О ставках налога на земли, выделенные под автостоянки (паркинги) Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.02.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге салық ставкалары туралы Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 581-бабының 3-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын басшылыққа ала отырып, қалалық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Автотұрақтарға (паркингтерге) бөлінген жерлерге салынатын салықтың базалық мөлшерлемелері ұлғайтылсын: 1-санат – жабық типтегі жерүсті автотұрақтар, ашық типтегі автотұрақтар. Мөлшерлеме 10 есеге ұлғайтылсын; 2-санат – өзге мақсаттағы ғимараттарға жапсарлас салынған автотұрақтар, өзге мақсаттағы ғимараттарға кіріктірілген автотұрақтар. Мөлшерлеме 9 есеге ұлғайтылсын; 3-санат – ғимараттардың астында орналасқан жерасты, жертөле, цоколь қабаттарында немесе төменгі жерүсті қабаттарында орналасқан автотұрақтар. Мөлшерлеме 8 есеге ұлғайтылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.