Об установлении стимулирующих надбавок к должностным окладам педагогов коммунального государственного учреждения «Центр психологической поддержки» Управления образования Мангистауской области Қолданыста
Басқа 0
Маңғыстау облысының білім басқармасының «Психологиялық қолдау
орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі педагогтарының
лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемақыларын белгілеу
туралы
«Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193 қаулысының 5-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Маңғыстау облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Ынталандыру үстемақылары белгіленсін:
Маңғыстау облысының білім басқармасының «Психологиялық қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің педагогтарына - 30 (отыз) пайыз мөлшерінде.
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.