Об утверждении Правил об организации деятельности Попечительского совета организации образования Күшін жойған
Басқа 0
Білім беру ұйымының қамқоршылық кеңесі қызметін ұйымдастыру туралы ережені бекіту туралы
"Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 34-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН :
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Білім беру ұйымының қамқоршылық кеңесі қызметін ұйымдастыру туралы ереже бекітілсін.
Тармақ 2
2. Орта білім департаменті (С.Б.Есбосынова) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынсын.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
Тармақ 4
4. Облыстық, Астана, Алматы қалаларының білім басқармалары (департаменттері) аталған бұйрықты білім беру ұйымдарының барлық аудандық, қалалық бөлімдеріне жеткізсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Білім және ғылым бірінші вице-министрі Г.Н.Гамарникке жүктелсін.
Басқа 0. Білім беру ұйымының қамқоршылық кеңесі қызметін ұйымдастыру ЕРЕЖЕСІ
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2004 жылғы 16 қарашадағы
N 923 бұйрығымен
бекітілген
Білім беру ұйымының қамқоршылық кеңесі қызметін ұйымдастыру ЕРЕЖЕСІ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Білім беру ұйымының қамқоршылық кеңесі қызметін ұйымдастыру туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленген.
Тармақ 2
2. Білім беру ұйымының қамқоршылық кеңесі (бұдан әрі - Қамқоршылық кеңес) - білім беру ұйымын алқалы басқару нысаны болып табылатын сайланбалы орган.
Тармақ 3
3. Қамқоршылық кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының заңнамасын, осы Ережелерді, сондай-ақ білім беру ұйымының жарғысын басшылыққа алады.
Тармақ 4
4. Қамқоршылық кеңес білім беру ұйымының әкімшілігімен, ата-аналар, студенттер (оқушылар) комитеттерімен, жергілікті өкілдікті және атқарушы органдармен, мүдделі ведомствалармен және басқа ұйымдармен өзара қарым-қатынаста болады.
Тармақ 5
5. Қамқоршылық кеңес мүшелерінің өз қызметтерін орындауы өтеусіз негізде жүзеге асырылады.
Тарау 2. 2. Қамқоршылық кеңесінің құрамы, құрылымы және жұмыс істеуі
2. Қамқоршылық кеңесінің құрамы, құрылымы және жұмыс істеуі
Тармақ 6
6. Қамқоршылық кеңес аталған білім беру ұйымының құрылтайшысы, қызметкерлері және білім алушылардың ата-аналарының бастамасы бойынша жалпы жиналыста құрылуы мүмкін.
Тармақ 7
7. Қамқоршылық кеңесінің құрамына:
Тармақша 1
1) Қамқоршылық кеңес құрылатын білім беру ұйымының басшысы;
Тармақша 2
2) басқа білім беру ұйымдары, басқару органдарының өкілдері;
Тармақша 3
3) жұмыс берушілер мен әлеуметтік әріптестер;
Тармақша 4
4) қоғамдық ұйымдардың, қорлардың, қауымдастықтардың өкілдері;
Тармақша 5
5) ірі демеушілер кіруі мүмкін.
Тармақ 8
8. Қамқоршылық кеңесінің құрамы 3 жыл мерзімге сайланады. Қажет болған жағдайда жалпы жиналыстың шешімімен оның құрамына жекелеген өзгерістер енгізілуі мүмкін.
Тармақ 9
9. Қамқоршылық кеңесінің мәжілісінде сайланатын оның төрағасы Қамқоршылық кеңесінің басшысы болып табылады. Төраға Қамқоршылық кеңесінің атынан арнайы өкілдіксіз әрекет етеді, оны білім беру ұйымының, мемлекеттік органдар және басқа да тараптар алдында таныстырады. Төраға Қамқоршылық кеңесінің жұмысын ұйымдастырады және оның қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы Ережелерге сәйкес қамтамасыз етеді.
Тармақ 10
10. Қамқоршылық кеңес төрағасының орынбасарын төрағаның ұсынысы бойынша Қамқоршылық кеңес сайлайды. Орынбасардың қызметін төраға анықтайды.
Тармақ 11
11. Жауапты хатшыны төрағаның ұсынысы бойынша Қамқоршылық кеңес сайлайды және Қамқоршылық кеңестің іс-қағаздарын жүргізуге жауап береді.
Тармақ 12
12. Қамқоршылық кеңесінің отырыстары оның жұмыс жоспарына сәйкес, жылына кемінде бір рет өткізіледі. Жоспардан тыс отырыстар қажеттілікке қарай Қамқоршылық кеңесі төрағасының шешімімен немесе Қамқоршылық кеңесінің төрттен бір мүшелерінің талаптары бойынша өткізіледі.
Тармақ 13
13. Қамқоршылық кеңес егер оның мүшелерінің кемінде 2/3 отырысқа қатысса шешім қабылдауға құқылы. Қамқоршылық кеңестің шешімі ашық дауыспен оның қатысып отырған мүшелерінің басым көбінің дауысымен қабылданады.
Тармақ 14
14. Қамқоршылық кеңесінің шешімі консультациялық және ұсыныстық сипатта болады.
Тармақ 15
15. Қамқоршылық кеңесі қызметінің мақсаттары:
Тармақша 1
1) білім беру ұйымына оның жарғылық қызметтерін жүзеге асыруға жәрдемдесу;
Тармақша 2
2) білім беру бағдарламаларын ойдағыдай жүзеге асыру мақсатында білім беру ұйымының оқушылары мен педагог ұжымына қажетті жағдайлар жасау;
Тармақша 3
3) білім беру ұйымына қаржылық көмек көрсету, материалдық-техникалық базасын жақсартуды қамтамасыз ету;
Тармақша 4
4) білім беру ұйымының әрі қарай дамуына жәрдемдесу.
Тармақ 16
16. Қамқоршылық кеңес қызметінің негізгі бағыттары:
Тармақша 1
1) білім беру ұйымына әлеуметтік-мәдени, сауықтыру және дамытушы іс-шараларды өткізуде көмек көрсетеді;
Тармақша 2
2) тәрбие мен оқыту саласында халықаралық ынтымақтастықты орнату мен дамытуға жәрдемдеседі;
Тармақша 3
3) халықтың әлеуметтік осал жіктерінен шыққан оқушыларға білім алуға, тұрғын жайларын жақсартуға және еңбекпен қамтуға жәрдемдеседі;
Тармақша 4
4) білім беру ұйымының қызметіндегі кемшіліктерді жоюға бағытталған ұсыныстар енгізеді.
Тарау 3. 3. Қамқоршылық кеңестің қызметін тоқтатуы
3. Қамқоршылық кеңестің қызметін тоқтатуы
Тармақ 17
17. Қамқоршылық кеңестің қызметі:
Тармақша 1
1) Қамқоршылық кеңестің бастамасы бойынша;
Тармақша 2
2) білім беру ұйымын таратуға және қайта ұйымдастыруға байланысты жүзеге асырылады.