Об утверждении положения о государственном учреждений «Отдел земельных отношений района Шынгырлау Западно-Казахстанской области» Қолданыста
Басқа 0
«Батыс Қазақстан облысы
Шыңғырлау ауданының
жер қатынастары бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің
ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік орган туралы үлгілік ережесін басшылыққа ала отырып аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес «Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
- осы қаулыны ресми жариялауды және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Қазақстан Республикасының заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
- осы қаулыны Шыңғырлау ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
- осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Шыңғырлау ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 24 сәуірдегі № 38 «Шыңғырлау ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» қаулысы жойылсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы А. Бисембаевке жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 6. 1. Жалпы ережелер
Шыңғырлау ауданы әкімдігінің
2026 жылғы 18 ақпандағы
№ 20 қаулысына қосымша
«Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданының жер қатынастары бөлімі»
мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мемлекеттік мекеме) аудан аумағындағы жер қатынастары саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Тармақ 2
2. Мемлекеттік мекеменің ведомстволары жоқ.
Тармақ 3
3. Мемлекеттік мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы мемлекеттік тілде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
Тармақ 5
5. Мемлекеттік мекеме азаматтық–құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
Тармақ 6
6. Мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
Тармақ 7
7. Мемлекеттік мекеме өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 8
8. Мемлекеттік мекеменің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
Тармақ 9
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 091200, Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы, Шыңғырлау ауылы, Лұқпан Қылышев атындағы көшесі № 93-үй.
Мемлекеттік органның мемлекетік тілде толық атауы – «Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі. Мемлекеттік органның ресми тілде толық атауы – государственное учреждение «Отдел земельных отношений района Шынгырлау Западно-Казахстанской области». Мемлекеттік органның мемлекетік тілде атауын латын графикасында «Batys Qazaqstan oblysy Şyñğyrlau audanynyñ jer qatynastary bölımı» memlekettık mekemesı жазуларымен қолдануға болады және ол мемлекеттік тілдегі атауымен барабар.
Тармақ 10
10. Осы ереже мемлекеттік мекеменің құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 11
11. Мемлекеттік мекеменің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Мемлекеттік мекеме кәсіпкерлік субъектілерімен мемлекеттік мекеменің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.
Егер мемлекеттік мекеме заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
Тарау 2. 2-тарау. Мемлекеттік мекеменің мақсаттары мен өкілеттіктері.
2-тарау. Мемлекеттік мекеменің мақсаттары мен өкілеттіктері.
Тармақ 13
13. Мақсаттары:
Тармақша 1
1) жергілікті деңгейде жер қатынастары саласында мемлекет мүдделерін қорғау;
Тармақша 2
2) аудандық атқарушы органдардың жер ресурстарын пайдалану және қорғау бөлігінде қызметін үйлестіру;
Тармақша 3
3) ауданның экономикалық дамуы мақсатында жерлерді тиімді пайдалану үшін жағдай жасау болып табылады.
Тармақ 14
14. Өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) құқықтары:
- мемлекеттік органдар мен ұйымдардан Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген көлемде өзіне жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін қажетті құжаттарды, ақпарат пен материалдарды сұрату және алу;
- басымдықтарды, тұжырымдамаларды, нормативтік материалдарды, нысаналы бағдарламаларды, талдамалық шолулар мен болжамдарды әзірлеуге қатысу үшін қажет болған жағдайларда ғылыми қызметкерлер мен мамандарды тарту;
- Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру;
Тармақша 2
2) міндеттері:
- аудан аумағындағы жер ресурстарын ұтымды және тиімді пайдалану;
- жер қатынастарын жергілікті деңгейде реттеу;
Тармақ 15
15. Функциялары:
Тармақша 1
1) иесі жоқ жер учаскелерін анықтау және оларды есепке алу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
Тармақша 2
2) жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
Тармақша 3
3) ауданның жергілікті атқарушы органының жер учаскелерін беру және олардың нысаналы мақсатын өзгерту жөніндегі ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындау;
Тармақша 4
4) геологиялық зерттеуге және пайдалы қазбаларды барлауға байланысты жер қойнауын пайдалану мақсаттары үшін жария сервитуттарды белгілеу бойынша ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы ұсыныстарының және шешімдерінің жобаларын дайындау;
Тармақша 5
5) мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығару жөнінде ұсыныстар дайындау;
Тармақша 6
6) жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау;
Тармақша 7
7) жерге орналастыруды жүргізуді ұйымдастыру және жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту;
Тармақша 8
8) аудандардың жерді аймақтарға бөлу жобаларын, жерді ұтымды пайдалану жөніндегі жобалары мен схемаларын әзірлеуді ұйымдастыру;
Тармақша 9
9) елді мекендер аумағының жер-шаруашылық орналастыру жобаларын әзірлеуді ұйымдастыру;
Тармақша 10
10) жер сауда-саттығын (аукциондарын) жүргізуді ұйымдастыру;
Тармақша 11
11) жерді пайдалану мен қорғау мәселелерін қозғайтын, аудандық маңызы бар жобалар мен схемаларға сараптама жүргізу;
Тармақша 12
12) ауданның жер балансын жасау;
Тармақша 13
13) жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың, сондай-ақ жер құқығы қатынастарының басқа да субъектілерінің есебін жүргізу;
Тармақша 14
14) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің паспорттарын беру;
Тармақша 15
15) жер учаскесін сатып алу-сату шарттары мен жалдау және жерді уақытша өтеусіз пайдалану шарттарын жасасу және жасалған шарттар талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 16
16) Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің (бұдан әрі Кодекс) 33-бабы 1-тармағы алтыншы бөлігінің 5-1) тармақшасында көзделген жағдайда ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартын қайта ресімдеу;
Тармақша 17
17) Кодекстің 71-бабына сәйкес ауданның жергілікті атқарушы органының іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беруі жөнінде ұсыныстар дайындау;
Тармақша 18
18) ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екіншісіне ауыстыру жөнінде ұсыныстар дайындау;
Тармақша 19
19) пайдаланылмай жатқан және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылып жатқан жерді анықтау;
Тармақша 20
20) жерді резервке қалдыру жөніндегі ұсыныстарды дайындау;
Тармақша 21
21) жер-кадастрлық жоспарды, оның ішінде ауданның әкімшілік бағынысына берілген аумақта бекіту;
Тармақша 22
22) Осы Кодекске сәйкес өтеусіз берілген жер учаскелерінде мемлекеттік әлеуметтік объектілер (мемлекеттік жалпы білім беретін мектептер мен мектепке дейінгі ұйымдар, ауруханалар мен емханалар) салу кезеңіне уақытша өтеусіз жер пайдалану шарттарын жасасу жатады.
Тарау 3. 3-тарау. Мемлекеттік мекеме басшысының мәртебесі, өкілеттіктері.
3-тарау. Мемлекеттік мекеме басшысының мәртебесі, өкілеттіктері.
Тармақ 16
16. Мемлекеттік мекемені басқаруды басшы жүзеге асырады, ол Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
Тармақ 17
17. Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
Тармақ 18
18. Мемлекеттік мекеме басшысының орынбасарлары жоқ.
Тармақ 19
19. Мемлекеттік мекеме басшысының өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) Мемлекеттік мекеменің Ережесін, оған енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды аудан әкімдігінің бекітуіне ұсынады;
Тармақша 2
2) Мемлекеттік мекеменің жұмысын ұйымдастырады, оның қызметіне басшылық жасайды, мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның қызметтерін жүзеге асыруға дербес жауапты болады;
Тармақша 3
3) Мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің міндеттерін айқындайды және жауапкершілік дәрежесін белгілейді;
Тармақша 4
4) Мемлекеттік мекеме қызметкерлерін Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңына сәйкес лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады;
Тармақша 5
5) еңбек заңнамасына, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік мекеме қызметкерлерін сыйақыландыру, заттық көмек көрсету және тәртіптік жаза белгілеу мәселелерін шешеді;
Тармақша 6
6) өз құзыретінің шегінде бұйрықтар, мемлекеттік мекеменің қызметшілеріне орындауға міндетті нұсқаулар шығарады;
Тармақша 7
7) мемлекеттік органдарда, басқа да ұйымдарда мемлекеттік мекеменің мүддесін білдіреді;
Тармақша 8
8) ерлер мен әйелдердің әр түрлі құқықтары және мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдемесі туралы заңнаманы сақтауды қамтамасыз ету;
Тармақша 9
9) Мемлекеттік мекеме қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлық заңнамасын сақтауға дербес жауапкершілікті алып жүреді;
Тармақша 10
10) Жер Кодексіне, еңбек, мемлекеттік қызмет, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Тармақша 11
11) Мемлекеттік мекеме басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
Тармақ 20
20. Басшы өз қызметкерлерінің өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
Тарау 4. 4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі.
4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі.
Тармақ 21
21. Мемлекеттік мекеме заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Мемлекеттік мекеменің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 22
22. Мемлекеттік мекемеге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
Тармақ 23
23. Егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік мекеме өзіне бекітіліп берілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Тарау 5. 5-тарау. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату
5-тарау. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 24
24. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.