Об утверждении норм потребления тепловой энергии Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.02.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жылу энергиясын тұтыну нормаларын бекіту туралы «Жылу энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған тұрғын үй-жайларына жылу энергиясын тұтыну нормалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі
Басқа 0. Жылу энергиясын тұтыну нормалары
Бұйрыққа қосымша Жылу энергиясын тұтыну нормалары Кли­мат­тық ай­мақ Об­лыс, рес­пуб­ли­ка­лық ма­ңы­зы бар қа­ла Өл­шем бір­лі­гі Ғи­ма­рат­тың қа­ба­ты 2 3 4,5 6,7 8,9 10, 11 12 және одан жо­ға­ры I кли­мат­тық ай­мақ Аста­на қа­ла­сы, Ақ­мо­ла об­лы­сы, Ақ­тө­бе об­лы­сы, Шы­ғыс Қа­зақ­стан об­лы­сы, Қа­ра­ған­ды об­лы­сы, Қо­ста­най об­лы­сы, Абай об­лы­сы, Ұлы­тау об­лы­сы, Пав­ло­дар об­лы­сы, Сол­тү­стік Қа­зақ­стан об­лы­сы ги­га­кал­ло­рий/м2 0,1333-тен 0,1859-ға дей­ін 0,1197-ден 0,1520-ға дей­ін 0,1155-тен 0,1467-ге дей­ін 0,1081-ден 0,1373-ге дей­ін 0,1027-ден 0,1303-ке дей­ін 0,0969-дан 0,1230-ға дей­ін 0,0933-тен 0,1185-ке дей­ін II кли­мат­тық ай­мақ Ал­ма­ты қа­ла­сы, Аты­рау об­лы­сы, Ал­ма­ты об­лы­сы, Ба­тыс Қа­зақ­стан об­лы­сы, қы­зы­лор­да об­лы­сы, Же­ті­су об­лы­сы ги­га­кал­ло­рий/м2 0,0898-ден 0,1332-ге дей­ін 0,0807-ден 0,1197-ге дей­ін 0,0778-ден 0,1155-ке дей­ін 0,0729-дан 0,1081-ге дей­ін 0,0692-ден 0,1026-ға дей­ін 0,0653-тен 0,0968-ге дей­ін 0,0629-дан 0,0933-ке дей­ін III кли­мат­тық ай­мақ Шым­кент қа­ла­сы, Жам­был об­лы­сы, Маң­ғы­стау об­лы­сы, Түр­кі­стан об­лы­сы ги­га­кал­ло­рий/м2 0,0897 дей­ін 0,0806 дей­ін 0,0777 дей­ін 0,0728 дей­ін 0,0691 дей­ін 0,0652 дей­ін 0,0628 дей­ін Ескерту: осы жылу энергиясын тұтыну нормалары жылыту кезеңінде тек тұрғын үй-жайларға қолданылады.