Об установлении публичного сервитута Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.12.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жария сервитут белгілеу туралы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабына, 69-бабының 4-тармағына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабының 6-тармағына сәйкес ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. «Қостанай облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ газ құбырын пайдалану мақсатында Рудный қаласы, Қашар кенті мекенжайында орналасқан ауданы 2,6383 гектар жер учаскесіне жария сервитут белгіленсін.
Тармақ 2
2. «Қашар кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін «Қашар кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің интернет-ресурсында орналастырсын.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғашқы жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.