О признании утратившими силу некоторых приказов Министра по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 27-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Кадр және тәрбие жұмысы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі
Басқа 7. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушы 2026 жылғы 22 қаңтардағы № 25 бұйрығына қосымша Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп тану туралы
Тармақ 1
1. «Азаматтық қорғау органдары лауазымдарының санаттарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі міндетін атқарушысының 2023 жылғы 17 мамырдағы № 255 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32519 болып тіркелген).
Тармақ 2
2. «Азаматтық қорғау органдары лауазымдарының санаттарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі міндетін атқарушысының 2023 жылғы 17 мамырдағы № 255 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2023 жылғы 22 желтоқсандағы № 696 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33797 болып тіркелген).
Тармақ 3
3. «Азаматтық қорғау органдары лауазымдарының санаттарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі міндетін атқарушысының 2023 жылғы 17 мамырдағы № 255 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2025 жылғы 14 наурыздағы № 89 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35829 болып тіркелген).