О создании Совета по связям с национально-культурными центрами и религиозными объединениями при акимате города Степногорска Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.12.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Степногорск қаласы әкімдігінің жанындағы мәдени-ұлттық орталықтарымен және діни бірлестіктерімен байланыс жөніндегі Кеңес құру туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 316. 1 т. 17) тармақшасына, 2004 жылғы 27 тамыздағы облыс әкімінің орынбасары Ғ.М. Бекмағамбетовпен бекітілген, Ақмола облысының Қазақстан халықтарының VIII сессиясының кіші ассамблеясында облыс әкімі М.Есенбаевпен мазмұндалған мәселелерді жүзеге асыру жөніндегі шаралар Жоспарын негізге алып, қоғамдық тұрақтылықты, ұлтаралық келісімді, конфессияаралық қатынастардың үйлестіруін нығайту мақсатында Степногорск қаласының әкімдігі ҚАУЛЬІ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Степногорск қаласы әкімдігінің жанындағы мәдени-ұлттық орталықтарымен және діни бірлестіктерімен байланыс жөніндегі Кеңес (бұдан әрі - Кеңес) 1 қосымшаға сәйкес құрылсын.
Тармақ 2
2. Кеңестің дербес құрамы қалалық мәслихат сессиясының бекітуіне ұсынылсын.
Тармақ 3
3. Кеңес туралы Ереже 2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 4
4. Кеңес қызметін камтамасыз ететін жұмысшы органы болып қала әкімі аппаратының ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімі белгіленсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге жатады және ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Тармақ 6
6. Әділет Департаментінде 2004 жылғы 28 қаңтардағы № 2249 тіркелген Степногорск қ. әкімдігінің 2004 жылғы 13 қаңтардағы № ә-1/16 «Діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі Кеңес құру туралы» қаулысының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 7
7. Осы каулының орындалуын бақылау Степногорск қаласы әкімінің орынбасары Ж.Н. Филитовичке жүктелсін.
Басқа 8
Степногорск қаласы әкімдігінің 2004 жылғы 3 желтоқсандағы № ә-7/417 «Степногорск қаласы әкімдігінің жанындағы мәдени-ұлттық орталықтарымен және діни бірлестіктерімен байланыс жөніндегі Кеңес кұру туралы» қаулысына 1 қосымша Степногорск қаласы әкімдігінің жанындағы мәдени-ұлттық орталықтарымен және діни бірлестіктерімен байланыс жөніндегі Кеңестің ҚҰРАМЫ Жаңабергенов Қайрат Мырзаханұлы – қала әкімі, Кеңестің төрағасы Филитович Жаннета Николаевна – әкімнің орынбасары, Кеңес төрағасының орынбасары Шалтаев Нұрлан Мырзабекұлы - ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімі бас маманының м.а., Кеңес хатшысы Адамсоптев Бақыт Нұртасұлы - ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімі бастығының м.а. Сағиев Тоқтамыс Серәліұлы – «Қазақ тілі» мәдени-ұлттық орталығының басшысы (келісім бойынша) Нұрбаева Клавдия Сергеевна - «Сателлит» мәдени-ұлттық орталығының басшысы (келісім бойынша) Кульчицкий Владимир Адамович - «Полония» мәдени-ұлттық орталығының басшысы (келісім бойынша) Черепанов Евгений Владимирович – «Русская община Казахстана» Ақмола облыстық қоғамдык бірлестігі бөлімшесінің мүшесі (келісім бойынша) Сәбитов Қуаныш - Нұрмағамбет Пан атындағы мешіт имамы (келісім бойынша) Шапорев Игорь Сергеевич - «Приход Святого Тихона Московского» шіркеуінің аға попы (келісім бойынша) Гаврилятов Василий Константинович – қалалық ардагерлер Кеңесінің төрағасы (келісім бойынша) Романова Татьяна Владиславовна - «Горняк» ОМС» МКҚК - «Ақпараттық орталық» бөлімшесінің директоры Медведев Евгений Михайлович - «Церковь полного Евангелия Новая жизнь» діни бірлестігінің пасторы (келісім бойынша) Овчинников Михаил Николаевич - Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік Комитеті Департаменті қалалық бөлімінің жедел уәкілі (келісім бойынша) Сүлейменов Ардақ Төлегенүлы - Степногорск қалалық ішкі істер бөлімінің қоғамдық кауіпсіздік бөлімінің бастығы (келісім бойынша)
Басқа 9
Степногорск қаласы әкімдігінің 2004 жылғы 3 желтоқсандағы № ә-7/417 «Степногорск каласы әкімдігінің жанындағы мәдени-ұлттық орталықтарымен және діни бірлестіктерімен байланыс жөніндегі Кеңес құру туралы» қаулысына 2 қосымша Степногорск қаласы әкімдігінің жанындағы мәдени ұлттық орталықтарымен және діни бірлестіктерімен байланыс жөніндегі Кеңес туралы ЕРЕЖЕ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Қала әкімдігінің жанындағы мәдени-ұлттық орталықтарымен және діни бірлестіктерімен байланыс жөніндегі Кеңес (бұдан әрі - Кеңес) қала әкімдігінің жанындағы консультативтік - кеңесші органы болып табылады.
Тармақ 2
2. Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің кесімдерін, өзге де нормативтік құқықтық кесімдерін, Ақмола облысының Қазақстан халықтарынын Ассамблеясы және Қазақстан халықтарының кіші ассамблеясы туралы Ережесін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
Тармақ 3
3. Кеңес мемлекеттік органдармен, мәдени-ұлттық және діни бірлестіктермен, бұқаралық ақпарат құралдарымен, Ақмола облысының Қазақстан халықтарының кіші Ассамблеясымен өзара іс-қимылда өз қызметін жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Кеңестің шешімдері кепілдемелік сипатта болады.
Тарау 2. 2. Кеңестің мақсаты, міндеттері мен функциялары
2. Кеңестің мақсаты, міндеттері мен функциялары
Тармақ 5
5. Кеңестің мақсаты қоғамдық тұрақтылықты нығайту, қазақстандық патриотизмнің негізіндегі қоғамның бірігуі, қазақ халқының мемлекеттік тіл мен мәдениеттің біріккен өзекті рөлінде азаматтық және рухани мәдениет қауымдастықтың нығайюы демократиялық және өркениетті нормаларына сүйенген азаматтардың саяси мәдениетінің қалыптастыруы болып табылады.
Тармақ 6
6. Кеңес қызметінің негізгі міндеттері мыналар:
Тармақша 1
1) ұлтаралық келісімін, халықтардың достығын нығайту мен сақтау, бірліктің идеяларын қалыптастыру мен кеңейту;
Тармақша 2
2) кеңестің қоғамдық бірлестіктерімен және мемлекеттік органдармен өзара әрекеттесетін біртұтас жүйені құру арқылы ұлтаралық қатынастар саласындағы жағымсыз бетбағыстарды ескерту;
Тармақша 3
3) ұлтаралық қатынастар саласындағы жағдайларды талдау және мониторинг жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, осының негізінде қоғамның бірігуін қамтамасыз ететін практикалық ұсыныстарды дайындау;
Тармақша 4
4) мемлекетпен жүргізілетін ұлттық саясаттың әр алуан ұлттық мүдделерін тіркеуін камтамасыз етуге көмек көрсету болып табылады.
Тармақ 7
7. Кеңес өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес заңнамада белгіленген тәртіппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) мемлекеттік және ұлттық саясат жөніндегі кеңестік жұмысты жүргізеді;
Тармақша 2
2) диаспоралардың жиылыңкы тұратын жерлерде мемлекеттік-ұлттық орталықтардың кұруына көмектеседі;
Тармақша 3
3) аймақтағы ұлтаралық келісім мен саяси тұрақтылықты нығайту жөніндегі жұмысты жүргізеді;
Тармақша 4
4) ақпараттық - насихаттау шараларды жүзеге асырады;
Тармақша 5
5) конфессияаралық және ұлтаралық қатынастар саласындағы қайшылықтарды, дауларды реттеу, конфликтік жағдайларды шешу жөніндегі іс-тәжірибелік шараларды іске асыруға қатысады;
Тармақша 6
6) қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Тарау 3. 3. Кеңестің қызметін ұйымдастыру және жұмыс тәртібі
3. Кеңестің қызметін ұйымдастыру және жұмыс тәртібі
Тармақ 8
8. Кеңесті қала әкімі басқарады.
Тармақ 9
9. Кеңестің мәжілістері үш айда, кемінде бір рет өткізіледі. Кеңестің кезектен тыс мәжілісі Кеңес төрағасының жеке бастамасы бойынша шақырылады.
Тармақ 10
10. Кеңес мәжілісі, егер оның жұмысына кеңеске қатысқан мүшелерінің жалпы санының, кемінде үштен екісі қатысса, заңды болып есептеледі.
Тармақ 11
11. Кеңес өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін заңнамада белгіленген тәртіппен мыналарға:
Тармақша 1
1) қалалық басқармалар мен басқа да ведомстволардың, мәдени-ұлттық бірлестіктерден, діни ұйымдардан Кеңес құзыретіне жататын мәселелер бойынша ақпаратты пайдалануға;
Тармақша 2
2) Қазақстан халықтарының кіші Ассамблеяның қарауына ұсыныстарды енгізу, Қазақстан халықтар Ассамблеясының бағдарламалық құжаттарды және тұжырымдамаларды талқылауға;
Тармақша 3
3) Қазақстан халықтарының кіші Ассамблеясының негізгі мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыруына белсенді катысуды, оның идеялары мен қызметтерін насихаттауға;
Тармақша 4
4) Қазақстан халықтарының кіші Ассамблеясының құрамына ұсынылған кандидатура тұлғаларын талқылауға;
Тармақша 5
5) Кеңестің қарауына енгізілген мәселелердің талқылауына қатысуға;
Тармақша 6
6) Кеңес есептерін тыңдауға;
Тармақша 7
7) Кеңестің құзырына жатқызылған өзге де мәселерді шешу мен қарауға құқылы.
Тарау 4. 4. Кеңестің қызметін қамтамасыз ету
4. Кеңестің қызметін қамтамасыз ету
Тармақ 12
12. Кеңес қала әкімдігінің қаулысымен құрылады.
Тармақ 13
13. Кеңестің дербес құрамы қала мәслихатымен бекітіледі.
Тармақ 14
14. Кеңестің жұмысын оның төрағасы басқарады. Кеңестің төрағасы болмаған кезде оның функциялары төрағасының орынбасарына жүктеледі.
Тармақ 15
15. Кеңес жергілікті орындаушы және өкілетті органдардың өкілдері, Ақмола облысының Қазақстан халықтарының Ассамблеясы мүшелері және Қазақстан халықтарының кіші Ассамблеясы мүшелері, мәдени ұлттық және діни бірлестіктері, ардагерлер бірлестіктері мен бұқаралық ақпарат құралдары қатарынан жасақталады.
Тармақ 16
16. Кеңес қызметін ұйымдық-аналитикалық камтамасыз етуді қала әкімінің аппараты жүзеге асырады.
Тарау 5. 5. Кеңестің қызметін тоқтату тәртібі
5. Кеңестің қызметін тоқтату тәртібі
Тармақ 17
17. Кеңес өз қызметін қала әкімдігінің қаулысымен тоқтатады.