О создании районной рабочей группы по вопросам земельных отношений Күшін жойған
Басқа 0
Жер қатынасы мәселелері жөніндегі аудандық жұмыс тобын құру туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы № 442 Жер Кодексіне, Қазақстан Республикасының жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына және Ақмола облысы әкімдігінің Ақмола облыстық Әділет департаментінде 2004 жылы 14 сәуірде № 2438 болып тіркелген 2004 жылғы 26 наурыздағы № а-3/86 «Жер қатынастарының және Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің нормалары мен ережелерінің тәжірибелік жүзегр асырылуының әрі қарай жетілдірілуі туралы» қаулысына сәйкес, жер қатынастарының әрі қарай жетілдірілуі және жеке меншікті ауыл шаруашылығы данаптарындағы жерлерге кіргізу мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Жер қатынасы мәселелері жөнінде аудандық жұмыс тобы (әрі қарай аудандық жұмыс тобы) құрылсын (қосымша).
Тармақ 2
2. Қосымшаланған Аудгшдық жұмыс тобы туралы Ереже бекітілсін.
Тармақ 3
3. Аудандық жұмыс тобы жер қатынасы мәселелері жөніндегі істелген жұмыстар туралы облыстық жұмыс тобына ақпарат беріп отыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Жер қорлары басқармасы жөніндегі аудандық комитетке, аудандық жер бөлу инспекциясына:
Тармақша 1
1) шартты жер үлесі иелеріне олардың іс әрекеттерін белгіленге заңнамалармен жетілдіруде өз құқықтарын жүзеге асыруына тәжірибелік көмек көрсету;
Тармақша 2
2) жерді екінші қайтара пайдалану туралы келісімді бұзу және ауыл шаруашылығы жерлерін субъектілі жалға алуды доғару жөніндегі жоспарлау жұмыстары 2005 жылдың 1 қаңтарына дейін жалғастыру;
Тармақша 3
3) шартты жер үлесі иелерімен өз құқықтары және ауыл шаруашылығы жерлерін субьектілі жалға алу келісімдерін бұзу туралы құқықтарының жүзеге асырылуына мониторинг өткізу;
Тармақша 4
4) жердің пайдаланылуына және қорғалуына мемлекеттік бақылауды күшейту жөніндегі жұмыстарды белсенділендіру нұсқалсын.
Тармақ 5
5. Ақмола облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2004 жылғы 8 шілдедегі № а-7/144 «Жер құқық қатынасы мәселелері бойынша аудандық жұмыс тобын құру туралы» қаулысының іс-әрекеті доғарылсын.
Тармақ 6
6. Қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Қ.Ш.Шаяхметовке жүктелсін.
Тармақ 7
7. Осы қаулы Ақмола облыстық Әділет департаментінде тіркелген күннен бастап және бұқаралық ақпарат құралдарына жарияланғаннан кейін күшіне енеді.
Басқа 12. Аудандық жұмыс тобының ҚҰРАМЫ
Есіл ауданы әкімдігінің 2004 жылғы
8 қазандағы № а-10/190 «Жер қатынасы
мәселелері жөніндегі аудандық
жұмыс тобын құру туралы»
қаулысына қосымша.
Аудандық жұмыс тобының ҚҰРАМЫ
Есенжолов Еркеғали Темірғалиұлы
Аудан әкімі, Жұмыс тобының төрағасы
Берзух Александр Робертович
Жер қорларының басқарылуы жөніндегі аудандық комитет төрағасы, жұмыс тобы төрағасының орынбасары (келісімімен)
Усманова Ольга Фаритовна
Жер қорларының басқарылуы жөніндегі аудандық комитет бас маманы, жұмыс тобының хатшысы (келісімімен)
Аудандық жұмыс тобының мүшелері:
Григорьев Геннадий Григорьевич
Есіл ауданы бойынша облыстық жер инспекциясының бас маманы (келісімімен)
Тезяев Владимир Ильич
Есіл ауданы ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы
Оспанов Сабыржан Шәйкенұлы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі аудандық аумақтық басқармасының бастығы (келісімімен)
Қалмұханбетов Амангелді Ахметұлы
Есіл ауданы бойынша облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасының мемлекеттік инспекторы (келісімімен)
Зиберт Любовь Александровна
Есіл ауданы әкімі аппараты ұйымдастыру және бақылау жұмыстары бөлімінің бас маманы (заңгер кеңесші)
Басқа 13
Есіл ауданы әкімдігінің 2004 жылғы
8 қазандағы № а-10/190 «Жер қатынасы
мәселелері жөніндегі аудандық
жұмыс тобын құру туралы»
қаулысымен бекітілген.
Жер қатынасы мәселелері жөніндегі аудандық жұмыс тобы туралы ЕРЕЖЕ
Тармақ 1
1. Аудандық жұмыс тобы Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің негізгі нормалары мен ережелерін жүзеге асыру жөніндегі жергілікті атқару органдарының, мемлекеттік өкілеттік органдардың іс-қимылдарын үйлестіру мақсатында, сонымен бірге Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары А.С.Есімовтың 2004 жылғы 26 ақпандағы № 17-71/И-101 тапсырмасына, Ақмола облысы әкімдігінің 2004 жылғы 26 наурыздағы №а-3/86 «Жер қатынастарының және Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің нормалары мен ережелерінің тәжірибелік жүзеге асырылуыньщ әрі қарай жетілдірілуі туралы» қаулысына сәйкес құрылған.
Тарау 2. 2. Аудандық жұмыс тобының негізгі тапсырмалары.
2. Аудандық жұмыс тобының негізгі тапсырмалары.
Тармақ 2
2. Жұмыс тобының негізгі тапоъірмалары мыналар болып табылады:
Тармақша 1
1) жердің тиімді де, нәтижелі пайдаланылуы, топырақтын құнарлылығын арттыру, жер қорларын сақтау жөнінде және басқа да табиғатты қорғау іс шараларымен кешенді ұсыныс дайындау;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің және онымен бірге заңды кесімдердің негізгі ауыспалы ережелері мен нормаларының жүзеге асырылуына әдістемелік көмек көрсету;
Тармақша 3
3) азаматтар мен мемлекеттік емес тұлғалардың екінші рет жер пайдалану келісімдерін бұзу тәртібі мен қажеттілігін түсіндіру және шартты жер үлесі иелеріне белгілі заңнамалармен жасалған іс әрекеттерінің құқықтарын жүзеге асыру 2005 жылдың 1 қаңтарына дейін;
Тармақша 4
4) жерлерді аса маңызды қорғалатын табиғи аумақтар категориясына кіргізу және ауыстыру мәселелеріне қатысты ұсыныс енгізу және аса маңызды қорғалатын табиғи аумақтарды кейінге сақтау;
Тарау 3. 3. Аудандық жұмыс тобының жұмыстарын ұйымдастыру.
3. Аудандық жұмыс тобының жұмыстарын ұйымдастыру.
Тармақ 3
3. Аудандық жұмыс тобына топтың төрағасы, аудан әкімі басшылық етеді.
Тармақ 4
4. Төраға аудандық жұмыс тобының жұмыстарын ұйымдастырады және басқарады.
Тармақ 5
5. Жұмыс тобының мәжілісі қажет болған жағдайда және аудандық жұмыс тобының тапсырмаларына сәйкес жер құқық қатынасы мәселелері бойынша түскен өтініштерге қатысты өткізіледі. Аудандық жұмыс тобының мәжілісі мүшелерінің жалпы санының үштен екісі қатысқанда ғана құқылы болып саналады.
Тармақ 6
6. Аудандық жұмыс тобының шешімі нүсқамалық түрде боладьь
Тармақ 7
7. Аудандық жұмыс тобының төрағасы мынадай құқықтарға ие:
Тармақша 1
1) аудандық жұмыс тобының мәжілісіне істелген жұмыстарына есеп беруі үшін қаралатын мәселелерді шешуге қатысты лауазымды тұлғаларды шақыруға;
Тармақша 2
2) жұмыс тобының мүшелерінен Жер Кодексінің жүзеге асырылуы жөнінде қажетті ақпарат алуға.
Тармақша 3
3) Ақмола облысы әкімдігінің Ақмола облыстық Әділет департаментінде 2004 жылы 14 сәуірде № 2438 болып тіркелген 2004 жылғы 26 наурыздағы № а-3/86 «Жер қатынастарының және Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің нормалары мен ережелерінің тәжірибелік жүзеге асырылуының әрі қарай жетілдірілуі туралы» қаулысымен бекітілген іс шаралар жоспарын орындауда қанағаттандырарлықсыз жұмысымен көзге түскен лауазымды тұлғаларға тәртіптік жаза белгілеу туралы облыс әкіміне ұсыныс енгізуге.
Тармақ 8
8. Аудандық жұмыс тобының хатшысы мәжілістің күн тәртібін қалыптастырады, жұмыс тобы мүшелерінің өзара қарым-қатынасын ұйымдастырады және мәжіліс өткеннен кейін хаттаманы ресімдейді.
Тармақ 9
9. Хаттамаға аудандық жұмыс тобының төрағасы және хатшысы қол қояды.
Тарау 4. 4. Жұмыс тобы іс әрекетінің доғарылу тәртібі
4. Жұмыс тобы іс әрекетінің доғарылу тәртібі
Тармақ 10
10. Аудандық жұмыс тобының іс әрекетінің жойылуына аудан әкімдігінің қаулысы негіз болады.