Об определении порядка и условий установления стимулирующих надбавок к должностным окладам работников организаций, финансируемых из местного бюджета Мартукского района Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.02.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мәртөк ауданының жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу тәртібі мен шарттарын айқындау туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31, 37 баптарына, «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысының 5 тармағының 3) тармақшасына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын ұйымдардың жүргізушілері, аула тазалаушылары және қызметтік үй-жайларды тазалаушыларының лауазымдық айлықақыларына жергілікті бюджет қаражаты есебінен ынталандыру үстемеақыларын белгілеу тәртібі мен шарттары айқындалсын.
Тармақ 2
2. «Мәртөк ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі осы қаулының Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жариялануын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Мәртөк ауданы әкімінің аппараты басшысына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Басқа 5
Мәртөк ауданы әкімдігінің 2026 жылғы "17" ақпандағы № 48 қаулысына қосымша Мәртөк ауданының жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар жүргізушілері, аула тазалаушылары және қызметтік үй-жайларды тазалаушыларының лауазымдық айлықақыларына жергілікті бюджет қаражаты есебінен ынталандыру үстемеақыларын белгілеу тәртібі мен шарттары
Тарау 6
І-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар (бұдан әрі – Ұйымдар) жүргізушілері, аула тазалаушылары және қызметтік үй-жайларды тазалаушыларының лауазымдық айлықақыларына жергілікті бюджет қаражаты есебінен ынталандырушы үстемеақыларды белгілеудің тәртібі мен шарттары (бұдан әрі – Тәртіп) "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысының 5-тармағы 3)-тармақшасының негізінде әзірленді және жергілікті бюджеттен, оның ішінде аудандық бюджет, ауыл және ауылдық округтер бюджеттері есебінен қаржыландырылатын ұйымдар жүргізушілері, аула тазалаушылары және қызметтік үй-жайларды тазалаушыларының лауазымдық айлықақыларына жергілікті бюджет қаражаты есебінен ынталандыру үстемеақыларын (бұдан әрі – ынталандыру үстемеақылары) белгілеу тәртібі мен шарттарын айқындайды.
Тармақ 2
2. Ұйымдардың жүргізушілері, аула тазалаушылары және қызметтік үй-жайларды тазалаушыларының лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын тиісті жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша жергілікті бюджет қаражаты есебінен белгіленеді.
Тарау 9
ІІ-тарау. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар жүргізушілері, аула тазалаушылары және қызметтік үй-жайларды тазалаушыларының лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу тәртібі
Тармақ 3
3. Лауазымдық жалақыға ынталандырушы үстемеақыларын белгілеу дербес құрылымдық бөлімшелері басшыларының жазбаша ұсынысы негізінде ұйым басшысының не оны алмастыратын тұлғаның бұйрығымен жүргізіледі. Жазбаша ұсынымды дербес құрылымдық бөлімшелер қызметкерінің тікелей басшысы мемлекеттік органның бірінші басшысына шығарады.
Тармақ 4
4. Ұсынымда қызметкердің тегі мен лауазымы, жәрдемақының негіздері мен мөлшері көрсетіледі.
Тармақ 5
5. Ұсынымды ұйым басшысы күнтізбелік 10 күннен аспайтын мерзімде қарайды.
Тармақ 6
6. Ұйымның басшысы ұсынымды қарау нәтижесінде лауазымдық жалақыға ынталандыру үстемеақысын белгілеуге келіседі немесе бас тарту себептерін негіздей отырып бас тартады.
Тарау 14
ІІІ-тарау. Ынталандыру үстемеақыларын белгілеу шарттары
Тармақ 7
7. Ынталандыру үстемеақылары жүргізушілері, аула тазалаушылары және қызметтік үй-жайларды тазалаушыларының ынталандыру мақсатында белгіленетін төлемдер болып табылады.
Тармақ 8
8. Ынталандыру үстемеақылары Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, " Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлықақы беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу, сондай-ақ мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге бонустар төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы № 1127 қаулысында көзделген материалдық көмектің және ынталандыру төлемдердің бұрыннан бар түрлеріне қосымша төлемдер болып табылады.
Тармақ 9
9. Ынталандыру үстемеақыларын белгілеу құқығын беретін қызметкердің қызметінің нәтижелерін сипаттайтын негізгі көрсеткіштер:
Тармақша 1
1) орындаушылық және еңбек тәртібін сақтау;
Тармақша 2
2) белгілі бір кезеңдегі жұмыс нәтижелеріне қол жеткізу;
Тармақша 3
3) лауазымдық міндеттерді үлгілі және мінсіз орындау, аса маңызды және күрделі тапсырмаларды орындау және жұмыстағы басқа да жетістіктер;
Тармақша 4
4) ұйымдардың одан әрі қалыпты (үздіксіз) жұмысы шұғыл орындалуына байланысты болатын шұғыл және алдын ала күтпеген жұмыстарды орындау;
Тармақша 5
5) егер уақытша болмаған жұмыскерді алмастырушы қызметкердің лауазымдық міндеттеріне кірмейтін болса, қысқартылған және/немесе уақытша болмаған жүргізушілері, аула тазалаушылары және қызметтік үй-жайларды тазалаушыларының функцияларын өзінің негізгі жұмысынан босамай орындау;
Тармақша 6
6) оған міндеттердің кеңейтілген шеңберін, жоғары кәсіби деңгеймен және құзыреттілікпен ұштастырылған жұмыстағы жеткілікті тәжірибе (өтіл) мен дағдыларды, оларды практикада табысты қолданумен, сондай-ақ басқа да көрсеткіштерді жүктеу;
Тармақша 7
7) үстемеақылар сондай-ақ келесідей объективті мән-жайларға байланысты қызметкерді төмен ақы төленетін лауазымға (неғұрлым жеңіл жұмысқа) ауыстыру (тағайындау) кезінде белгіленуі мүмкін: осы органда еңбек міндеттерін атқаруға байланысты алынған еңбек мертігуі, кәсіптік ауруы немесе денсаулығының өзге де зақымдануы еңбекке жарамдылығын қалпына келтіргенге, не мүгедектік белгіленгенге дейін.
Тармақ 10
10. Лауазымдық айлықақыларға ынталандыру үстемеақы жүргізушілерге, аула тазалаушыларға және қызметтік үй-жайларды тазалаушыларға белгіленбейді:
Тармақша 1
1) Алынбаған тәртіптік жаза болған кезде;
Тармақша 2
2) Ұйымда бір айдан кем жұмыс істегендерге;
Тармақша 3
3) Сынақ мерзімінен өту кезеңіне;
Тармақша 4
4) Лауазымның тиісті санатының функциялары уақытша орындалған жағдайда;
Тармақша 5
5) Жұмыскерді материалдық жауапкершілікке тарту кезеңінде;
Тармақша 6
6) Жұмыскердің еңбекке уақытша жарамсыздығы кезеңінде;
Тармақша 7
7) Жалақысы сақталмайтын демалыс кезеңінде;
Тармақша 8
8) Оқу демалысы кезеңінде;
Тармақша 9
9) Жүктілікке және баланың (балалардың) туылуына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты демалыс кезеңінде;
Тармақша 10
10) Бала үш жасқа толғанға дейін оның күтімі бойынша жалақысы сақталмайтын демалыс кезеңінде.
Тармақ 11
11. Ынталандыру үстемеақылары еңбекақының негізгі көрсеткіштерін, бюджет мүмкіндіктерін талдауға негізделе отырып және Қазақстан Республикасының заңнамасы өзгерген жағдайда жыл сайынғы негізде қайта қаралуы мүмкін.
Тармақ 12
12. Бюджеттік ұйымдар жүргізушілері, аула тазалаушылары және қызметтік үй-жайларды тазалаушыларының лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын төлеуге арналған бюджет қаражаты әрбір қаржы жылында мемлекеттік ұйымды қаржыландыру жоспарында (даму жоспарында) көзделуге тиіс.