О создании комиссии по делам семьи и женщин при акимате города Степногорска Күшін жойған
Басқа 0
Степногорск қаласы әкімдігінің жанындағы отбасы және әйелдер істері жөніндегі комиссияны құру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 б. 1т. 17) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 22 желтоқсандағы № 4176 «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы отбасы және әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссия туралы» Жарлығына, Ақмола облысы әкімінің 1999 жылғы 24 ақпандағы № 85 «Облыс әкімі жанындағы отбасы және әйелдер істері жөніндегі комиссия туралы» шешіміне сәйкес, отбасының мүдделерін қорғауды, әйелдердің саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өміріне қатысу үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз ету мақсатында Степногорск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Степногорск қаласы әкімдігінің жанындағы отбасы және әйелдер істері жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) консультативтік - кеңесші органы 1 қосымшаға сәйкес құрылсын.
Тармақ 2
2. Комиссия туралы ереже 2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 3
3. Комиссияның дербес құрамы Степногорск қалалық мәслихатының бекітуіне ұсынылсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулы мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін және ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Степногорск қаласы әкімінің орынбасары Ж.Н. Филитовичке жүктелсін.
Басқа 6
Степногорск қаласы әкімдігінің
2004 жылғы 18 қарашадағы
№ ә-7/395 «Степногорск қаласы
әкімдігінің жанындағы отбасы және
әйелдер істері жөніндегі комиссия
кұру туралы» қаулысына
1 қосымша
Отбасы және әйелдер істері жөніндегі қалалық комиссияның құрамы
Филитович Жаннета Николаевна – қала әкімнің орынбасары, комиссия төрайымы
Адамсоптев Бақыт Нұртасұлы - ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімі бастығының м.а., комиссия төрайымының орынбасары
Әмренова Алтынай Байқадамқызы – ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімінің бас маманы, комиссия хатшысы
Комиссия мүшелері:
Сәдуақасова Гүлнар Әнуарбекқызы – қалалық білім бөлімінің бастығы
Белоглядова Лидия Петровна – халықты әлеуметтік қорғау басқармасының бастығы
Ұйтқыбаев Бақытбек Беренұлы – қалалық денсаулық сақтау бөлімінің бастығы
Фильчакова Надежда Петровна – қалалық қаржы бөлімінің бастығы
Кропачева Нина Павловна – «Қалалық жұмыспен қамту орталығы» мемлекеттік мекемесінің директоры
Ковцур Иван Павлович – қалалық мәдениет бөлімінің бастығы
Жакпарова Тұрсын Бәткенқызы – Степногорск қаласындағы Қазақстанның іскер әйелдер Ассоциациясы бөлімшесінің төрайымы (келісім бойынша)
Сабыров Сапар Сабырұлы – Ақсу кентінің әкімі
Исаев Қайролла Ахметұлы – Бестөбе кентінің әкімі
Мәжитов Бауыржан Жұмабекұлы – Завадской кентінің әкімі
Әйтімов Қайыргелді Исламбекұлы – Қарабұлақ селосының әкімі
Рубчевская Тамара Георгиевна – қалалық мәслихаттың депутаты (келісім бойынша)
Левкина Наталья Викторовна – «Женский Луч» қоғамдық бірлестігінің басшысы (келісім бойынша)
Басқа 7
Степногорск қаласы әкімдігінің
2004 жылғы 18 қарашадағы
№ ә-7/395 «Степногорск қаласы
әкімдігінің жанындағы отбасы және
әйелдер істері жөніндегі комиссия
кұру туралы» қаулысына
2 қосымша
Қала әкімдігінің жанындағы отбасы және әйелдер істері жөніндегі комиссия туралы ЕРЕЖЕ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Қала әкімдігінін жанындағы отбасы және әйелдер істері жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) қала әкімдігінің жанындағы консультативтік - кеңесші болып табылады.
Тармақ 2
2. Комиссия қызметінің құқықтық негізін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдары, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің кесімдері, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік кесімдері, әкімнің шешімдері, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы отбасы және әйелдер жөніндегі Ұлттық комиссияның ұсынымдары мен ұсыныстары, Облыстық отбасы және әйелдер істері жөніндегі комиссиясы, сондай-ақ осы Ереже құрайды.
Тарау 2. 2. Комиссияның негізгі міндеттері
2. Комиссияның негізгі міндеттері
Тармақ 3
3. Комиссияның негізгі міндеттері:
Тармақша 1
1) Казақстан Республикасы Президентінің жанындағы отбасы және әйелдер істері жөніндегі Ұлттық комиссияның белгіленген басымдықтары мен ұсынымдарына Облыстық отбасы, әйелдер және балалар мәселелері жөніндегі кешенді қалалық бағдарламаны қалыптастыру;
Тармақша 2
2) отбасын, әйелдер және балаларды әлеуметтік, экономикалық, заңды және психологиялық қолдау жөніндегі өзге де шараларды әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысу;
Тармақша 3
3) халық денсаулығының жағдайы, ана мен баланы қорғауды, отбасының тыныс-тіршілігінің әлеуметтік-экономикалық шарттарын қайта өркендету процестеріне кешенді талдау жүргізу;
Тармақша 4
4) отбасының әйелдер мен балалардың қоғамның экономикалық, әлеуметтік, саяси және мәдени өміріндегі нақты жағдайы мәселелері жөніндегі ақпараттық базаны қалыптастыруға қатысу;
Тармақша 5
5) жергілікті өкілдік және атқарушы органдарда әйел өкілдіктерін кеңейтуге ықпал ету;
Тармақша 6
6) әйелдерді тарта отырып шағын және орта бизнесті дамыту мәселелері жөнінде ұсыныс әзірлеу және оны іске асыруға қатысу;
Тармақша 7
7) жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктердің (келісім бойынша) отбасының, әйелдер мен балалардың жағдайын жақсартуға бағытталған ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын қарауға қатысу;
Тармақша 8
8) көп балалы және аз қамтамасыз етілген отбасыларға әлеуметтік қолдау көрсетуді жүзеге асыруға, мектепте жаппай оқуды қамтамасыз етуге, жетім балалардың жазғы демалысын ұйымдастыруға, отбасы, әйелдер мен балалар мәселелері жөніндегі өзге де әлеуметтік жобаларды іске асыруға жәрдемдесу;
Тармақша 9
9) жергілікті өкілді және атқарушы органдар үшін Комиссияның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ұсынымдар мен ұсыныстар дайындау;
Тармақша 10
10) қала мен кенттерде отбасының, әйелдер мен балалардың жағдайы аспектілерін неғұрлым толық және объективтік көрсету мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасау;
Тармақша 11
11) өз құзіретінің шегінде барлық мүдделі ұйымдармен ынтымақтасу, сондай-ақ әйелдер мен балалар мәселелері жөнінде қалалық конференциялар, семинарлар, кеңестер өткізу.
Тарау 3. 3. Комиссияның өкілеттігі
3. Комиссияның өкілеттігі
Тармақ 4
4. Комиссия өз құзыретінің шегінде:
Тармақша 1
1) өзінің отырыстарына әкімге тікелей бағынысты және есеп беретін мемлекеттік органдардың басшыларын шақыруға және тыңдауға;
Тармақша 2
2) белгіленген тәртіппен өз қызметін жүзеге асыру үшін қажет қүжаттар, материалдар және ақпарат сүратуға;
Тармақша 3
3) тиісті жергілікті мемлекеттік органдардың басшыларына отбасы, әйелдер мен балалар мәселелерін реттейтін заңдардың жол берілген бұзылуы фактілері бойынша тексерулер мен қызметтік тексерістер жүргізу туралы ұсыныс енгізуге;
Тармақша 4
4) белгіленген тәртіппен Комиссияның отырыстарын дайындауға және қалалық бағдарламаларды әзірлеуге қатысу үшін штаттан тыс сарапшылар ретінде қоғамдастықтың беделді және кәсіби даярлаған өкілдерін тартуға;
Тармақша 5
5) отбасының, әйелдер мен балалардың жағдайын жақсарту мақсатында жергілікті мемлекеттік органға, қоғамдық бірлестіктерге және өзге де ұйымдарға статистикалық талдаулық, әдістемелік және өзге ақпараттық материалдар жолдауға құқылы.
Тарау 4. 4. Комиссияның жұмысын ұйымдастыру
4. Комиссияның жұмысын ұйымдастыру
Тармақ 5
5. Комиссия өз қызметін осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 6
6. Комиссияны, облыс әкімінің жанындағы отбасы және әйелдер істері жөніндегі облыстық комиссияның төрағасымен келісім бойынша, әкім тағайындайтын төраға басқарады. Комиссия төрағасында орынбасары болуы мүмкін.
Тармақ 7
7. Комиссия жергілікті мемлекеттік органдардың және өзге де ұйымдардың өкілдері кіре алады.
Тармақ 8
8. Комиссияның отырыстары қажетіне қарай, бірақ кемінде тоқсанына бір рет өткізіледі.
Тармақ 9
9. Комиссия шешімді Комиссия мүшелерінің отырысқа қатысып отырған санының қарапайым көпшілік дауысымен қабылдайды. Дауыстар тең болған жағдайды төрағалық етушінің дауысы шешуші болып табылады.
Комиссия отырысы, егер оған Комиссия мүшелерінің жалпы санының 2/3 қатысса қүқық күші бар болып саналады.
Комиссияның шешімі хаттамамен ресімделеді.
Тармақ 10
10. Комиссия төрағасы:
Тармақша 1
1) комиссияның қызметіне басшылық жасауды ұйымдастырады және жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) комиссия отырысының күн тәртібін жасайды;
Тармақша 3
3) комиссияның отырыстарын шақырады және оларға төрағалық етеді. Комиссияның төрағасы болмаған кезде оның тапсырмасы бойынша отырыстарға оның орынбасары немесе Комиссия мүшелерінің бірі төрағалық етеді;
Тармақша 4
4) комиссия мүшелерінің қатарынан Комиссия отырысының күн тәртібіне енгізілген мәселе бойынша баяндамашыны белгілейді;
Тармақша 5
5) тоқсан сайын әкім Облыстық отбасы және әйелдер істері жөніндегі комиссиясының алдында және қала әкімдігінің отырысында Комиссия жұмысының қорытындылары туралы есеп береді;
Тармақша 6
6) қала әкімінің шешімінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Тармақ 11
11. Жұмысшы органы болып қала әкімі аппаратының ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімі белгіленсін.
Тарау 5. 5. Кеңестің қызметін қамтамасыз ету
5. Кеңестің қызметін қамтамасыз ету
Тармақ 12
12. Комиссияның қызметін ақпараттық - талдамалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуі жұмысшы органымен жүзеге асырылады.