Об увеличении базовых ставок налога на земли Абайского района Карагандинской области, выделенные под автостоянки (паркинги) Қолданыста
Басқа 0
Қарағанды облысының Абай ауданындағы
автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге салынатын
базалық салық мөлшерлемелерінің көбеюі туралы»
Қазақстан Республикасының (Салық кодексі) Кодексіне және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, Абай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Автотұрақтар (паркингтер) санаттары осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген елді мекендердің жерлеріне салынатын салықтың мөлшерлеме көлемінің базалық мөлшерлемесі ұлғайтыла отырып белгіленсін.
Тармақ 3
3. Қарағанды облысының Абай ауданына жататын автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген басқа санаттағы жерлерге базалық салық мөлшерлемесін қолдануға жақын жатқан елді мекен болып Қарағанды облысы Абай ауданының Абай қаласы белгіленсін.
Тармақ 4
4. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Басқа 0. Қарағанды облысының Абай ауданы бойынша автотұрақтар (паркингтер) санаттары
Абай аудандық мәслихатының
2026 жылғы 20 ақпандағы
№ 46/430 шешіміне
1 қосымша
Қарағанды облысының Абай ауданы бойынша автотұрақтар (паркингтер) санаттары
р/с N
Автотұрақтардың түрлерi
Санаттары
1.
Жер үстiндегi жабық типті автотұрақтар, ашық типті автотұрақтар
1 санат
2.
Басқа маңыздағы ғимараттарға жалғастырылған автотұрақтар, басқа маңыздағы ғимараттардың iшiне салынған автотұрақтар
1 санат
2.
Ғимараттардың астындағы, жер астындағы, жертөлелердегі, шығыңқы ірге немесе төменгі жер үсті қабаттарда орналасқан автотұрақтар
2 санат
Басқа 1. Автотұрақтар (паркингтер) үшiн бөлiнген жерлерге салынатын салық мөлшерлемесінің санатына қарай мөлшерлерi
Абай аудандық мәслихатының
2026 жылғы 20 ақпандағы
№ 46/430 шешіміне
2 қосымша
Автотұрақтар (паркингтер) үшiн бөлiнген жерлерге салынатын салық мөлшерлемесінің санатына қарай мөлшерлерi
р./с. N
Автотұрақтардың санаты
Мөлшерлемелер
1.
1 санат
10 есе
2.
2 санат
9 есе