Об определении национального института развития в области энергосбережения и повышения энергоэффективности Қолданыста
Басқа 0
Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы
ұлттық даму институтын айқындау туралы
«Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 6-4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Энергия үнемдеу ұлттық орталығы» акционерлік қоғамы энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы ұлттық даму институты болып айқындалсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрілігінің Өнеркәсіп комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрілігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын қадағалау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.