О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата Сарыкольского района Қолданыста
Басқа 0
Сарыкөл ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабына сәйкес Сарыкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Сарыкөл ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
Тармақша 1
1) Сарыкөл ауданы әкімдігінің «Сарыкөл ауданының жергілікті атқарушы органдарының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» 2023 жылғы 26 мамырдағы № 109;
Тармақша 2
2) Сарыкөл ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 26 мамырдағы № 109 «Сарыкөл ауданының жергілікті атқарушы органдарының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Сарыкөл ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 10 шілдедегі № 147.
Тармақ 2
2. «Сарыкөл ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
Тармақша 2
2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Сарыкөл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Сарыкөл ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 9. Сарыкөл ауданы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі
Қосымша
әкімдіктің қаулысына
2026 жыл «___» __________
№ ____
Сарыкөл ауданы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі
Тармақша 1
1) Сарыкөл ауданы әкімдігінің «Сарыкөл ауданының жергілікті атқарушы органдарының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» 2023 жылғы 26 мамырдағы № 109 қаулысы;
Тармақша 2
2) Сарыкөл ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 26 мамырдағы № 109 «Сарыкөл ауданының жергілікті атқарушы органдарының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Сарыкөл ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 10 шілдедегі № 147 қаулысы.