Об утверждении типовой конкурсной документации по приобретению услуги по предоставлению права на сообщение для всеобщего сведения по кабелю или передачи в эфир объектов авторского права и (или) смежных прав Қолданыста
Басқа 0
Авторлық құқық және (немесе) сабақтас құқықтар объектілерін кәбіл арқылы немесе эфирде жалпыға бірдей хабарлау құқығын беру
жөніндегі көрсетілетін қызметті сатып алуға арналған үлгілік конкурстық құжаттаманы бекіту туралы
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Авторлық құқық және (немесе) сабақтас құқықтар объектілерін кәбіл арқылы немесе эфирде жалпыға бірдей хабарлау құқығын беру жөніндегі көрсетілетін қызметті сатып алуға арналған қоса беріліп отырған үлгілік конкурстық құжаттама бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты оның ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
Басқа 0. Авторлық құқық және (немесе) сабақтас
құқықтар объектілерін кәбіл арқылы немесе эфирде жалпыға бірдей
хабарлау құқығын беру жөніндегі көрсетілетін қызметті сатып алуға
арналған үлгілік конкурстық құжаттама
Қазақстан Республикасы
Әділет министрі
2026 жылғы
17 ақпандағы
№ 168 Бұйрығымен
бекітілген
Бекітемін:
___________________________
___________________________
(Тапсырыс берушінің толық атауы
(бірыңғай ұйымдастырушы)
___________________________
___________________________
(конкурстық құжаттаманы
бекіткен тұлғаның Т.А.Ә.
(бар болса)
Шешім № ___ күні
Авторлық құқық және (немесе) сабақтас
құқықтар объектілерін кәбіл арқылы немесе эфирде жалпыға бірдей
хабарлау құқығын беру жөніндегі көрсетілетін қызметті сатып алуға
арналған үлгілік конкурстық құжаттама
Тарау 1
1-тарау. Жалпы ережелер
______________________________________________________________________
(сатып алу нысанасының түрі)
____________________________________________________________________
(конкурстың атауы)
Тапсырыс беруші (тапсырыс берушімен бір тұлға ретінде әрекет ететін
ұйымдастырушылар үшін көрсетілмейді)
_________________________________________________________________
(атауы, орналасқан жері, БСН көрсетіледі)
Тапсырыс берушінің өкілі (тапсырыс берушімен бір тұлға ретінде әрекет ететін
ұйымдастырушылар үшін көрсетілмейді)
____________________________________________________________________
(Т.А.Ә. (бар болса), ЖСН, лауазымы, телефоны, e-mail көрсетіледі)
Ұйымдастырушы (бірыңғай ұйымдастырушы)
_____________________________________________________________________
(атауы, орналасқан жері, БСН көрсетіледі)
Ұйымдастырушының өкілі (бірыңғай ұйымдастырушының)
____________________________________________________________________
(Т.А.Ә. (бар болса), ЖСН, лауазымы, телефоны, e-mail көрсетіледі)
Конкурстық комиссияның хатшысы
____________________________________________________________________
(Т.А.Ә. (бар болса), лауазымы, телефоны, e-mail көрсетіледі)
Тармақ 1
1. Конкурс қоса беріліп отырған лоттар тізбесіне сәйкес өнім берушіні (лерді) таңдау мақсатында өткізіледі.
Тармақ 2
2. Осы Үлгілік конкурстық құжаттама (бұдан әрі – КҚ) мыналарды қамтиды:
Тармақша 1
1) осы КҚ-ға 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына сәйкес лоттардың тізбесі және көрсетілетін қызметтерді сатып алу шарттары;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 9 қазандағы № 687 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» қағидалардың 4-қосымшасымен бекітілген конкурсқа қатысу туралы келісім (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35238 болып тіркелген) (бұдан әрі – Мемлекеттік сатып алу қағидалары);
Тармақша 3
3) Мемлекеттік сатып алу қағидаларының 4-қосымшасымен бекітілген әлеуетті өнім берушінің конкурстық баға ұсынысының нысаны;
Тармақша 4
4) осы КҚ-ға 2-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде әлеуетті өнім берушіге қойылатын біліктілік талаптарының нысаны;
Тармақша 5
5) Мемлекеттік сатып алу қағидаларының 4-қосымшасымен бекітілген қызметтерді көрсету үшін әлеуетті өнім берушінің біліктілігі туралы мәліметтер нысаны;
Тармақша 6
6) осы КҚ-ға 3-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметтерді сатып алу жөніндегі техникалық ерекшеліктің нысаны;
Тармақша 7
7) Мемлекеттік сатып алу қағидаларының 4-қосымшасымен бекітілген көрсетілетін қызметтерді көрсету бойынша қосалқы мердігерлер (көрсетілетін қызметтерді көрсету кезінде бірлесіп орындаушылар) туралы мәліметтер нысанын, сондай-ақ әлеуетті өнім берушімен бірлесіп орындаушыларға беретін қызмет түрлері;
Тармақша 8
8) үлгілік нысандар:
осы КҚ-ға 4-қосымшаға сәйкес авторлық құқық объектілерін кәбіл арқылы немесе эфирде жалпыға бірдей хабарлау құқығын беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарт;
осы КҚ-ға 5-қосымшаға сәйкес сабақтас құқықтар объектілерін кәбіл арқылы немесе эфирде жалпыға бірдей хабарлау құқығын беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарт.
Тармақ 3
3. Көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша осы конкурсқа бөлінген сома__________________________________ теңге. Осы конкурсқа бөлінген сома лоттар бөлінісінде мынаны құрайды:
лот №
Көрсетілетін қызмет атауы
Лот бойынша бөлінген сома (теңге)
(лот №)
(көрсетілетін қызмет атауы)
(лот бойынша бөлінген сома __)
(лот №)
(көрсетілетін қызмет атауы)
(лот бойынша бөлінген сома __)
Тармақ 4
4. Конкурсқа қатысуға өтінімді және Шартты орындауды қамтамасыз ету талап етілмейді.
Тарау 2
2-тарау. Конкурстық құжаттама жобасын алдын ала талқылау, сондай-ақ конкурстық құжаттаманың ережелерін ұйымдастырушы немесе тапсырыс беруші тарапынан түсіндіру
Тармақ 5
5. Әлеуетті өнім берушілер КҚ жобасына ескертулерді, сондай-ақ КҚ ережелерін түсіндіру туралы сұрау салуларды веб-портал арқылы тапсырыс берушіге, ұйымдастырушыға, бірыңғай ұйымдастырушыға мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей жібере алады.
Тармақ 6
6. КҚ жобасына ескертулер, сондай-ақ мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде КҚ ережелерін түсіндіру туралы сұрау салулар болмаған кезде КҚ бекітілген болып есептеледі.
Тармақ 7
7. КҚ ережелерін түсіндіру туралы ескертулер, сондай-ақ сұрау салулар болған кезде тапсырыс беруші, ұйымдастырушы КҚ алдын ала талқылау мерзімі өткен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде мынадай шешімдер қабылдайды:
Тармақша 1
1) КҚ жобасына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді;
Тармақша 2
2) КҚ жобасына ескертулерді олардың ауытқу себептерінің негіздемелерін көрсете отырып қабылдамайды;
Тармақша 3
3) КҚ ережелеріне түсініктеме береді.
КҚ жобасына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайда, КҚ-ны бекіту сияқты тәртіппен веб-порталда өзгертілген КҚ-ны бекіту туралы шешім қабылданады.
Осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көзделген шешімдер қабылданған күннен бастап КҚ бекітілген болып есептеледі.
Тармақ 8
8. Ұйымдастырушы КҚ бекітілген күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей веб-порталда КҚ жобасын алдын ала талқылау хаттамасын орналастырады.
ҚК жобасына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайда ұйымдастырушы КҚ-ны алдын ала талқылау хаттамасымен бірге КҚ жобасын алған веб-порталға қатысушы әлеуетті өнім берушілерді автоматты түрде хабардар ете отырып, КҚ-ның бекітілген мәтінін орналастырады.
Тармақ 9
9. КҚ жобасын алдын ала талқылау хаттамасында КҚ жобасына келіп түскен ескертулер және олар бойынша қабылданған шешімдер туралы ақпарат болады.
Тармақ 10
10. КҚ жобасына ескертулерді қабылдамау туралы шешім қабылданған жағдайда, оларды қабылдамау себептерінің толық негіздемесі КҚ жобасын алдын ала талқылау хаттамасында көрсетіледі.
Тармақ 11
11. Веб-портал арқылы КҚ ережелерін түсіндіру туралы әлеуетті өнім берушілердің сұрау салулары келіп түскен кезде КҚ ережелерін түсіндіру мәтіні КҚ жобасын алдын ала талқылау хаттамасында көрсетіледі.
Тармақ 12
12. Алдын ала талқылау нәтижелері бойынша тапсырыс берушінің қабылдаған шешімі «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңында (бұдан әрі – Заң) белгіленген тәртіппен шағымдануы мүмкін.
Тарау 3
3-тарау. Әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімді ресімдеуіне және ұсынуына қойылатын талаптар
Тармақ 13
13. Конкурсқа қатысуға өтінім веб-портал арқылы электрондық құжат нысанында беріледі және үміткер әлеуетті өнім берушінің осы КҚ-да көзделген талаптар мен шарттарға сәйкес қызмет көрсетуге келісімін, сондай-ақ әлеуетті өнім берушінің Заңның 7-бабында белгіленген біліктілік талаптары мен шектеулеріне сәйкестігін растайтын мәліметтерді алуға келісімі болып табылады.
Тармақ 14
14. Әлеуетті өнім беруші өтінімді қалыптастыру алдында Мемлекеттік сатып алу қағидаларының 4-қосымшасымен бекітілген конкурсқа қатысу туралы келісімді қабылдайды.
Тармақ 15
15. Конкурсқа қатысуға өтінім мыналарды қамтиды:
Тармақша 1
1) әлеуетті өнім берушінің біліктілік талаптарына сәйкестігін растау үшін ұсынылатын, электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған құжаттардың электрондық көшірмелері не электрондық құжаттар, оның ішінде:
әлеуетті өнім берушінің көрсетілетін қызметтерді көрсетуге құқығын растайтын куәліктер мен өзге де құжаттар;
Мемлекеттік сатып алу қағидаларының 4-қосымшасымен бекітілген мемлекеттік сатып алу процесіне қатысуға арналған біліктілік туралы мәліметтер;
конкурс шеңберінде сатып алу нысанасы болып табылатын қызметтерді көрсету бойынша қосалқы мердігерлер (бірлесіп орындаушылар) туралы мәліметтер, Мемлекеттік сатып алу қағидаларының 4-қосымшасымен бекітілген, сондай-ақ әлеуетті өнім берушінің көрсетілетін қызметтердің жалпы көлемінің жиынтығында отыз пайызынан астамын бірлесіп орындаушыларға қосымша орындауға беруге тыйым салу шарты.
Егер әлеуетті өнім беруші көрсетілетін қызметтерді бірлесіп орындаушыларды тартуды көздейтін болса, онда әлеуетті өнім беруші ұйымдастырушыға тартылатын бірлесіп орындаушылардың біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың электрондық көшірмелерін ұсынады;
Тармақша 2
2) ұлттық стандарттар көрсетілген техникалық ерекшелік, ал олар болмаған жағдайда сатып алынатын қызметтерге арналған мемлекетаралық стандарттар. Ұлттық және мемлекетаралық стандарттар болмаған кезде сатып алынатын қызметтердің функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамаларының сипаттамасы, оның ішінде тауар белгілеріне, қызмет көрсету белгілеріне, фирмалық атауларға, патенттерге, пайдалы модельдерге, өнеркәсіптік үлгілерге, көрсетілетін қызметтің шыққан жерінің атауы мен өндірушінің атауы және Қағидалардың 4-қосымшасында бекітілген нысандар бойынша өзге де сипаттамалар көрсетіледі қызметтер үшін мемлекеттік сатып алу.
Қажет болған жағдайда техникалық ерекшелікте нормативтік-техникалық құжаттама көрсетіледі;
Тармақша 3
3) Мемлекеттік сатып алу қағидаларының 4-қосымшасымен бекітілген электрондық құжат нысанындағы конкурстық баға ұсынысы.
Тармақ 16
16. Конкурстық өтінімнің қолданылу мерзімі конкурстық өтінімдер ашылған күннен бастап кемінде күнтізбелік алпыс күнді құрайды.
Тармақ 17
17. Конкурсқа қатысуға өтінімдегі құжаттардың электрондық көшірмелері кескіннің түсіне қарамастан анық және түсінікті болуы тиіс.
Тармақ 18
18. Конкурсқа қатысуға өтінім, сондай-ақ конкурсқа қатысуға өтінімге қатысты барлық хат-хабарлар мен құжаттар әлеуетті өнім берушінің таңдауы бойынша қазақ немесе орыс тілдерінде жасалады және ұсынылады.
Әлеуетті өнім беруші оларды басқа тілде жасаған және ұсынған жағдайда, оларға дәл (нотариалды куәландырылған) аударма қоса беріледі.
Тарау 4
4-тарау. Конкурсқа қатысуға өтінім беру тәртібі
Тармақ 19
19. Конкурсқа қатысуға өтінімді әлеуетті өнім беруші веб-портал арқылы ұйымдастырушыға ұсынады.
Тармақ 20
20. Әлеуетті өнім берушілер ұсынған конкурсқа қатысуға өтінімдер веб-порталда автоматты түрде тіркеледі.
Тармақ 21
21. Конкурсқа қатысуға өтінім веб-портал конкурсқа қатысуға өтінім берген өнім берушіге тиісті хабарламаны автоматты түрде жіберген уақытта қабылданған болып есептеледі.
Тармақ 22
22. Әлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысуға өтінімін веб-портал мынадай жағдайларда автоматты түрде қабылдамайды:
Тармақша 1
1) әлеуетті өнім беруші бұдан бұрын осы конкурсқа қатысуға өтінім бергенде;
Тармақша 2
2) конкурсқа қатысуға өтінім осы конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі өткеннен кейін веб-порталға келіп түскенде;
Тармақша 3
3) конкурстық баға ұсынысы осы қызметтерді сатып алу үшін бөлінген сомадан асқанда;
Тармақша 4
4) Заңның 7-бабы 1-тармағының 1), 3), 4), 5), 6) және 8) тармақшаларында көзделсе.
Тармақ 23
23. Әлеуетті өнім берушінің конкурстық баға ұсынысы теңгемен көрсетіледі.
Тарау 5
5-тарау. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді өзгерту және оларды кері қайтарып алу
Тармақ 24
24. Әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімдерді ұсыну мерзімі аяқталғаннан кешіктірмей енгізілген конкурсқа қатысуға өтінімді өзгерте және (немесе) толықтыра алады, сондай-ақ кері қайтарып ала алады.
Тармақ 25
25. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі өткеннен кейін конкурсқа қатысуға өтінімді кері қайтарып алу сияқты өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге жол берілмейді.
Тармақ 26
26. Әлеуетті өнім беруші оның конкурсқа қатысуына байланысты барлық шығындарды көтереді. Тапсырыс беруші, ұйымдастырушы, конкурстық комиссия, сараптама комиссиясы (сарапшы) конкурс қорытындыларына қарамастан, осы шығыстарды өтеу бойынша міндеттемелерді көтермейді.
Тарау 6
6-тарау. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді ашу
Тармақ 27
27. Веб-портал конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқталған күн мен уақыт басталғаннан кейін бес минут ішінде конкурсқа қатысуға өтінімдерді автоматты түрде ашады.
Егер конкурсқа (лотқа) конкурсқа (лотқа) қатысуға бір ғана өтінім ұсынылған жағдайда, онда мұндай өтінім де ашылады және қаралады.
Тармақ 28
28. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді ашу хаттамасын веб-портал ашу күні автоматты түрде орналастырады. Бұл ретте веб-портал Мемлекеттік сатып алу қағидаларына 20-қосымшаға сәйкес конкурстық комиссия мүшелеріне, веб-порталда автоматты түрде тіркелген әлеуетті өнім берушілерге автоматты хабарламалар жібереді.
Тарау 7
7-тарау. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау
Тармақ 29
29. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарауды біліктілік талаптары мен КҚ талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілерді айқындау мақсатында конкурстық комиссия жүзеге асырады.
Тармақ 30
30. Конкурстық комиссия:
Тармақша 1
1) конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарауды, бағалауды және салыстыруды жеңілдету үшін веб-портал арқылы әлеуетті өнім берушілерден олардың өтінімдеріне байланысты материалдар мен түсіндірмелерді сұратады;
Тармақша 2
2) конкурсқа қатысуға өтінімдердегі мәліметтерді нақтылау мақсатында жазбаша нысанда және (немесе) электрондық құжат нысанында тиісті жеке немесе заңды тұлғалардан, мемлекеттік органдардан қажетті ақпаратты сұратады.
Тармақ 31
31. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау қорытындылары бойынша конкурстық комиссия қорытындылар туралы хаттаманы ресімдейді.
Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтінімнің мәнін қозғамай түзетуге болатын грамматикалық немесе арифметикалық қателер болса, конкурсқа қатысуға өтінімді КҚ талаптарына жауап беретін ретінде қарайды.
Тармақ 32
32. Әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға жіберілмейді (конкурс қатысушысы деп танылмайды), егер:
Тармақша 1
1) оның және (немесе) оның бірлесіп орындаушысының біліктілік талаптарына сәйкес келмейтіні анықталған жағдайда;
Тармақша 2
2) Заңның 7-бабында көзделген мемлекеттік сатып алуға қатысуға байланысты шектеулер болса. Тармақшаларда көзделген мемлекеттік сатып алуға қатысуға байланысты шектеулер бойынша 1), 3), 4), 5), 6) және 8) Заңның 7-бабы 1-тармағының 8) әлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысуға өтінімін веб-портал автоматты түрде қабылдамауға тиіс. Заңның 7-бабы 1-тармағының 7), 9), 10) және 11) тармақшаларында көзделген мемлекеттік сатып алуға қатысуға байланысты шектеулер бойынша конкурстық комиссия ақпаратты тиісті уәкілетті органдардың интернет-ресурстарында қарайды;
Тармақша 3
3) оның конкурсқа қатысуға өтінімі КҚ талаптарына сәйкес келмейтіні анықталған жағдайда.
Тармақ 33
33. Конкурстық комиссия конкурс тәсілімен Мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттаманы қалыптастыру кезінде конкурсқа қатысуға бір өтінім ұсынылған жағдайларды қоспағанда, конкурсқа қатысуға өтінім берген әрбір әлеуетті өнім берушіге қатысты Мемлекеттік сатып алу қағидаларда көзделген өлшемшарттарға сәйкес шартты жеңілдіктерді айқындайды.
Тармақ 34
34. Конкурстық баға ұсынысына әсер ететін өлшемшарттарды есептеу тәртібі Мемлекеттік сатып алу қағидалармен айқындалады.
Тарау 8
8-тарау. Конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру, конкурс жеңімпазын анықтау
Тармақ 35
35. Конкурстық баға ұсынысын веб-портал біліктілік талаптары мен КҚ талаптарына сәйкестігі мәніне конкурсқа қатысуға өтінімді қарау қорытындылары бойынша автоматты түрде ашады.
Тармақ 36
36. Веб-портал конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын автоматты түрде бағалауды және салыстыруды жүргізеді:
Мемлекеттік сатып алу қағидаларына сәйкес анықталған демпингтік баға есептеледі;
конкурсқа қатысушылардың шартты бағалары салыстырылады, ең төмен шартты баға негізінде конкурс жеңімпазы, сондай-ақ ең төмен шартты бағадан кейінгі баға негізінде екінші орын алған әлеуетті өнім беруші айқындалады;
конкурстық баға ұсыныстарының шартты бағалары тең болған кезде жеңімпаз Мемлекеттік сатып алу қағидаларына сәйкес айқындалады.
Тармақ 37
37. Конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру нәтижелері конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттамада орналастырылады.
Тарау 9
9-тарау. Мемлекеттік сатып алу туралы шарт
Тармақ 38
38. Мемлекеттік сатып алу туралы шарт (бұдан әрі – шарт) Заңда және Мемлекеттік сатып алу қағидаларда көзделген жағдайларды қоспағанда, веб-портал арқылы тапсырыс беруші мен өнім беруші арасында электрондық цифрлық қолтаңбалармен куәландырылып жасалады.
Тармақ 39
39. Шарт жобасын жіберу, шарт жасасу тәртібі мен мерзімдері, сондай-ақ шартқа өзге де талаптар Мемлекеттік сатып алу қағидаларда айқындалады.
Басқа 1. Авторлық құқық және (немесе) сабақтас құқықтар объектілерін
кәбіл арқылы немесе эфирде жалпыға бірдей хабарлау құқығын беру
жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алудың лоттар тізбесі мен шарттары
Авторлық құқық объектілерін
және (немесе) сабақтас құқықтар
объектілерін кәбіл арқылы
немесе эфирде жалпыға
бірдей хабарлау құқығын
беру жөніндегі
көрсетілетін қызметтерді
сатып алу жөніндегі үлгілік
конкурстық құжаттамаға
1-қосымша
Авторлық құқық және (немесе) сабақтас құқықтар объектілерін
кәбіл арқылы немесе эфирде жалпыға бірдей хабарлау құқығын беру
жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алудың лоттар тізбесі мен шарттары
(бекітілген жылдық жоспар негізінде қалыптастырылады)
конкурс № _____________________________
Конкурстың атауы: авторлық құқық және (немесе) сабақтас құқықтар объектілерін кәбіл арқылы немесе эфирде жалпыға бірдей хабарлау құқығын беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу
лот №
Тапсырыс берушінің атауы
Қызмет атауы*
Өлшем бірлігі
Саны, көлемі
Жеткізу шарттары (ИНКОТЕРМС 2010 талаптарына сәйкес)
Қызмет көрсету мерзімі
Қызмет көрсету орны
Аванстық төлем мөлшері, %
Лот бойынша бөлінген сома, теңге
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
1.
2.
*Қызметтің толық сипаттамасы техникалық ерекшелікте көрсетіледі.
Басқа 2. Мемлекеттік сатып алу шеңберінде
көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыру кезінде әлеуетті өнім берушіге
қойылатын біліктілік талаптары (тапсырыс беруші толтырады)
Авторлық құқық объектілерін және
(немесе) сабақтас құқықтар
объектілерін кәбіл арқылы
немесе эфирде жалпыға бірдей
хабарлау құқығын беру жөніндегі
көрсетілетін қызметтерді сатып
алу жөніндегі үлгілік конкурстық
құжаттамаға 2-қосымша
Мемлекеттік сатып алу шеңберінде
көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыру кезінде әлеуетті өнім берушіге
қойылатын біліктілік талаптары (тапсырыс беруші толтырады)
Тапсырыс берушінің атауы _______________________________________________
Ұйымдастырушының атауы ____________________________________________
конкурс № __________________________________________________________
Конкурстың атауы: авторлық құқық және (немесе) сабақтас құқықтар объектілерін кәбіл арқылы немесе эфирде жалпыға бірдей хабарлау құқығын беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу
лот № ______________________________________________________________
Лоттың атауы ________________________________________________________
Әлеуетті өнім беруші келесі біліктілік талаптарына сай болуы тиіс.
Тармақ 1
1. Уәкілетті орган берген, құқықтарды ұжымдық басқару салаларында қызметті жүзеге асыруға арналған аккредиттеу туралы куәліктің болуы, оның қолданылу мерзімі авторлық құқық объектілерін және (немесе) сабақтас құқықтар объектілерін кәбіл арқылы немесе эфирде жалпыға бірдей хабарлау құқығын беру жөніндегі қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарттың қолданылу мерзіміне сәйкес келуі тиіс.
Тармақ 2
2. Республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің алты еселенген мөлшерінен асатын салық берешегінің болмауы (веб-порталда мемлекеттік кірістер органдарының мәліметтері негізінде автоматты түрде айқындалады).
Тармақ 3
3. Банкроттық немесе тарату рәсіміне жатпайды.
Тармақ 4
4. Қажетті материалдық және еңбек ресурстарының болуы.
Материалдық ресурстар:
№
Материалдық ресурстардың атауы
Саны
Растайтын құжаттар
1
Құқықтарды ұжымдық басқару саласындағы Бірыңғай цифрлық платформаға қолжетімділіктің болуы
1
Құқықтарды ұжымдық басқару саласында бірыңғай цифрлық платформаны пайдалану туралы шарт
Еңбек ресурстары:
№
Еңбек ресурстарының атауы
Саны
1
Талап етілмейді
Басқа 3. Сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің
техникалық ерекшелігі
Авторлық құқық және (немесе)
сабақтас құқықтар объектілерін
кәбіл арқылы немесе эфирде
жалпыға бірдей хабарлау құқығын
беру жөніндегі көрсетілетін
қызметтерді сатып алу жөніндегі
үлгілік конкурстық құжаттамаға
3- қосымша
Сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің
техникалық ерекшелігі
(Тапсырыс беруші толтырады)
Тапсырыс берушінің атауы____________________________________________
Ұйымдастырушының атауы ____________________________________________
конкурс № __________________________________________________________
Конкурстың атауы: авторлық құқық және (немесе) сабақтас құқықтар объектілерін кәбіл арқылы немесе эфирде жалпыға бірдей хабарлау құқығын беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу
лот № ______________________________________________________________
Лоттың атауы____________________________________________________
Көрсетілетін қызметтердің бірыңғай номенклатуралық анықтамалығы кодының атауы*
Көрсетілетін қызмет атауы
Авторлық құқық және (немесе) сабақтас құқықтар объектілерін кәбіл арқылы немесе эфирде жалпыға бірдей хабарлау құқығын беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу (лотқа байланысты таңдалады):
1) жалпыға бірдей мәлімет үшін кәбіл арқылы хабар беру немесе авторлық құқық объектілерін эфирге беру құқығын беру;
2) сабақтас құқықтар объектілерін кәбіл арқылы немесе эфирде жалпыға бірдей хабарлау құқығын беру.
Өлшем бірлігі*
Саны (көлемі)*
Қосылған құн салығын есептемегенде бірлік бағасы*
Қосылған құн салығын есепке алмағанда, сатып алуға бөлінген жалпы сома*
Қызмет көрсету мерзімі*
Қажетті сипаттамалардың, параметрлердің және басқа да бастапқы деректердің сипаттамасы:
Әлеуетті өнім беруші оны жеңімпаз деп айқындаған және онымен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасқан жағдайда (қажет болған жағдайда көрсетіледі) (әлеуетті өнім берушінің көрсетілген мәліметтерді көрсетпегені және ұсынбағаны үшін бас тартуына жол берілмейді)
1. Өнім беруші тапсырыс берушіге байланысты келесі көрсетілетін қызметтер кешенін көрсетеді:
авторлық құқық объектілерінің және (немесе) сабақтас құқықтар объектілерін кәбіл арқылы немесе эфирде жалпыға бірдей хабарламаға айрықша емес құқығыңызды беру.
2. Шарт құқық иеленушілердің мүліктік емес құқықтарына қолданылмайды.
3. Қызмет көрсету орны: ______________________________.
4. Қызмет көрсетудің жалпы мерзімі: ______________________________
5. Шарт бойынша сома: авторлық құқық объектілерін және (немесе) сабақтас құқықтар объектілерін пайдаланғаны үшін төленетін сыйақы Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 22 маусымдағы № 400 «Туындыларды пайдаланудың кейбір түрлері үшін авторлық сыйақының ең төменгі мөлшерлемелерін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32874 болып тіркелген) және № 401 «Орындаушыларға және фонограммалар шығарушыларға берілетін сыйақының ең төмен мөлшерлемелерін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32834 болып тіркелген) фонограммаларды орындаушылар мен өндірушілерге авторлық сыйақы мен сыйақының ең төмен мөлшерлемелеріне сәйкес белгіленетін мөлшерлемеден төмен болмауға тиіс.
6. Өнім беруші авторлық құқық объектілерін және (немесе) сабақтас құқықтар объектілерін пайдалану туралы есепке сәйкес тапсырыс беруші төлейтін сыйақыны бөлуге және төлеуге кепілдік береді.
7. Өнім беруші міндеттемелерді орындауға байланысты алынған мәліметтердің құпиялылығын сақтайды және мұндай мәліметтердің жария етілмеуін қамтамасыз ету үшін барлық шаралардың болуын қамтамасыз етеді.
8. Қызметтер көрсету кезінде әлеуетті өнім беруші «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңын сақтауға міндетті.
9. Шартпен реттелмеген бөлігінде Тараптар құқықтарды ұжымдық басқару саласындағы бірыңғай цифрлық платформа арқылы жасалған лицензиялық шартты басшылыққа алады.
* мәліметтер мемлекеттік сатып алу жоспарынан алынады (автоматты түрде көрсетіледі).
Ескерту.
Тармақ 1
1. Әрбір сипаттамалар, параметрлер, бастапқы деректер және орындаушыға қосымша шарттар жеке жолмен көрсетіледі.
Тармақ 2
2. Техникалық ерекшелікте әлеуетті өнім берушіге қойылатын біліктілік талаптарын белгілеуге жол берілмейді.
Тармақ 3
3. Өзге құжаттарда техникалық ерекшелік талаптарын белгілеуге жол берілмейді.
Басқа 4. АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚ ОБЪЕКТІЛЕРІН КӘБІЛ БОЙЫНША ЖАЛПЫҒА БІРДЕЙ МӘЛІМЕТ ҮШІН ХАБАРЛАМА АЛУ НЕМЕСЕ ЭФИРГЕ БЕРУ ҚҰҚЫҒЫ БОЙЫНША КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІ МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ ТУРАЛЫ ШАРТТЫҢ ҮЛГІЛІК НЫСАНЫ
Авторлық құқық және (немесе)
сабақтас құқықтар объектілерін
кәбіл арқылы немесе эфирде
жалпыға бірдей хабарлау құқығын
беру жөніндегі көрсетілген
қызметтерді сатып алу үлгілік
конкурстық құжаттамаға
4-қосымша
АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚ ОБЪЕКТІЛЕРІН КӘБІЛ БОЙЫНША ЖАЛПЫҒА БІРДЕЙ МӘЛІМЕТ ҮШІН ХАБАРЛАМА АЛУ НЕМЕСЕ ЭФИРГЕ БЕРУ ҚҰҚЫҒЫ БОЙЫНША КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІ МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ ТУРАЛЫ ШАРТТЫҢ ҮЛГІЛІК НЫСАНЫ
Тапсырыс берушінің өңірі Шарттың нөмірі Шартқа қол қойылған күні
Тапсырыс берушінің толық атауы, бұдан әрі «Тапсырыс беруші» деп аталатын, оның атынан тапсырыс берушінің лауазымы, тапсырыс берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (тапсырыс берушінің негізі) негізінде әрекет ететін, бір тараптан, және өнім берушінің толық атауы, бұдан әрі «Өнім беруші» деп аталатын, оның атынан Өнім берушінің лауазымы, Өнім берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (Өнім берушінің негізі) негізінде әрекет ететін, екінші тараптан, бұдан әрі бірлесіп «Тараптар» деп аталатындар, «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) және мемлекеттік сатып алуды өткізу тәсілі – бойынша жылғы № қорытындыларының негізінде, осы мемлекеттік сатып алу туралы шартты (бұдан әрі – Шарт) жасасты және төмендегілер туралы келісімге келді:
Бөлім 90
Тармақ 1. 1. Шарттың мәні
1. Шарттың мәні
Тармақ 1.1
1.1. Өнім беруші осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын оған қоса берілген қосымшаларда көрсетілген шарттар, талаптар және бағаларға сәйкес Қызметті (Қызметтерді) көрсетуге міндеттенеді, ал Тапсырыс беруші Өнім беруші Шарт бойынша өз міндеттемелерін тиісінше орындаған жағдайда көрсетілген Қызметті (Қызметтерді) қабылдауға және осы Шарттың талаптарына сәйкес оның ақысын төлеуге міндеттенеді.
Тармақ 1.2
1.2. Төменде көрсетілген құжаттар және оларда көзделген шарттар осы Шартты құрайды және оның ажырамас бөлігі болып есептеледі, атап айтқанда:
Тармақша 1
1) Осы Шарт;
Тармақша 2
2) лоттар тізбесі және қызмет көрсету шарттары (1-қосымша);
Тармақша 3
3) техникалық ерекшелік (2-қосымша).
Бөлім 2. 2. Шарт сомасы және төлем шарттары
2. Шарт сомасы және төлем шарттары
Тармақ 2.1
2.1. Осы Шарттың жалпы сомасы Шарттың 1-қосымшада айқындалады және (шарт сомасы) (сома жазбаша) құрайды және барлығын қамтиды қызмет көрсетуге байланысты шығындар (сонымен қатар барлық салықтар мен алымдар, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген, оның ішінде ҚҚС (ҚҚС сомасы)теңге)/(ҚҚС есебінсіз) (бұдан әрі – Шарт сомасы).
Тармақ 2.2
2.2. Тапсырыс беруші Шарт күшіне енгеннен кейін 1-қосымшаға сәйкес мөлшерде аванстық төлем жасайды.
Қалған соманы Тапсырыс беруші бұрын төленген авансты пропорционалды ұстап қалуды ескере отырып, көрсетілген қызметтер актісіне тараптар қол қойған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей өнім берушінің есеп шотына ақша қаражатын аудару жолымен төлейді.
Тармақ 2.3
2.3. Көрсетілген қызметтер үшін төлемді Тапсырыс беруші Тараптар көрсетілген қызметтер актісіне қол қойған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей өнім берушінің есеп шотына ақша қаражатын аудару жолымен жүргізеді.
Тармақ 2.4
2.4. Тапсырыс берушінің табыс мөлшері өзгерген (түзетілген) жағдайда шарттың сомасы сатып алынатын қызметтер нысанасын өзгертпей, шартқа қосымша келісім жасасу жолымен өзгертілуге тиіс.
Тармақ 2.5
2.5. Көрсетілетін қызметтердің көлемі сандық және құндық көрсеткіштерде Шарттың 1-қосымшасында айқындалады.
Тармақ 2.6
2.6. Төлем жасауға дейін ұсынылуы тиіс қажетті құжаттар:
Тармақша 1
1) қол қойылған Шарт;
Тармақша 2
2) көрсетілген қызметтердің акт(ілер)і;
Тармақша 3
3) Мемлекеттік сатып алу қағидаларының 53-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жұмыстар мен қызметтердегі ішкі елдік құндылық туралы есеп;
Тармақша 4
4) Өнім беруші Тапсырыс берушіге ұсынған көрсетілген қызметтердің жалпы сомасын сипаттайтын, көрсететін электрондық шот-фактура.
Бөлім 3. 3. Тараптардың міндеттемелері
3. Тараптардың міндеттемелері
Тармақ 3.1
3.1. Өнім беруші:
Тармақша 1
1) Шарт бойынша өзіне алған міндеттемелерді толық әрі тиісінше орындауды қамтамасыз етуге;
Тармақша 2
2) Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындау кезінде көрсетілетін қызметтердің осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын қосымшаларда көрсетілген талаптарға сәйкестігін қамтамасыз етуге;
Тармақша 3
3) Тараптар Шартқа қол қойған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде электрондық цифрлық қолтаңбаларды пайдалана отырып, құқықтарды ұжымдық басқару саласындағы бірыңғай цифрлық платформа арқылы лицензиялық шарт жасасуға;
Тармақша 4
4) Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз, Тапсырыс беруші немесе оның атынан өзге тұлғалар ұсынған техникалық құжаттаманың мазмұнын, Шарт талаптарын орындау үшін Өнім беруші тартқан персоналды қоспағанда, жария етпеуге. Аталған ақпарат осы персоналға құпия түрде және міндеттемелерді орындау үшін қажетті көлемде ғана ұсынылуы тиіс;
Тармақша 5
5) Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз, жоғарыда аталған кез келген құжаттар мен ақпаратты Шартты іске асыру мақсаттарынан өзге мақсаттарда пайдаланбауға;
Тармақша 6
6) Тапсырыс берушінің алғашқы талап етуі бойынша Шарт бойынша міндеттемелердің орындалу барысы туралы ақпарат беруге;
Тармақша 7
7) Шарт талаптарын Өнім берушінің тиісінше орындамауы және/немесе өзге де заңсыз әрекеттері салдарынан Тапсырыс берушіге келтірілген залалды толық көлемде өтеуге;
Тармақша 8
8) электрондық цифрлық қолтаңбамен бекітілген көрсетілген қызметтер актісін, сондай-ақ Мемлекеттік сатып алу қағидаларының 53-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қызметтердегі ішкі елдік құндылық туралы есепті веб-портал арқылы ресімдеп, Тапсырыс берушіге жолдауға;
Тармақша 9
9) Тапсырыс беруші көрсетілген қызметтер актісін бекіткеннен кейін, электрондық шот-фактураларды ақпараттық жүйесінде электрондық нысанда шот-фактураларды жазып беру қағидаларына сәйкес, электрондық шот-фактураларды ақпараттық жүйесі арқылы электрондық шот-фактура жазып беруге міндеттенеді.
Тармақ 3.2
3.2. Өнім беруші:
Тармақша 1
1) Шарт бойынша көрсетілген Қызметтер үшін Тапсырыс берушіден төлем жасауды талап етуге;
Тармақша 2
2) Шарттың 1-қосымшасында көрсетілген Қызметтерді орындау мерзімдерін Тапсырыс берушімен алдын ала келісе отырып, мерзімінен бұрын көрсетуге құқылы.
Тармақ 3.3
3.3. Тапсырыс беруші:
Тармақша 1
1) Тараптар Шартқа қол қойған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде электрондық цифрлық қолтаңбаларды пайдалана отырып, құқықтарды ұжымдық басқару саласындағы бірыңғай цифрлық платформа арқылы лицензиялық шарт жасасуға;
Тармақша 2
2) қызметтерді көрсету үшін Өнім берушінің мамандарына қолжетімділікті қамтамасыз етуге;
Тармақша 3
3) көрсетілген қызметтердің талаптарға сәйкес келмеуі анықталған жағдайда, Өнім берушіні бұл туралы дереу жазбаша түрде хабардар етуге;
Тармақша 4
4) қызметтерді қабылдау кезінде веб-портал арқылы көрсетілген қызметтер актісін бекітуге не Мемлекеттік сатып алу қағидаларының 587-тармағында белгіленген мерзімдерде, оны қабылдамаудың негізделген себептерін көрсете отырып, қабылдаудан бас тартуға;
Тармақша 5
5) көрсетілген қызметтер актісі бекітілгеннен кейін, Өнім беруші электрондық шот-фактураларды ақпараттық жүйесінде электрондық нысанда шот-фактураларды жазып беру қағидаларына сәйкес, электрондық шот-фактураларды ақпараттық жүйесі арқылы электрондық нысанда жазып берген шот-фактураны қабылдауға;
Тармақша 6
6) осы Шартта белгіленген тәртіппен және мерзімдерде төлем жүргізуге міндеттенеді;
Тармақша 7
7) электрондық цифрлық қолтаңбаларды пайдалана отырып, құқықтарды ұжымдық басқару саласындағы бірыңғай цифрлық платформа арқылы жасалған лицензиялық шарт бойынша авторлық құқық объектілерін пайдаланғаны үшін Тапсырыс беруші Өнім берушіге тоқсан сайын авторлық сыйақы төлейді, бұл сыйақы Өнім беруші бекіткен мөлшерлемелер бойынша, бірақ Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 22 маусымдағы № 400 «Туындыларды пайдаланудың кейбір түрлері үшін авторлық сыйақының ең төменгі мөлшерлемелерін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32874 болып тіркелген) және № 401 «Орындаушыларға және фонограммалар шығарушыларға берілетін сыйақының ең төмен мөлшерлемелерін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32834 болып тіркелген) бұйрықтарымен бекітілген ең төменгі мөлшерлемелерден кем емес мөлшерде төленеді;
Тармақша 8
8) Шарттың 3.3-тармағының 7) тармақшасында көзделген авторлық сыйақыны Тапсырыс беруші төлем шотын қоса бере отырып, екі Тарап қол қойған көрсетілген қызметтер актісінің негізінде жазылған төлем шотын алған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде өнім берушінің есеп шотына аударады.
Тармақ 3.4
3.4. Тапсырыс беруші:
Тармақша 1
1) көрсетілген қызметтердің сапасын тексеруге;
Тармақша 2
2) көрсетілген қызметтер мерзімінен бұрын көрсетілген жағдайда, Тапсырыс беруші қызметтерді мерзімінен бұрын қабылдауға және осы Шарттың талаптарына сәйкес олардың ақысын төлеуге құқылы. Қызметтерді мерзімінен бұрын көрсетуден бас тартуға оны қабылдау мүмкіндігі болмаған жағдайларда жол беріледі.
Бөлім 4. 4. Көрсетілген қызметтердің техникалық ерекшелікке
сәйкестігін тексеру
4. Көрсетілген қызметтердің техникалық ерекшелікке
сәйкестігін тексеру
Тармақ 4.1
4.1. Осы Шарт шеңберінде көрсетілетін қызметтер техникалық ерекшелікте көрсетілген талаптарға сәйкес келуі тиіс.
Тармақ 4.2
4.2. Көрсетілетін қызметтердің нәтижелері техникалық ерекшеліктің (Шарттың 2-қосымшасы) талаптарына сәйкес келмейді деп танылған жағдайда, Өнім беруші тексеру жүргізілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде, Тапсырыс беруші тарапынан қосымша шығындарсыз, техникалық ерекшелік талаптарына сәйкес келмеушіліктерді жою бойынша шаралар қабылдауға міндетті.
Тармақ 4.3
4.3. Жоғарыда көрсетілген тармақтардың ешқайсысы Өнім берушіні осы Шарт бойынша өзге де міндеттемелерді орындаудан босатпайды.
Бөлім 5. 5. Көрсетілетін қызметтерді көрсету
5. Көрсетілетін қызметтерді көрсету
Тармақ 5.1
5.1. Көрсетілетін қызметтерді Өнім беруші осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын 1-қосымшада көрсетілген мерзімдерде көрсетеді.
Тармақ 5.2
5.2. Көрсетілетін қызмет Өнім беруші қызметті Тапсырыс берушіге осы Шартқа қосымшаларда көрсетілген талаптарға толық, дәл сәйкестікте тапсырған жағдайда көрсетілген болып есептеледі.
Бөлім 6. 6. Кепілдік
6. Кепілдік
Тармақ 6.1
6.1. Өнім беруші Тапсырыс берушіге қызметтердің үздіксіз, сапалы және уақтылы көрсетілуін қамтамасыз етуге кепілдік береді.
Тармақ 6.2
6.2. Өнім беруші қызметтердің техникалық ерекшелікке (Шарттың 2-қосымшасы) сәйкес келмеуінен туындаған қателіктерді, кемшіліктерді және өзге де сәйкессіздіктерді өтеусіз негізде түзетуге кепілдік береді.
Тармақ 6.3
6.3. Тапсырыс беруші осы кепілдікке байланысты барлық талаптар туралы Өнім берушіні жазбаша түрде жедел хабардар етуге міндетті, содан кейін Өнім беруші хабарламада Тапсырыс беруші айқындаған мерзімде өз қаражаты есебінен, соның ішінде осыған байланысты барлық шығыстарды қоса алғанда, кемшіліктерді жою жөнінде шаралар қабылдауы тиіс.
Тармақ 6.4
6.4. Егер Өнім беруші хабарламаны алғаннан кейін кемшіліктерді жою бойынша тиісті шараларды уақтылы қабылдамаса, Тапсырыс беруші Шарт бойынша Өнім берушіге қатысты өзге де құқықтарына нұқсан келтірмей, қажетті санкциялар мен кемшіліктерді жою шараларын Өнім берушінің есебінен қолдануға құқылы.
Бөлім 7. 7. Тараптардың жауапкершілігі
7. Тараптардың жауапкершілігі
Тармақ 7.1
7.1. Осы Шарт шеңберінде Тараптар өз міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда, барлық даулар мен келіспеушіліктер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шешіледі.
Тармақ 7.2
7.2. Қызметтерді көрсету мерзімдері кешіктірілген жағдайда, Тапсырыс беруші: Өнім беруші міндеттемелерді толық орындамаған жағдайда Өнім берушіден Шарттың жалпы сомасының 0,1 % мөлшерінде әрбір кешіктірілген күн үшін тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) ұстап қалуға (өндіріп алуға); міндеттемелерді тиісінше орындамаған (ішінара орындамаған) жағдайда орындалмаған міндеттемелер сомасының 0,1 % мөлшерінде әрбір кешіктірілген күн үшін тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) ұстап қалуға (өндіріп алуға) құқылы. Бұл ретте тұрақсыздық айыбының (айыппұлдың, өсімпұлдың) жалпы сомасы Шарттың жалпы сомасының 15 %-ынан аспауы тиіс.
Тармақ 7.3
7.3. Өнім беруші көрсетілетін қызметтерді көрсетуден бас тартқан жағдайда немесе көрсетілетін қызметтерді көрсету мерзімі Шарт қызмет көрсету мерзімі өткен күннен бастап бір айдан астам мерзімге кешіктірілген жағдайда, бірақ шарттың қолданылу мерзімі аяқталғаннан кешіктірмей, Тапсырыс беруші Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес, Өнім берушіден әрбір кешіктірілген күн үшін Шарттың жалпы сомасының 0,1 % мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (айыпапұл, өсімпұлды) өндіріп ала отырып, осы Шартты біржақты тәртіппен бұзуға құқылы.
Тармақ 7.4
7.4. Тұрақсыздық айыбыны (айыппұлды, өсімпұлды) төлеу Тараптарды осы Шартта көзделген міндеттемелерді орындаудан босатпайды.
Тармақ 7.5
7.5. Егер қандай да бір өзгерістер Өнім беруші үшін осы Шарт бойынша көрсетілетін қызметтерді көрсетуге қажетті құнның немесе мерзімдердің қысқаруына әкеп соқса, онда Шарттың сомасы немесе көрсетілетін қызметтерді көрсету кестесі, не екеуі де тиісінше түзетіледі, ал Шартқа тиісті өзгерістер енгізіледі. Өнім берушінің түзету жүргізу туралы барлық сұранымдары Тапсырыс берушіден өзгерістер туралы өкімді алған күннен бастап 30 (отыз) күн ішінде ұсынылуы тиіс.
Тармақ 7.6
7.6. Өнім беруші осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін толықтай да, ішінара да үшінші тұлғаларға беруге құқылы емес.
Бөлім 8. 8. Шарттың қолданылу мерзімі және оны бұзу шарттары
8. Шарттың қолданылу мерзімі және оны бұзу шарттары
Тармақ 8.1
8.1. Осы Шарт қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және 20____жылғы «31» желтоқсанға дейін, ал өзара есеп айырысулар бөлігінде олар толық аяқталғанға дейін қолданылады.
Тармақ 8.2
8.2. Тапсырыс беруші Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес Өнім беруші банкрот немесе төлем қабілетсіз болған жағдайда, Өнім берушіге тиісті жазбаша хабарлама жолдау арқылы Шарт талаптарын орындаудан кез келген уақытта біржақты тәртіппен бас тарта алады. Бұл жағдайда Шартты орындаудан бас тарту дереу жүзеге асырылады, және егер мұндай бас тарту Тапсырыс берушінің бұрын болған немесе кейіннен туындайтын қандай да бір құқықтарына нұқсан келтірмесе әрі қандай да бір әрекеттерді жасау немесе санкциялар қолдану құқықтарын шектемесе, Тапсырыс беруші Өнім берушіге қатысты ешқандай қаржылық міндеттеме көтермейді.
Тармақ 8.3
8.3. Осы Шартты одан әрі орындаудың орынсыздығы жағдайында, Шарт Тараптардың келісімі бойынша бұзылуы мүмкін.
Тармақ 8.4
8.4. Осы Шарт мынадай негіздер бойынша бұзылуы мүмкін:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Тараптардың келісімі бойынша;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес Өнім берушінің Шарт бойынша міндеттемелерді орындамауы немесе тиісінше орындамауы жағдайында, Тапсырыс берушінің бастамасы бойынша біржақты тәртіппен;
Тармақша 3
3) Өнім берушінің бастамасы бойынша Тапсырыс беруші Шарт талаптарын елеулі түрде бұзған жағдайда, оның ішінде төлем мерзімдерін ______ күнтізбелік күннен астам уақытқа бұзуы;
Тармақша 4
4) «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңында және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде көзделген негіздер бойынша;
Тармақша 5
5) Шарттың тоқтатылуына әкеп соғатын, заңды күшіне енген сот актісі негізінде.
Бөлім 9. 9. Хабарлама
9. Хабарлама
Тармақ 9.1
9.1. Осы Шартқа сәйкес бір Тарап екінші Тарапқа жолдайтын кез келген хабарлама алдын ала ақысы төленген Тапсырыс хатпен немесе телеграф, телекс, факс, телефакс арқылы, не веб-портал арқылы жіберіледі.
Тармақ 9.2
9.2. Хабарлама жеткізілгеннен кейін немесе күшіне енген күні (егер хабарламада көрсетілген болса) осы күндердің қайсысы ертерек келетініне байланысты күшіне енеді.
Бөлім 10. 10. Форс-мажор
10. Форс-мажор
Тармақ 10.1
10.1. Тараптар Шарт талаптарының орындалмауы форс-мажорлық мән-жайлардың салдарынан болған жағдайда жауапкершілік көтермейді.
Тармақ 10.2
10.2. Осы Шарттың мақсаттары үшін «форс-мажор» Тараптардың бақылауынан тыс, алдын ала болжанбайтын сипаттағы оқиғаны білдіреді. Мұндай оқиғаларға, бірақ олармен шектелмей, әскери қимылдар, табиғи немесе дүлей апаттар және өзге де оқиғалар жатады.
Тармақ 10.3
10.3. Форс-мажорлық мәнжайлар туындаған жағдайда, Өнім беруші олардың пайда болуы мен себептері туралы Тапсырыс берушіге дереу жазбаша хабарлама жібереді. Егер Тапсырыс берушіден өзге жазбаша нұсқаулар келіп түспесе, Өнім беруші Шарт бойынша өз міндеттемелерін мүмкін болған көлемде орындауды жалғастырады, сондай-ақ форс-мажорлық мән-жайларға тәуелсіз Шартты орындаудың баламалы тәсілдерін іздестіреді.
Бөлім 11. 11. Даулы мәселелерді шешу
11. Даулы мәселелерді шешу
Тармақ 11.1
11.1. Тапсырыс беруші мен Өнім беруші осы Шарт бойынша немесе оған байланысты өзара туындайтын барлық келіспеушіліктер мен дауларды тікелей келіссөздер жүргізу арқылы шешуге бар күш-жігерін салуы тиіс.
Тармақ 11.2
11.2. Егер осындай келіссөздерден кейін Тапсырыс беруші мен Өнім беруші Шарт бойынша дауды шеше алмаса, Тараптардың кез келгені мәселені Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешуді талап ете алады.
Бөлім 12. 12. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
12. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
Тармақ 12.1
12.1. Осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындау кезінде Тараптар қандай да бір құқыққа қайшы артықшылықтар немесе өзге де заңсыз мақсаттар алу үшін осы тұлғалардың әрекеттеріне немесе шешімдеріне ықпал ету үшін кез келген тұлғаларға тікелей немесе жанама түрде қандайда бір ақша қаражатын немесе құндылықтарды төлемейді, төлеуді ұсынбайды және төлеуге рұқсат берілмейді.
Тармақ 12.2
12.2. Осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындау кезінде Тараптар осы Шарттың мақсаттары үшін қолданылатын заңнамаға сәйкес пара беру/алу, коммерциялық сатып алу ретінде сараланатын іс-әрекеттерді, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) қарсы іс-қимыл туралы қолданылатын заңнама мен халықаралық актілердің талаптарын бұзатын әрекеттерді жасамайды.
Тармақ 12.3
12.3. Осы Шарттың әрбір Тарапы басқа Тараптың өкілдерін қандай да бір жолмен ынталандырудан, оның ішінде ақшалай қаражат беру, сыйлықтар табыстау, тегін жұмыстарды (қызметтерді) орындау немесе қызметкерді белгілі бір тәуелділікке қоятын және оны ынталандыратын Тараптың пайдасына қандай да бір әрекеттерді жасауын қамтамасыз етуге бағытталған өзге де тәсілдерден бас тартады.
Тармақ 12.4
12.4. Егер Тарапта қандай да бір сыбайлас жемқорлыққа қарсы шарттардың бұзылғаны немесе бұзылуы мүмкін екендігі туралы күдік туындаса, тиісті Тарап екінші Тарапты жазбаша түрде хабардар етуге міндетті.
Тармақ 12.5
12.5. Жазбаша хабарламада Тарап нақты фактілерге сілтеме жасауға немесе контрагенттің осы шарттардың қандай да бір ережелерін бұзғанын немесе бұзуы мүмкін екенін дәлелдейтін не соған негіз болатын материалдарды ұсынуға міндетті; мұндай бұзушылықтар қолданылатын заңнамаға сәйкес пара беру немесе алу, коммерциялық сатып алу, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға қарсы қолданылатын заңнама мен халықаралық актілердің талаптарын бұзатын әрекеттер ретінде саралануы мүмкін.
Тармақ 12.6
12.6. Осы Шарттың Тараптары сыбайлас жемқорлықтың алдын алу рәсімдерінің жүргізілуін таниды және олардың сақталуын бақылайды. Бұл ретте Тараптар сыбайлас жемқорлық қызметке тартылуы мүмкін контрагенттермен іскерлік қатынастар тәуекелін барынша азайту үшін ақылға қонымды күш-жігер жұмсайды, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында бір-біріне өзара жәрдем көрсетеді. Тараптар сыбайлас жемқорлық қызметіне Тараптарды тарту тәуекелдеріне жол бермеу мақсатында тексеру рәсімдерін іске асыруды қамтамасыз етуге міндеттенеді.
Бөлім 13. 13. Басқа шарттар
13. Басқа шарттар
Тармақ 13.1
13.1. Салықтар және бюджетке төленетін өзге де міндетті төлемдер Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес төленуге жатады.
Тармақ 13.2
13.2. Шартқа кез келген өзгерістер мен толықтырулар Шарт жасасу нысанында жасалады.
Тармақ 13.3
13.3. Жасалған Шартқа өнім берушіні таңдауға негіз болған сапаның және өзге де шарттардың өзгермейтіндігі шартымен, Заңның 18-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларда өзгерістер енгізуге жол беріледі.
Тармақ 13.4
13.4. Тараптардың бірінің міндеттерін шарт бойынша беруге қайта ұйымдастырылған жағдайда құқықтық мирасқорлықты қоспағанда, жол берілмейді.
Тармақ 13.5
13.5. Осы Шарт веб-портал арқылы жасалып, қазақ және орыс тілдерінде рәсімделді, екі тілдегі мәтіндердің бірдей заңды күші бар.
Тармақ 13.6. ТАРАПТАРДЫҢ ДЕРЕКТЕМЕЛЕРІ:
13.6. Шартпен реттелмеген бөлігінде Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасын басшылыққа алады.
ТАРАПТАРДЫҢ ДЕРЕКТЕМЕЛЕРІ:
Тапсырыс беруші:
«_______________________________»,
БСН: ___________________________
ЖСК: __________________________
Мекен-жайы: ____________________
Тел.: ___________________________
e-mail: __________________________
сайт:____________________________
Өнім беруші:
«______________________________»,
БСН:___________________________
ЖСК:___________________________
Мекен-жайы:_____________________
Тел.:____________________________
e-mail:___________________________
сайт:____________________________
Тараптардың қолдары:
Тапсырыс беруші
______________________
______________________
қолы
Өнім беруші
________________________
________________________
қолы
Басқа 5. САБАҚТАС ҚҰҚЫҚТАР ОБЪЕКТІЛЕРІН
КӘБІЛ АРҚЫЛЫ НЕМЕСЕ ЭФИРДЕ
ЖАЛПЫҒА БІРДЕЙ ХАБАРЛАУ ҚҰҚЫҒЫН БЕРУ ЖӨНІНДЕГІ
ҚЫЗМЕТТЕРДІ МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ ТУРАЛЫ
ШАРТТЫҢ ҮЛГІЛІК НЫСАНЫ
Авторлық құқық және (немесе)
сабақтас құқықтар объектілерін
кәбіл арқылы немесе эфирде
жалпыға бірдей хабарлау
құқығын беру жөніндегі
қызметтерді сатып алу жөніндегі
үлгілік конкурстық құжаттамаға
5-қосымша
САБАҚТАС ҚҰҚЫҚТАР ОБЪЕКТІЛЕРІН
КӘБІЛ АРҚЫЛЫ НЕМЕСЕ ЭФИРДЕ
ЖАЛПЫҒА БІРДЕЙ ХАБАРЛАУ ҚҰҚЫҒЫН БЕРУ ЖӨНІНДЕГІ
ҚЫЗМЕТТЕРДІ МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ ТУРАЛЫ
ШАРТТЫҢ ҮЛГІЛІК НЫСАНЫ
Тапсырыс берушінің өңірі Шарттың нөмірі Шартқа қол қойылған күн
Тапсырыс берушінің толық атауы, бұдан әрі «Тапсырыс беруші» деп аталатын, оның атынан Тапсырыс берушінің лауазымы, аапсырыс берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (Тапсырыс берушінің негізі) негізінде әрекет ететін, бір тараптан, және Өнім берушінің толық атауы, бұдан әрі «Өнім беруші» деп аталатын, оның атынан Өнім берушінің лауазымы, Өнім берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) Өнім берушінің негізі негізінде әрекет ететін, екінші тараптан, бұдан әрі бірлесіп «Тараптар» деп аталатындар, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының (бұдан әрі – Заң) және сатып алу тәсілімен өткізілген мемлекеттік сатып алудың қорытындыларына (қорытындылар күні, қорытындылар нөмірі) сәйкес, Тараптар осы жұмыстарды мемлекеттік сатып алу туралы шартты (бұдан әрі – Шарт) жасасты және төмендегілер туралы келісімге келді:
Бөлім 1. 1. Шарттың мәні
1. Шарттың мәні
Тармақ 1.1
1.1. Өнім беруші осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын оған қоса берілген қосымшаларда көрсетілген шарттар, талаптар және бағаларға сәйкес Қызметті (Қызметтерді) көрсетуге міндеттенеді, ал Тапсырыс беруші Өнім беруші Шарт бойынша өз міндеттемелерін тиісінше орындаған жағдайда көрсетілген Қызметті (Қызметтерді) қабылдауға және осы Шарттың талаптарына сәйкес оның ақысын төлеуге міндеттенеді.
Тармақ 1.2
1.2. Төменде көрсетілген құжаттар және оларда көзделген шарттар осы Шартты құрайды және оның ажырамас бөлігі болып есептеледі, атап айтқанда:
Тармақша 1
1) осы Шарт;
Тармақша 2
2) лоттар тізбесі және қызмет көрсету шарттары (1-қосымша);
Тармақша 3
3) техникалық ерекшелік (2-қосымша).
Бөлім 2. 2. Шарт сомасы және төлем шарттары
2. Шарт сомасы және төлем шарттары
Тармақ 2.1
2.1. Осы Шарттың жалпы сомасы Шарттың 1-қосымшасына сәйкес айқындалады және (шарт сомасы) (сомасы жазбаша жазумен) құрайды. Аталған сома Қызметтерді көрсетуге байланысты барлық шығындарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген барлық салықтар мен алымдарды, оның ішінде қосылған құн салығын (ҚҚС) ((ҚҚС сомасы) теңге) қамтиды / ҚҚС-сыз (бұдан әрі – Шарт сомасы).
Тармақ 2.2
2.2. Тапсырыс беруші Шарт күшіне енгеннен кейін 1-қосымшаға сәйкес мөлшерде аванстық төлем жасайды.
Қалған соманы Тапсырыс беруші бұрын төленген авансты пропорционалды ұстап қалуды ескере отырып, көрсетілген қызметтер актісіне тараптар қол қойған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей өнім берушінің есеп шотына ақша қаражатын аудару жолымен төлейді.
Тармақ 2.3
2.3. Көрсетілген қызметтер үшін төлемді Тапсырыс беруші Тараптар көрсетілген қызметтер актісіне қол қойған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей өнім берушінің есеп шотына ақша қаражатын аудару жолымен жүргізеді.
Тармақ 2.4
2.4. Тапсырыс берушінің табыс мөлшері өзгерген (түзетілген) жағдайда шарттың сомасы сатып алынатын қызметтер нысанасын өзгертпей, шартқа қосымша келісім жасасу жолымен өзгертілуге тиіс.
Тармақ 2.5
2.5. Көрсетілетін қызметтердің көлемі сандық және құндық көрсеткіштерде Шарттың 1-қосымшасында айқындалады.
Тармақ 2.6
2.6. Төлем жасауға дейін ұсынылуы тиіс қажетті құжаттар:
Тармақша 1
1) қол қойылған Шарт;
Тармақша 2
2) көрсетілген қызметтердің акт(ілер)і;
Тармақша 3
3) Мемлекеттік сатып алу қағидаларының 53-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жұмыстар мен қызметтердегі ішкі елдік құндылық туралы есеп;
Тармақша 4
4) Өнім беруші Тапсырыс берушіге ұсынған көрсетілген қызметтердің жалпы сомасын сипаттайтын, көрсететін электрондық шот-фактура.
Бөлім 3. 3. Тараптардың міндеттемелері
3. Тараптардың міндеттемелері
Тармақ 3.1
3.1. Өнім беруші міндеттенеді:
Тармақша 1
1) Шарт бойынша өзіне алған міндеттемелерді толық әрі тиісінше орындауды қамтамасыз етуге;
Тармақша 2
2) Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындау кезінде көрсетілетін қызметтердің осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын қосымшаларда көрсетілген талаптарға сәйкестігін қамтамасыз етуге;
Тармақша 3
3) Тараптар Шартқа қол қойған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде электрондық цифрлық қолтаңбаларды пайдалана отырып, құқықтарды ұжымдық басқару саласындағы бірыңғай цифрлық платформа арқылы лицензиялық шарт жасасуға;
Тармақша 4
4) Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз, Тапсырыс беруші немесе оның атынан өзге тұлғалар ұсынған техникалық құжаттаманың мазмұнын, Шарт талаптарын орындау үшін Өнім беруші тартқан персоналды қоспағанда, жария етпеуге. Аталған ақпарат осы персоналға құпия түрде және міндеттемелерді орындау үшін қажетті көлемде ғана ұсынылуы тиіс;
Тармақша 5
5) Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз, жоғарыда аталған кез келген құжаттар мен ақпаратты Шартты іске асыру мақсаттарынан өзге мақсаттарда пайдаланбауға;
Тармақша 6
6) Тапсырыс берушінің алғашқы талап етуі бойынша Шарт бойынша міндеттемелердің орындалу барысы туралы ақпарат беруге;
Тармақша 7
7) Шарт талаптарын Өнім берушінің тиісінше орындамауы және/немесе өзге де заңсыз әрекеттері салдарынан Тапсырыс берушіге келтірілген залалды толық көлемде өтеуге;
Тармақша 8
8) электрондық цифрлық қолтаңбамен бекітілген көрсетілген қызметтер актісін, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу қағидаларының 53-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қызметтердегі ішкі елдік құндылық туралы есепті веб-портал арқылы ресімдеп, Тапсырыс берушіге жолдауға;
Тармақша 9
9) Тапсырыс беруші көрсетілген қызметтер актісін бекіткеннен кейін, электрондық шот-фактураларды ақпараттық жүйесінде электрондық нысанда шот-фактураларды жазып беру қағидаларына сәйкес, электрондық шот-фактураларды ақпараттық жүйесі арқылы электрондық шот-фактура жазып беруге.
Тармақ 3.2
3.2. Өнім беруші:
Тармақша 1
1) Шарт бойынша көрсетілген Қызметтер үшін Тапсырыс берушіден төлем жасауды талап етуге;
Тармақша 2
2) Шарттың №1 қосымшасында көрсетілген қызметтерді орындау мерзімдерін Тапсырыс берушімен алдын ала келісе отырып, мерзімінен бұрын көрсетуге құқылы.
Тармақ 3.3
3.3. Тапсырыс беруші:
Тармақша 1
1) тараптар Шартқа қол қойған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде электрондық цифрлық қолтаңбаларды пайдалана отырып, құқықтарды ұжымдық басқару саласындағы бірыңғай цифрлық платформа арқылы лицензиялық шарт жасасуға;
Тармақша 2
2) қызметтерді көрсету үшін Өнім берушінің мамандарына қолжетімділікті қамтамасыз етуге;
Тармақша 3
3) көрсетілген қызметтердің талаптарға сәйкес келмеуі анықталған жағдайда, Өнім берушіні бұл туралы дереу жазбаша түрде хабардар етуге;
Тармақша 4
4) қызметтерді қабылдау кезінде веб-портал арқылы көрсетілген қызметтер актісін бекітуге не Мемлекеттік сатып алу қағидаларының 587-тармағында белгіленген мерзімдерде, оны қабылдамаудың негізделген себептерін көрсете отырып, қабылдаудан бас тартуға;
Тармақша 5
5) көрсетілген қызметтер актісі бекітілгеннен кейін, Өнім беруші электрондық шот-фактураларды ақпараттық жүйесінде электрондық нысанда шот-фактураларды жазып беру қағидаларына сәйкес, электрондық шот-фактураларды ақпараттық жүйесі арқылы электрондық нысанда жазып берген шот-фактураны қабылдауға;
Тармақша 6
6) осы Шартта белгіленген тәртіппен және мерзімдерде төлем жүргізуге міндеттенеді;
Тармақша 7
7) электрондық цифрлық қолтаңбаларды пайдалана отырып, құқықтарды ұжымдық басқару саласындағы бірыңғай цифрлық платформа арқылы жасалған лицензиялық шарт бойынша авторлық құқық объектілерін пайдаланғаны үшін Тапсырыс беруші Өнім берушіге тоқсан сайын сыйақы төлейді, бұл сыйақы Өнім беруші бекіткен мөлшерлемелер бойынша, бірақ Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 22 маусымдағы № 400 «Туындыларды пайдаланудың кейбір түрлері үшін авторлық сыйақының ең төменгі мөлшерлемелерін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32874 болып тіркелген) және № 401 «Орындаушыларға және фонограммалар шығарушыларға берілетін сыйақының ең төмен мөлшерлемелерін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32834 болып тіркелген) бұйрықтарымен бекітілген авторлық сыйақының, сондай-ақ орындаушылар мен фонограмма өндірушілеріне төленетін сыйақының ең төменгі мөлшерлемелерінен кем емес мөлшерде төленеді;
Тармақша 8
8) Шарттың 3.3-тармағының 7) тармақшасында көзделген авторлық сыйақыны Тапсырыс беруші төлем шотын қоса бере отырып, екі Тарап қол қойған көрсетілген қызметтер актісінің негізінде жазылған төлем шотын алған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде өнім берушінің есеп шотына аударады.
Тармақ 3.4
3.4. Тапсырыс беруші:
Тармақша 1
1) көрсетілген қызметтердің сапасын тексеруге;
Тармақша 2
2) көрсетілген қызметтер мерзімінен бұрын көрсетілген жағдайда, Тапсырыс беруші көрсетілетін қызметтерді мерзімінен бұрын қабылдауға және осы Шарттың талаптарына сәйкес олардың ақысын төлеуге құқылы. Қызметтерді мерзімінен бұрын көрсетуден бас тартуға оны қабылдау мүмкіндігі болмаған жағдайларда жол беріледі.
Бөлім 4. 4. Көрсетілетін қызметтердің техникалық ерекшелікке
сәйкестігін тексеру
4. Көрсетілетін қызметтердің техникалық ерекшелікке
сәйкестігін тексеру
Тармақ 4.1
4.1. Осы Шарт шеңберінде көрсетілетін қызметтер техникалық ерекшелікте көрсетілген талаптарға сәйкес келуі тиіс.
Тармақ 4.2
4.2. Көрсетілген қызметтердің нәтижелері техникалық ерекшеліктің (Шарттың 2-қосымшасы) талаптарына сәйкес келмейді деп танылған жағдайда, Өнім беруші тексеру жүргізілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде, Тапсырыс беруші тарапынан қосымша шығындарсыз, техникалық ерекшелік талаптарына сәйкес келмеушіліктерді жою бойынша шаралар қабылдауға міндетті.
Тармақ 4.3
4.3. Жоғарыда көрсетілген тармақтардың ешқайсысы Өнім берушіні осы Шарт бойынша өзге де міндеттемелерді орындаудан босатпайды.
Бөлім 5. 5. Көрсетілетін қызметтерді көрсету
5. Көрсетілетін қызметтерді көрсету
Тармақ 5.1
5.1. Көрсетілетін қызметтерді Өнім беруші осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын 1-қосымшада көрсетілген мерзімдерде көрсетеді.
Тармақ 5.2
5.2. Қызмет Өнім беруші тарапынан қызметті осы Шартқа қоса берілген қосымшаларда көрсетілген талаптарға толық және дәл сәйкестікте Тапсырыс берушіге тапсырған жағдайда көрсетілген болып есептеледі.
Бөлім 6. 6. Кепілдік
6. Кепілдік
Тармақ 6.1
6.1. Өнім беруші Тапсырыс берушіге қызметтердің үздіксіз, сапалы және уақтылы көрсетілуін қамтамасыз етуге кепілдік береді.
Тармақ 6.2
6.2. Өнім беруші қызметтердің техникалық ерекшелікке (Шарттың 2-қосымшасы) сәйкес келмеуінен туындаған қателіктерді, кемшіліктерді және өзге де сәйкессіздіктерді өтеусіз негізде түзетуге кепілдік береді.
Тармақ 6.3
6.3. Тапсырыс беруші осы кепілдікке байланысты барлық талаптар туралы Өнім берушіні жазбаша түрде жедел хабардар етуге міндетті, содан кейін Өнім беруші хабарламада Тапсырыс беруші айқындаған мерзімде өз қаражаты есебінен, соның ішінде осыған байланысты барлық шығыстарды қоса алғанда, кемшіліктерді жою жөнінде шаралар қабылдауға тиіс.
Тармақ 6.4
6.4. Егер Өнім беруші хабарламаны алғаннан кейін кемшіліктерді жою бойынша тиісті шараларды уақтылы қабылдамаса, Тапсырыс беруші Шарт бойынша Өнім берушіге қатысты өзге де құқықтарына нұқсан келтірмей, қажетті санкциялар мен кемшіліктерді жою шараларын Өнім берушінің есебінен қолдануға құқылы.
Бөлім 7. 7. Тараптардың жауапкершілігі
7. Тараптардың жауапкершілігі
Тармақ 7.1
7.1. Осы Шарт шеңберінде Тараптар өз міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда, барлық даулар мен келіспеушіліктер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шешіледі.
Тармақ 7.2
7.2. Қызметтерді көрсету мерзімдері кешіктірілген жағдайда, Тапсырыс беруші: Өнім беруші міндеттемелерді толық орындамаған жағдайда Өнім берушіден Шарттың жалпы сомасының 0,1 % мөлшерінде әрбір кешіктірілген күн үшін тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) ұстап қалуға (өндіріп алуға), міндеттемелерді тиісінше орындамаған (ішінара орындамаған) жағдайда орындалмаған міндеттемелер сомасының 0,1 % мөлшерінде әрбір кешіктірілген күн үшін тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) ұстап қалуға (өндіріп алуға) құқылы. Бұл ретте тұрақсыздық айыбының (айыппұлдың, өсімпұлдың) жалпы сомасы Шарттың жалпы сомасының 15 %-ынан аспауы тиіс.
Тармақ 7.3
7.3. Өнім беруші көрсетілетін қызметтерді көрсетуден бас тартқан жағдайда немесе көрсетілетін Қызметтерді көрсету мерзімі Шарт қызмет көрсету мерзімі өткен күннен бастап бір айдан астам мерзімге кешіктірілген жағдайда, бірақ шарттың қолданылу мерзімі аяқталғаннан кешіктірмей, Тапсырыс беруші Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес, Өнім берушіден әрбір кешіктірілген күн үшін Шарттың жалпы сомасының 0,1 % мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (айыпапұл, өсімпұлды) өндіріп ала отырып, осы Шартты біржақты тәртіппен бұзуға құқылы.
Тармақ 7.4
7.4. Турақсыздық айыбым (айыппүлды, өсімпұлды) төлеу Тараптарды осы Шартта көзделген міндеттемелерді орындаудан босатпайды.
Тармақ 7.5
7.5. Егер қандай да бір өзгерістер Өнім беруші үшін осы Шарт бойынша көрсетілетін қызметтерді көрсетуге қажетті құнның немесе мерзімдердің қысқаруына әкеп соқса, онда Шарттың сомасы немесе көрсетілетін қызметтерді көрсету кестесі, не екеуі де тиісінше түзетіледі, ал Шартқа тиісті өзгерістер енгізіледі. Өнім берушінің түзету жүргізу туралы барлық сұранымдары Тапсырыс берушіден өзгерістер туралы өкімді алған күннен бастап 30 (отыз) күн ішінде ұсынылуы тиіс.
Тармақ 7.6
7.6. Өнім беруші осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін толықтай да, ішінара да үшінші тұлғаларға беруге тиіс емес.
Бөлім 8. 8. Шарттың қолданылу мерзімі және оны бұзу шарттары
8. Шарттың қолданылу мерзімі және оны бұзу шарттары
Тармақ 8.1
8.1. Осы Шарт қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және 20___ жылғы «31» желтоқсанға дейін, ал өзара есеп айырысулар бөлігінде олар толық аяқталғанға дейін қолданылады.
Тармақ 8.2
8.2. Тапсырыс беруші Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес, Өнім беруші банкрот немесе төлем қабілетсіз болған жағдайда, Өнім берушіге тиісті жазбаша хабарлама жолдау арқылы Шарттың талаптарын орындаудан кез келген уақытта біржақты тәртіппен бас тарта алады. Бұл жағдайда Шартты орындаудан бас тарту дереу жүзеге асырылады, және егер мұндай бас тарту Тапсырыс берушінің бұрын болған немесе кейіннен туындайтын қандай да бір құқықтарына нұқсан келтірмесе әрі қандай да бір әрекеттерді жасау немесе санкциялар қолдану құқықтарын шектемесе, Тапсырыс беруші Өнім берушіге қатысты ешқандай қаржылық міндеттеме көтермейді.
Тармақ 8.3
8.3. Осы Шартты одан әрі орындаудың орынсыздығы жағдайында, Шарт Тараптардың келісімі бойынша бұзылуы мүмкін.
Тармақ 8.4
8.4. Осы Шарт мынадай негіздер бойынша бұзылуы мүмкін:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Тараптардың келісімі бойынша;
Тармақша 2
2) Тапсырыс берушінің бастамасы бойынша өнім беруші шарт бойынша міндеттемелерді орындамаған не тиісінше орындамаған жағдайларда, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес біржақты тәртіппен;
Тармақша 3
3) Өнім берушінің бастамасы бойынша, Тапсырыс беруші Шарт талаптарын елеулі түрде бұзған жағдайда, оның ішінде төлем мерзімдерін ______ күнтізбелік күннен астам уақытқа бұзуы;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңында және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде көзделген негіздер бойынша;
Тармақша 5
5) Шарттың тоқтатылуына әкеп соғатын, заңды күшіне енген сот актісі негізінде.
Бөлім 9. 9. Хабарлама
9. Хабарлама
Тармақ 9.1
9.1. Шартқа сәйкес бір Тарап екінші Тарапқа жолдайтын кез келген хабарлама алдын ала ақысы төленген Тапсырыс хатпен немесе телеграф, телекс, факс, телефакс арқылы не веб-портал арқылы жіберіледі.
Тармақ 9.2
9.2. Хабарлама жеткізілгеннен кейін немесе күшіне енген күні (егер хабарламада көрсетілген болса) осы күндердің қайсысы ертерек келетініне байланысты күшіне енеді.
Бөлім 10. 10. Форс-мажор
10. Форс-мажор
Тармақ 10.1
10.1. Тараптар Шарт талаптарының орындалмауы форс-мажорлық мән-жайлардың салдарынан болған жағдайда жауапкершілік көтермейді.
Тармақ 10.2
10.2. Осы Шарттың мақсаттары үшін «форс-мажор» Тараптардың бақылауынан тыс, алдын ала болжанбайтын сипаттағы оқиғаны білдіреді. Мұндай оқиғаларға, бірақ олармен шектелмей, әскери қимылдар, табиғи немесе дүлей апаттар және өзге де оқиғалар жатады.
Тармақ 10.3
10.3. Форс-мажорлық мән-жайлар туындаған жағдайда, Өнім беруші олардың пайда болуы мен себептері туралы Тапсырыс берушіге дереу жазбаша хабарлама жібереді. Егер Тапсырыс берушіден өзге жазбаша нұсқаулар келіп түспесе, Өнім беруші Шарт бойынша өз міндеттемелерін мүмкін болған көлемде орындауды жалғастырады, сондай-ақ форс-мажорлық мән-жайларға тәуелсіз Шартты орындаудың баламалы тәсілдерін іздестіреді.
Бөлім 11. 11. Даулы мәселелерді шешу
11. Даулы мәселелерді шешу
Тармақ 11.1
11.1. Тапсырыс беруші мен Өнім беруші осы Шарт бойынша немесе оған байланысты өзара туындайтын барлық келіспеушіліктер мен дауларды тікелей келіссөздер жүргізу арқылы шешу үшін бар күш-жігерін салуға міндетті.
Тармақ 11.2
11.2. Егер осындай келіссөздер нәтижесінде Тапсырыс беруші мен Өнім беруші Шарт бойынша дауды шеше алмаса, Тараптардың кез келгені мәселені Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешуді талап етуге құқылы.
Бөлім 12. 12. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
12. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
Тармақ 12.1
12.1. Осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындау кезінде Тараптар қандай да бір тұлғалардың әрекеттеріне немесе шешімдеріне ықпал ету, заңсыз артықшылықтар алу немесе өзге де заңсыз мақсаттарға жету үшін тікелей немесе жанама түрде қандай да бір ақшалай қаражатты немесе құндылықтарды төлемейді, төлеуді ұсынбайды және төлеуге жол бермейді.
Тармақ 12.2
12.2. Осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындау барысында Тараптар осы Шарттың мақсаттары үшін қолданылатын заңнамаға сәйкес пара беру/алу, коммерциялық парақорлық ретінде сараланатын әрекеттерді, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) қарсы іс-қимыл туралы қолданылатын заңнама мен халықаралық актілердің талаптарын бұзатын әрекеттерді жасамайды.
Тармақ 12.3
12.3. Осы Шарттың әрбір Тарапы екінші Тараптың өкілдерін қандай да бір тәсілмен ынталандырудан, оның ішінде ақшалай қаражат беру, сыйлықтар табыстау, тегін жұмыстарды (қызметтерді) орындау немесе қызметкерді белгілі бір тәуелділікке қоятын және оны ынталандыратын Тараптың пайдасына қандай да бір әрекеттерді жасауын қамтамасыз етуге бағытталған өзге де тәсілдерден бас тартады.
Тармақ 12.4
12.4. Егер Тарапта қандай да бір сыбайлас жемқорлыққа қарсы шарттардың бұзылғаны немесе бұзылуы мүмкін екендігі туралы күдік туындаса, тиісті Тарап екінші Тарапты жазбаша түрде хабардар етуге міндетті.
Тармақ 12.5
12.5. Жазбаша хабарламада Тарап нақты фактілерге сілтеме жасауға немесе контрагенттің осы шарттардың қандай да бір ережелерін бұзғанын немесе бұзуы мүмкін екенін дәлелдейтін не соған негіз болатын материалдарды ұсынуға міндетті; мұндай бұзушылықтар қолданылатын заңнамаға сәйкес пара беру немесе алу, коммерциялық парақорлық, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға қарсы қолданылатын заңнама мен халықаралық актілердің талаптарын бұзатын әрекеттер ретінде саралануы мүмкін.
Тармақ 12.6
12.6. Осы Шарттың Тараптары сыбайлас жемқорлықтың алдын алу рәсімдерінің жүргізілетінін мойындайды және олардың сақталуын бақылайды. Бұл ретте Тараптар сыбайлас жемқорлық қызметке тартылуы мүмкін контрагенттермен іскерлік қатынастар тәуекелін барынша азайту үшін ақылға қонымды күш-жігер жұмсайды, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында бір-біріне өзара жәрдем көрсетеді. Тараптар сыбайлас жемқорлық қызметіне тараптарды тарту тәуекелдерін болғызбау мақсатында тексерулер жүргізу жөніндегі рәсімдердің іске асырылуын қамтамасыз етуге міндеттенеді.
Бөлім 13. 13. Басқа шарттар
13. Басқа шарттар
Тармақ 13.1
13.1. Салықтар және бюджетке төленетін өзге де міндетті төлемдер Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес төленуге жатады.
Тармақ 13.2
13.2. Шартқа кез келген өзгерістер мен толықтырулар Шарт жасалған нысанда жүзеге асырылады.
Тармақ 13.3
13.3. Жасалған Шартқа өнім берушіні таңдаудың негізі болған сапа мен өзге де шарттардың өзгермейтіндігі шартымен, Заңның 18-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларда өзгерістер енгізуге жол беріледі.
Тармақ 13.4
13.4. Осы Шарт бойынша Тараптардың бірінің міндеттемелерін беруіне, қайта ұйымдастыру кезіндегі құқықтық мирасқорлықты қоспағанда, жол берілмейді.
Тармақ 13.5
13.5. Осы Шарт веб-портал арқылы жасалып, қазақ және орыс тілдерінде рәсімделді, екі тілдегі мәтіндердің бірдей заңды күші бар.
Тармақ 13.6. ТАРАПТАРДЫҢ ДЕРЕКТЕМЕЛЕРІ:
13.6. Шартпен реттелмеген бөлігінде Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасын басшылыққа алады.
ТАРАПТАРДЫҢ ДЕРЕКТЕМЕЛЕРІ:
Тапсырыс беруші:
«_______________________________»,
БСН: ___________________________
ЖСК: ___________________________
Мекен-жайы: __________________________
Тел.: ___________________________
e-mail: __________________________
сайт:____________________________
Өнім беруші:
«______________________________»,
БСН:___________________________
ЖСК:___________________________
Мекен-жайы:_____________________
Тел.:____________________________
e-mail:___________________________
сайт:____________________________
Тараптардың қолдары:
Тапсырыс беруші
______________________
______________________
қолы
Өнім беруші
________________________
________________________
қолы