О признании утратившими силу некоторых решений Бурабайского районного маслихата Қолданыста
Басқа 0
Бурабай аудандық мәслихатының кейбір шешімдердің күші жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Бурабай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Бурабай аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Басқа 1. Бурабай аудандық мәслихатының күші жойылды деп танылған
кейбір шешімдерінің тізбесі
Бурабай аудандық мәслихатының
2026 жылғы 13 ақпандағы
№ 8С-40/1 шешіміне
қосымша
Бурабай аудандық мәслихатының күші жойылды деп танылған
кейбір шешімдерінің тізбесі
Тармақша 1
1) «Бурабай ауданында автотұрақтар (паркингтер) санаттарын белгілеу және автотұрақтар (паркингтер) орналасқан жерге арналған базалық салық мөлшерлемесін ұлғайту туралы» Бурабай аудандық мәслихатының 2017 жылғы 14 ақпандағы № 6С-12/3 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5803 болып тіркелген);
Тармақша 2
2) «Бурабай аудандық мәслихатының 2017 жылғы 14 ақпандағы № 6С-12/3 «Бурабай ауданында автотұрақтар (паркингтер) санаттарын белгілеу және автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге салынатын салықтың базалық мөлшерлемелерін ұлғайту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Бурабай аудандық мәслихатының 2018 жылғы 30 қаңтардағы № 6С-24/3 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6409 болып тіркелген);
Тармақша 3
3) «Бурабай ауданының елді мекендерінің жерлерін аймақтарға бөлу жобаларын (схемаларын) бекіту және жер салығының мөлшерлемелерін, салық мөлшерлемелерін түзету туралы» Бурабай аудандық мәслихатының 2022 жылғы 30 қарашадағы № 7С-31/1 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30895 болып тіркелген);
Тармақша 4
4) «Мөлшерлеме мөлшерін төмендету туралы» Бурабай аудандық мәслихатының 2024 жылғы 27 наурыздағы № 8С-15/2 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8722-03 болып тіркелген).