Об объявлении чрезвычайной ситуации техногенного характера местного масштаба Қолданыста
Басқа 0
Жергілікті масштабтағы техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғау туралы» Заңының 48, 50-баптарына, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 10 мамырдағы № 240 «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды сыныптауды белгілеу туралы» бұйрығына, Ақкөл ауданының төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі аудандық комиссиясының 2026 жылғы 2 ақпандағы кезектен тыс отырысының №3 хаттамасына сәйкес, Ақкөл ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Ақкөл қаласындағы кәріз және су құбыры желілері мен құрылыстарында техногендік сипаттағы төтенше жағдайдың туындауының алдын алу мақсатында, оның ішінде тыныс-тіршілігінің бұзылуына әкеп соғуы мүмкін, атап айтқанда, халықты саны 100-ден астам, бірақ 500-ден аспайтын ауыз сумен қамтамасыз ету, Ақкөл қаласының аумағында жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
Тармақ 2
2. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жою мақсатында, оның ішінде Ақкөл қаласындағы тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінде Ақкөл қаласындағы өрт депосын қайта жаңартуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Ақкөл ауданы әкімінің орынбасары - С.Е. Кенжетай төтенше жағдайды жою жөніндегі басшы болып тағайындалсын.
Тармақ 4
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау өзімде қалдырамын.
Тармақ 5
5. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.