________
_______________________________
(қолтаңбасы)
М. О.
Пайдаланушы
________________________________
(лауазымы, аты, әкесінің аты
(бар болса), тегі)
________________________________
заңды тұлғаның толық атауы
________________________________
Орналасқан жері _________________
Е/шот __________________________
________________________________
(қолтаңбасы)
М. О.
___________________________
Басқа 1.1. Ұзақ мерзімді пайдалануға берілетін учаскелердің тізбесі
Сейсмологиялық станциялар желілерін кеңейту, гидротехникалық құрылысжайларды және сел ағындарынан, қар көшкіндерінен, көшкіндерден қорғайтын өзге де қорғаныш құрылысжайларын салу үшін ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың учаскелерін ұзақ мерзімді пайдалану туралы шартқа
1-қосымша
Ұзақ мерзімді пайдалануға берілетін учаскелердің тізбесі
Жер учаскесінің орналасқан жері: «_________» РММ ___________ филиалы, ___________ орманшылығы.
Р/с
Жер учаскесінің кадастрлық нөмірі
Жер учаскесінің ауданы
Қосымша ақпарат
___________________________
Басқа 1.2. Ұзақ мерзімді пайдалануға берілетін учаскелердің орналасу схемасы
Сейсмологиялық станциялар желілерін кеңейту, гидротехникалық құрылысжайларды және сел ағындарынан, қар көшкіндерінен, көшкіндерден қорғайтын өзге де қорғаныш құрылысжайларын салу үшін ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың учаскелерін ұзақ мерзімді пайдалану туралы шартқа
2-қосымша
Ұзақ мерзімді пайдалануға берілетін учаскелердің орналасу схемасы
___________________________
Басқа 1.3. Ұзақ мерзімді пайдалануға берілетін учаскелердің таксациялық сипаттамасы
Сейсмологиялық станциялар желілерін кеңейту, гидротехникалық құрылысжайларды және сел ағындарынан, қар көшкіндерінен, көшкіндерден қорғайтын өзге де қорғаныш құрылысжайларын салу үшін ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың учаскелерін ұзақ мерзімді пайдалану туралы шартқа
3-қосымша
Ұзақ мерзімді пайдалануға берілетін учаскелердің таксациялық сипаттамасы
___________________________