Об утверждении Типового положения архитектурно-градостроительного совета Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Сәулет-қала құрылысы кеңесінің үлгілік ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Құрылыс кодексінің 32-бабы 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Сәулет-қала құрылысы кеңесінің типтік ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Басқа 0. Сәулет-қала құрылысы кеңесі туралы үлгілік ереже
Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 12 ақпандағы № 54 бұйрығына қосымша Сәулет-қала құрылысы кеңесі туралы үлгілік ереже
Тарау 1. 1. Жалпы ереже
1. Жалпы ереже
Тармақ 1
1. Осы Сәулет-қала құрылысы кеңесі туралы үлгілік ереже (бұдан әрі – Үлгілік ереже) Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексі 32-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленген.
Тармақ 2
2. Сәулет-қала құрылысы кеңесі (бұдан әрі – Кеңес) – бірыңғай қала құрылысы саясатын іске асыру жөніндегі іс-қимылдарды үйлестіру, адам өмір сүретін және тіршілік ететін ортаның сапасын арттыру, елді мекендердің орнықты дамуын қамтамасыз ету және заманауи сәулеттік келбетін қалыптастыру үшін астананың, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың әкімдіктері жанынан құрылатын, тұрақты жұмыс істейтін консультативтік-кеңесші орган.
Тармақ 3
3. Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасын, сондай-ақ осы Үлгілік ережені басшылыққа алады.
Тарау 2. 2. Кеңестің негізгі мақсаттары және міндеттері
2. Кеңестің негізгі мақсаттары және міндеттері
Тармақ 4
4. Кеңес:
Тармақша 1
1) монументтілік-көркемдiк безендіру, сәулет келбетi, елді мекеннің қала құрылысын жоспарлау және дизайн-коды бойыншы мәселелерді қарайды және ұсынымдар енгiзедi;
Тармақша 2
2) елді мекендерді дамыту мен салудың қала құрылысы жобаларын әзірлеуге арналған техникалық тапсырманы қарайды;
Тармақша 3
3) елді мекендердің бас жоспарын іске асыру мониторингінің есебін қарайды;
Тармақша 4
4) ұсынылатын жобалардың қолданыстағы заңнамаға, қала құрылысы нормативтеріне, сондай-ақ елді мекендерді дамыту мен салудың стратегиялық құжаттарына сәйкестігін қарайды және қамтамасыз етеді;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды орындайды.
Тарау 3. 3. Кеңестің құрылымы мен оны басқару
3. Кеңестің құрылымы мен оны басқару
Тармақ 5
5. Сәулет-қала құрылысы кеңесінің құрамын астананың, облыстың және республикалық маңызы бар қаланың жергілікті өкілді органы кемінде жеті адам тақ санында қалыптастырылады.
Тармақ 6
6. Сәулет-қала құрылысы кеңесіне жергілікті атқарушы органның өкілдері, сәулетшілер мен ғылыми-зерттеу ұйымдарының мамандары, жобалау ұйымдарының, қоғамдық және өзге де ұйымдардың, оның ішінде мүгедектігі бар адамдардың мүддесін білдіретін ұйымдардың өкілдері кіреді.
Тармақ 7
7. Кеңесті астананың, облыстың немесе республикалық маңызы бар қаланың әкімі – Төраға басқарады.
Тармақ 8
8. Кеңес төрағасының орынбасарлары: астана, облыс немесе республикалық маңызы бар қала әкімінің құрылыс мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасары; астананың, облыстың немесе республикалық маңызы бар қаланың бас сәулетшісі.
Тармақ 9
9. Кеңестің хатшысы болып сәулет және қала құрылысы істері жөніндегі жергілікті атқарушы органның, Кеңес мүшесі болып табылмайтын және шешім қабылдау кезінде дауыс беру құқығы жоқ қызметкері тағайындалады.
Тармақ 10
10. Төраға болмаған жағдайда, Кеңес отырысын Кеңес Төрағасы орынбасарларының бiрi өткізе алады.
Тармақ 11
11. Бекітілген құрамнан басқа, Кеңес жұмысына дауыс беру құқығымен кәсіптік және қоғамдық бірлестіктердің, аккредиттелген қауымдастықтар мен одақтардың өкілдері тартылады.
Тармақ 12
12. Кеңес отырыстарының кезеңділігін төраға немесе төрағаның орынбасары айқындайды.
Тарау 4. 4. Кеңестің жұмыс органы
4. Кеңестің жұмыс органы
Тармақ 13
13. Жұмыс органы келесі функцияларды орындайды:
Тармақша 1
1) Кеңес отырысы үшін материалдар жинақтау;
Тармақша 2
2) отырыстың күн тәртібін әзірлеу және хаттамаларды ресімдеу;
Тармақша 3
3) Кеңес мүшелерін отырыстың уақыты мен күн тәртібі туралы хабардар ету;
Тармақша 4
4) Кеңес жұмысын қамтамасыз ету үшін қажетті өзге де ұйымдастырушылық-техникалық сипаттағы функциялар.
Тармақ 14
14. Отырыстың қорытындысы бойынша Кеңес қабылдаған шешімдерді көрсететін хаттамалар жасайды. Қабылданған шешіммен келіспеген Кеңес мүшесі хаттамаға өзінің ерекше пікірінің мәтінін қоса береді.
Тармақ 15
15. Егер отырысқа оның мүшелерінің кемінде үштен екісі қатысса, Кеңес шешімдері заңды деп есептеледі.
Тармақ 16
16. Кеңесті талқылау нәтижелері бойынша жобаны ұсынады:
Тармақша 1
1) іске асыру;
Тармақша 2
2) ескертулермен іске асыруға;
Тармақша 3
3) пысықтау үшін қайтару;
Тармақша 4
4) бас тарту.
Тармақ 17
17. Кеңес отырысының хаттамасы шешімдер қабылдау үшін барлық мүдделі мемлекеттік органдарға, сондай-ақ Кеңес отырысының күн тәртібіне сәйкес жобалары қаралған жеке және заңды тұлғаларға жіберіледі.
Тармақ 18
18. Кеңес жұмысының ашықтығын қамтамасыз ету және жұртшылықты хабардар ету үшін Кеңес отырыстарына аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, сәулетшілер, жоғары оқу орындарының сәулет факультеттерінің оқытушылары мен студенттері жіберіледі.