Об утверждении положения Совета по делам молодежи при акимате Восточно-Казахстанской области Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.02.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің жанындағы жастар ісі жөніндегі кеңестің ережесін бекіту туралы «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес, «Әкімдіктер жанындағы жастар істері жөніндегі кеңестер туралы үлгілік ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2025 жылғы 17 сәуірдегі № 173-НҚ бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35998 болып тіркелген) Әкімдіктер жанындағы жастар істері жөніндегі кеңестер туралы үлгілік ереженің ереженің негізінде Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің жанындағы жастар ісі жөніндегі кеңестің ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің жанындағы жастар ісі жөніндегі кеңестің құрамы бекітілсін.
Тармақ 3
3. «Шығыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жариялау үшін «Қазақстан Республикасының заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
Тармақша 2
2) осы қаулының Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің идеология жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 8. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің жанындағы жастар ісі жөніндегі кеңестің ережесі
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2026 жылғы «11» ақпандағы № 31 қаулысына 1-қосымша Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің жанындағы жастар ісі жөніндегі кеңестің ережесі
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің жанындағы жастар ісі жөніндегі кеңестің ережесі (бұдан әрі – Ереже) «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 13-2) тармақшасына сәйкес әзірленді және Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің жанындағы жастар ісі жөніндегі кеңестің (бұдан әрі – Кеңес) мәртебесі мен өкілеттіктерін айқындайды.
Тармақ 2
2. Кеңес Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
Тармақ 3
3. Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
Тармақ 4
4. Кеңес мемлекеттік жастар саясатын жетілдіру жөнінде ұсынымдар әзірлеу және ведомствоаралық өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыру мақсатында өз қызметін жүзеге асырады.
Тарау 2. 2-тарау. Кеңестің міндеттері мен функциялары
2-тарау. Кеңестің міндеттері мен функциялары
Тармақ 5
5. Кеңестің міндеттері:
Тармақша 1
1) мемлекеттік жастар саясатын жетілдіру жөнінде ұсынымдар әзірлеу;
Тармақша 2
2) мемлекеттік жастар саясаты міндеттерінің іске асырылу тиімділігін талдау;
Тармақша 3
3) мемлекеттік жастар саясатының басым бағыттарын іске асыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
Тармақша 4
4) мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға қатысты мәселелерді талқылау болып табылады.
Тармақ 6
6. Өзіне жүктелген міндеттерді іске асыру үшін Кеңес мынадай функцияларды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) мемлекеттік жастар саясатын іске асыру мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қарайды және талқылайды;
Тармақша 2
2) мемлекеттік жастар саясатын іске асыру мәселелерін талқылауға мемлекеттік органдардың, жұртшылықтың, үкіметтік емес ұйымдардың, саяси партиялардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін тартады;
Тармақша 3
3) мемлекеттік жастар саясаты саласында халықаралық ынтымақтастықты дамытуға жәрдемдеседі;
Тармақша 4
4) мемлекеттік жастар саясатының іске асырылу барысы туралы жергілікті атқарушы органдар басшыларының есептерін тыңдайды.
Тарау 3. 3-тарау. Кеңестің құрылымы және жұмысын ұйымдастыру
3-тарау. Кеңестің құрылымы және жұмысын ұйымдастыру
Тармақ 7
7. Кеңес оның жұмысына қоғамдық негізде қатысатын төрағадан, төрағаның орынбасарынан және Кеңес мүшелерінен тұрады.
Тармақ 8
8. Кеңес төрағасының орынбасары қатысып отырған Кеңес мүшелерінің қарапайым көпшілік дауысымен Кеңес мүшелері қатарынан сайланатын жастар ұйымының өкілі болып табылады.
Тармақ 9
9. Кеңес төрағасы Шығыс Қазақстан облысының әкімі болып табылады және ол:
Тармақша 1
1) Үлгілік ереженің негізінде Кеңес туралы ережені бекітеді және Кеңесте жастар ұйымдарының Кеңес мүшелерінің жалпы санының кемінде 30% өкілдік етуін қамтасыз ету қажеттілігін есепке ала отырып, оның құрамын қалыптастырады;
Тармақша 2
2) Кеңес отырыстарының күні мен уақытын белгілейді, кезекті және кезектен тыс отырыстарын шақырады және оған төрағалық етеді;
Тармақша 3
3) Кеңес мүшелерінің жалпы санынан кемінде үштен екі бөлігінің бастамасымен Кеңестің кезектен тыс отырыстарын шақырып, оларға төрағалық етеді;
Тармақша 4
4) Кеңес жұмысын жоспарлайды және жалпы басшылықты жүзеге асырады;
Тармақша 5
5) Кеңес мүшелерінің арасындағы міндеттер мен жұмыс бағыттарын бөледі;
Тармақша 6
6) Кеңестің жұмыс жоспары мен отырысының күн тәртібін бекітеді.
Тармақ 10
10. Хатшы Кеңес мүшесі болып табылмайды және дауыс беруге қатыспайды. Кеңес хатшысы:
Тармақша 1
1) Кеңестің жұмыс жоспарының жобасын әзірлеуді қамтамасыз етеді;
Тармақша 2
2) Кеңес отырыстарындағы күн тәртібінің жобасын қалыптастырады;
Тармақша 3
3) Кеңес отырысына материалдарды, сондай-ақ хаттамалық шешімдер жобаларын дайындауды ұйымдастырады;
Тармақша 4
4) Кеңес мүшелеріне Кеңестің кезекті отырысының орны, өткізілетін уақыты және күн тәртібі туралы хабарлайды, оларды уақытында қажетті материалдармен қамтамасыз етеді;
Тармақша 5
5) Кеңес мүшелерінен отырыстың күн тәртібіне қатысты ұсыныстарын қабылдайды және оларды төрағаның қарауына шығарады;
Тармақша 6
6) хаттамалық тапсырмалар шешімдерінің орындалуына бақылауды жүзеге асырады, әрбір кейінгі отырыстарда Кеңес мүшелеріне бұрын қабылданған шешімдердің орындалу барысы туралы хабарлайды.
Тармақ 11
11. Кеңестің құрамы:
Тармақша 1
1) Кеңес мүшелері жергілікті атқарушы және өкілді органдардың, жастар ұйымдарының өкілдері болып табылады;
Тармақша 2
2) Кеңес мүшелерінің саны тақ болуы тиіс.
Тармақ 12
12. Кеңестің жұмыс органы «Шығыс Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі болып табылады. Жұмыс органы:
Тармақша 1
1) Кеңес жұмысының жалпы ұйымдастырылуын жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) Кеңес жұмысын ақпараттық-талдамалық және құжаттамалық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді;
Тармақша 3
3) ақпаратты жинауды, өңдеуді, Кеңестің өткізген отырыстарын, қаралған мәселелерді, мемлекеттік жастар саясатын іске асыру бойынша қабылданған шешімдерді талдауды жүзеге асырады, осы саладағы жұмысты жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлейді;
Тармақша 4
4) Кеңестің құзыретіне жататын мемлекеттік органдармен, лауазымды адамдармен және ұйымдармен хат алысуды жүргізеді;
Тармақша 5
5) Кеңестің жұмысын жариялау бойынша бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимылды жүзеге асырады;
Тармақ 13
13. Кеңес отырыстары қажеттілігіне қарай, сондай-ақ Кеңес мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екі бөлігінің бастамасымен, бірақ жарты жылда бір реттен сиретпей өткізіледі және Кеңес мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екі бөлігі қатысқан кезде өкілетті болып есептеледі.
Тармақ 14
14. Кезекті және кезектен тыс отырыс күнін, өткізу уақытын, күн тәртібін Кеңес мүшелерінің ұсыныстарын есепке ала отырып, Кеңес төрағасы айқындайды.
Тармақ 15
15. Кезекті отырыстың күн тәртібі Кеңес мүшелеріне отырыс жұмысының басталуына дейін күнтізбелік бес күннен кешіктірмей жолданады.
Тармақ 16
16. Кеңес отырысқа қатысушы Кеңес мүшелерінің қарапайым көпшілік дауыстарымен шешім қабылдайды. Дауыстар тең болған жағдайда төрағаның дауысы шешуші болып табылады.
Тармақ 17
17. Кеңес шешімдері Кеңес төрағасы қол қойған хаттамамен ресімделеді.
Тармақ 18
18. Кеңес шешімдері ұсынымдық сипатқа ие.
Басқа 57
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2026 жылғы «11» ақпандағы № 31 қаулысына 2-қосымша Сақтағанов Нұрымбет Аманұлы Шығыс Қазақстан облысының әкімі, Кеңес төрағасы; Садырбаев Айдар Серқазыұлы облыс ішкі саясат басқармасының басшысы; Мусинова Альмира Аскерхановна облыс жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы; Оқасов Қуат Барысұлы облыс білім басқармасының басшысы; Балтабеков Еркебұлан Сайлаубекұлы Шығыс Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасы жастармен және азаматтық қоғам институттарымен жұмыс жөніндегі бөлімінің басшысы, Кеңес хатшысы; Ербол Бақытжан Ерболқызы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы жастар ісі жөніндегі кеңестің мүшесі, «Ұлағат» жастар қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры (келісім бойынша); Әділбеков Айдос Әділбекұлы Шығыс Қазақстан облысының жастар ресурстық орталығының директоры; Тугамбаева Қорлан Төлеуханқызы «Amanat» партиясы жанындағы «Жастар рухы» жастар қанаты Шығыс Қазақстан облыстың филиалының төрағасы (келісім бойынша); Мұратұлы Дидар Oskemen hub басшысы (келісім бойынша); Тохтаров Санат Ерланұлы Шығыс Қазақстан облысы өңірлік коммуникациялар қызметі директорының орынбасары (келісім бойынша); Юнусов Равиль Александрович Шығыс Қазақстан облысы «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігінің басшысы (келісім бойынша); Уатханова Анель Рауанқызы Шығыс Қазақстан облысының студенттік омбудсмені, «Шығыс Қазақстан облысы студенттер альянсы» корпоративтік қорының төрағасы (келісім бойынша); Базарқат Жандос Бақытпекұлы «Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы жастар ісі жөніндегі комитетінің төрағасы (келісім бойынша); Абдикадир Али Еркінұлы «Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы жастар ісі жөніндегі комитетінің төрағасы (келісім бойынша); Төлеуғазинов Әділ Дулатұлы «Үлбі металлургия зауыты» акционерлік қоғамы жанындағы жұмысшы жастар ісі жөніндегі кеңестің басшысы (келісім бойынша); Ли Мария Станиславовна Қазақстан-Америка еркін университеті студенттік даму орталығының директоры (келісім бойынша); Шоматов Даурен Жұмагелдіұлы «Жас сарбаз» балалар-жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалыс» республикалық қоғамдық бірлестігі Шығыс Қазақстан облысы филиалының төрағасы (келісім бойынша); Төлеуқанова Ажар Рахметқызы «OSKEMEN SADAQ ATU» дәстүрлі садақ ату федерациясының Президенті (келісім бойынша); Өмірзақов Сырым Жанұзақұлы «Өскемен ЖЭО» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жанындағы жұмысшы жастар ісі жөніндегі кеңестің басшысы (келісім бойынша); Жанболатова Жансая Жанболатқызы «Казцинк» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жанындағы жұмысшы жастар ісі жөніндегі кеңестің басшысы (келісім бойынша); Измаилов Леонид Николаевич «Jastar Еnergy» жастар қозғалысының жетекшісі (келісім бойынша); Сәрсенбаев Жігер Төлегенұлы Шығыс Қазақстан облысының бойынша «Qazaq Debate» қозғалысының үйлестірушісі (келісім бойынша); Төлеубекова Ляйля Төлеубекқызы «Esbol qory» қоғамдық қоры «Esirtkisiz Shygys» фронт-офисінің басшысы (келісім бойынша); Утегенова Меруерт Еркінқызы «Мархабат.KZ» мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары (келісім бойынша); Маулханов Қуаныш Амантайұлы «Қазақстан» РТРК» акционерлік қоғамы Шығыс Қазақстан облыстық филиалының шеф-редакторы (келісім бойынша); Колчина Мария Викторовна «Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының «Altai Jastary» медиа-орталығының журналисті (келісім бойынша); Каун Эвелина Александровна Шығыс Қазақстан облысы мәдениет басқармасы «Шығыс Қазақстан облыстық филармониясы» мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны креативтік индустрияны дамыту бөлімінің бас маманы (келісім бойынша); Демирчиева Амина Элвиновна «Ассамблея жастары» қоғамдық бірлестігінің белсендісі (келісім бойынша).