О признании утратившими силу некоторых постановлений Қолданыста
Басқа 0
Кейбір қаулылардың
күшін жою туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 37 бабының 8-тармағына және Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 65 бабынының 3-тармағына сәйкес, Мақаншы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Мақаншы ауданы әкімдігінің:
Тармақша 1
1) «Абай облысы Мақаншы ауданының жалпыға ортақ пайдаланылатын аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбесін, атаулары мен индекстерін бекіту туралы» Абай облысы Мақаншы ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 9 маусымдағы №72 қаулысы;
Тармақша 2
2) Абай облысы Мақаншы ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 9 маусымдағы №72 «Абай облысы Мақаншы ауданының жалпыға ортақ пайдаланылатын аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбесін, атаулары мен индекстерін бекіту туралы» қаулысына толықтырулар енгізу туралы Абай облысы Мақаншы ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 6 тамыздағы № 88 қаулысы күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 2
2. Мақаншы ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы М.Капчиков заңда белгіленген тәртіпте осы қаулыдан туындайтын тиісті шаралардың орындалуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары А.Сарбаеваға жүктелсін.