О признании утратившими силу некоторых решений Бородулихинского районного маслихата Қолданыста
Басқа 0
Бородулиха аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 27-бабының 2-тармағына сәйкес Бородулиха аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Бородулиха аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
Тармақша 1
1) Бородулиха аудандық мәслихатының 2024 жылғы 24 қазандағы № 23-4-VIII «Бородулиха ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 361-18 болып тіркелген) шешімі;
Тармақша 2
2) Бородулиха аудандық мәслихатының 2025 жылғы 28 наурыздағы № 31-8-VIII «Бородулиха аудандық мәслихатының 2024 жылғы 24 қазандағы № 23-4-VIII «Бородулиха ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» шешіміне толықтыру енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 432-18 болып тіркелген) шешімі.
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.