Об утверждении положения о государственном учреждений «Отдел внутренней политики района Шынгырлау Западно-Казахстанской области» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.02.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік орган туралы үлгілік ережесін басшылыққа ала отырып аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес «Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес аудан әкімдігінің кейбір қаулыларына енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
Тармақ 3
3. «Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте: - осы қаулыны ресми жариялауды және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Қазақстан Республикасының заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді; - осы қаулыны Шыңғырлау ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды; - осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы А. Бисембаевке жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 6. 1. Жалпы ережелер
Шыңғырлау ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 18 ақпандағы № 15 қаулысына № 1 қосымша «Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ 1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мемлекеттік мекеме) әлеуметтік және экономикалық процестерді басқару, реформаларды тереңдету жөніндегі Үкімет шараларын іске асыру тетігін жетілдіру, Қазақстан Республикасы Президентінің саясатын іске асыру саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Тармақ 2
2. Мемлекеттік мекеменің мынадай ведомстволары бар: Шыңғырлау ауданы әкімдігі Шыңғырлау ауданының ішкі саясат бөлімінің «Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – орталық).
Тармақ 3
3. Мемлекеттік мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және атауы мемлекеттік тілде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
Тармақ 5
5. Мемлекеттік мекеме азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
Тармақ 6
6. Мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
Тармақ 7
7. Мемлекеттік мекеме өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілерімен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 8
8. Мемлекеттік мекеменің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
Тармақ 9
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 091200, Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы, Шыңғырлау ауылы, Л.Клышев 112/e үй. Мемлекеттік органның мемлекетік тілде толық атауы – «Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі. Мемлекеттік органның ресми тілде толық атауы – «государственное учреждение «Отдел внутренней политики района Шынгырлау Западно-Казахстанской области». Мемлекеттік органның мемлекетік тілде атауын латын графикасында «Batys Qazaqstan oblysy Şyñğyrlau audanynyñ ışkı saiasat bölımı» memlekettık mekemesı жазуларымен қолдануға болады және ол мемлекеттік тілдегі атауымен барабар.
Тармақ 10
10. Осы ереже мемлекеттік мекеменің құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 11
11. Мемлекеттік мекеменің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Мемлекеттік мекеме кәсіпкерлік субъектілерімен мемлекеттік мекеменің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады. Егер мемлекеттік мекемеге заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгiленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
Тарау 2
2. Мемлекеттік мекеменің мақсаттары мен өкілеттіктері
Тармақ 13
13. Мақсаттары:
Тармақша 1
1) қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, сондай-ақ нығайту жөніндегі мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысу мемлекеттік егемендік, қоғамдық процестерді демократияландыру және қоғамды шоғырландыру;
Тармақша 2
2) мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың ауданда мемлекеттің ішкі саясатының іске асырылу барысын, сондай-ақ мемлекеттік мекеменің құзыретіне жататын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Үкіметінің, аудан әкімінің актілері мен тапсырмаларын орындауын бақылау;
Тармақша 3
3) ауданда болып жатқан қоғамдық-саяси процестерді және олардың даму тенденцияларын жан-жақты және объективті зерттеу, жалпылау және талдау;
Тармақша 4
4) аудандағы қоғамдық-саяси жағдайды болжауға бағытталған социологиялық және саяси зерттеулер жүргізу;
Тармақша 5
5) қоғамдық бірлестіктермен, саяси партиялармен, діни бірлестіктермен, кәсіптік одақтармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен, қоғам өкілдерімен өзара іс-қимыл жасау;
Тармақша 6
6) өңірде саяси жоспарлауды жүзеге асыру, аудан әкімінің ішкі саясат саласындағы іс-қимыл жоспарларын әзірлеу.
Тармақ 14
14. Өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) құқықтары: ішкі саясат саласындағы реттеу мәселелері бойынша ауданның мемлекеттік мекемелерімен өзара іс-қимыл жасауға; жұмыс істеу үшін қажетті қосымша ақпарат алу үшін тиісті мемлекеттік органдарға сұрау салуға; Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асырады; мемлекеттік мекеме мүдделерін мемлекеттік органдар мен ұйымдарда білдіру; өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдар мен ұйымдардан қажетті ақпаратты, құжаттар мен өзге де материалдарды сұрату және алу; Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге де құқықтар.
Тармақша 2
2) міндеттері: мемлекеттік мекеменің құзыретіне жататын мәселелерді шешу жөнінде аудан әкімінің қарауына ұсыныстар енгізуге; бөлімнің құзыретіне жататын мәселелер бойынша жоғары тұрған органға тиісті ақпарат беруге; жеке және заңды тұлғалардың шағымдары мен өтініштерін қарауға; қызметкерлердің біліктілігін арттыруды және оларды қайта даярлауды қамтамасыз етуге; Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асырады.
Тармақ 15
15. Функциялары:
Тармақша 1
1) әкімдіктің ауданда ақпарат тарату жүйесін жетілдіру, билік органдарының қоғамдық - саяси және экономикалық саладағы қызметі туралы жұмысына қатысу;
Тармақша 2
2) республикалық және жергілікті қоғамдық-саяси мәдени іс-шараларды саяси қамтамасыз етуді жүргізеді;
Тармақша 3
3) әкімдік отырыстарына ауданның ішкі саяси өмірі мәселелеріне материалдар дайындауға қатысу;
Тармақша 4
4) мемлекеттік мекеменің қызметіне қатысты мәселелер бойынша ақпараттық деректер базасын (компьютерлік, мәтіндік) қалыптастыру, жинақтау жөніндегі жұмысты жүзеге асыру;
Тармақша 5
5) саяси партиялармен, ұлттық мәдени бірлестіктермен, құқық қорғау, діни және басқа да қоғамдық ұйымдармен байланыстарды жүзеге асырады;
Тармақша 6
6) ауданда саяси партиялардың, қоғамдық бірлестіктердің, ұлттық - мәдени орталықтардың, үкіметтік емес ұйымдардың қатысуымен отырыстар, «дөңгелек үстелдер», конференциялар, кездесулер, акциялар және басқа да іс-шаралар өткізуді жоспарлау және ұйымдастыру;
Тармақша 7
7) діни бірлестіктердің қызметін талдау және зерделеу, діни бірлестіктер туралы деректер банкін толықтыру, экстремистер мен шетелдік миссионерлердің діни ортаға енуіне жол бермеу мақсатында олармен байланыста болу, конфессияаралық қақтығыстарға жол бермеу;
Тармақша 8
8) қоғамдық бірлестіктердің, оның ішінде үкіметтік емес ұйымдардың қызметін талдау және зерделеу, қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдар туралы;
Тармақша 9
9) компьютерлік деректер базасын жедел режимде қалыптастыру және қолдау, қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдардың қатысуымен семинарлар, конференциялар, акциялар ұйымдастыру және өткізу, ардагерлер ұйымдарымен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;
Тармақша 10
10) Қазақстан Республикасы Президентінің әкімшілігі бекіткен іс-шаралар қатарын және аудан әкімінің ішкі саясат саласындағы іс-қимыл жоспарын ескере отырып, ауданда ақпараттық - түсіндіру жұмыстарын медиа - жоспарлауды жүзеге асыру және үйлестіру;
Тармақша 11
11) мемлекеттік тапсырыстың іске асырылуын ұйымдастыру және бақылау, өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралдарында ақпараттық саясат жүргізу;
Тармақша 12
12) күн тәртібінің негізгі мәселелері бойынша медиа-жоспарларды, пресс-релиздерді дайындау, бұқаралық ақпарат құралдарының дайджесттерін қалыптастыру;
Тармақша 13
13) баспа және электрондық бұқаралық ақпарат құралдарының мониторингін жүргізу, деректер банкін жедел режимде қалыптастыру және қолдау;
Тармақша 14
14) ақпараттық-насихаттау топтарының жұмысын ұйымдастыру, мемлекеттің ішкі саясатының негізгі бағыттарын түсіндіру, оларды әдістемелік материалдармен қамтамасыз ету;
Тармақша 15
15) Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы Жолдаулары мен сөз сөйлеулерін, мемлекет, аудан өмірінің ішкі саясатын түсіндіру және іске асыру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, қоғамдық даму басқармасына тоқсан сайынғы талдамалық есептерді дайындау;
Тармақша 16
16) аудан халқының қоғамдық пікірінің мониторингі, әлеуметтік шиеленіс ошақтарын анықтау;
Тармақша 17
17) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерінің Шыңғырлау ауданының мемлекеттік мекемелері мен ұйымдарында пайдаланылуын (тігілуін, орналастырылуын) бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 18
18) ауданда көрнекі үгіт және жарнама құралдарының қоғамдық-саяси мазмұны мен орналастырылуына мониторинг жүргізу;
Тармақша 19
19) жастар саясаты саласындағы аудандық бағдарламаны әзірлеуге және іске асыруға қатысу;
Тармақша 20
20) аудан әкімі жанындағы жастар кеңесінің жұмысына қатысу;
Тармақша 21
21) жастар арасында қоғамдық-саяси, әскери - патриоттық, мәдени - бұқаралық іс-шаралар өткізуді саяси қамтамасыз ету, салауатты өмір салтын насихаттау, жастар арасында қылмыстың алдын алу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, акциялар, дөңгелек үстелдер;
Тармақша 22
22) Шыңғырлау ауданы Қазақстан халқы Ассамблеясының ақсақалдар, ардагерлер, аналар кеңестерімен өзара іс-қимыл жасау;
Тармақша 23
23) мемлекеттің отбасылық-демографиялық саясатын насихаттау, әйелдер мен балаларды отбасындағы, қоғамдағы отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғауға бағытталған заңдарды күшейту жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
Тармақша 24
24) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Тарау 3
3. Мемлекеттiк органның, алқалы органдардың (бар болса) бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
Тармақ 16
16. Мемлекеттік мекемені басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
Тармақ 17
17. Мемлекеттік мекеме басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
Тармақ 18
18. Мемлекеттік мекеме басшысының өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бөлімнің жұмыскерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
Тармақша 2
2) заңнамада белгіленген тәртіппен көтермелеу, материалдық көмек көрсету, тәртіптік жазалар қолдану мәселелерін шешеді;
Тармақша 3
3) бұйрықтарды шығарады және мемлекеттік мекеменің барлық жұмыскері үшін орындалуға міндетті нұсқаулар береді;
Тармақша 4
4) мемлекеттік мекеменің атынан сенімхатсыз әрекет жасайды;
Тармақша 5
5) белгіленген еңбекақы төлеу қоры мен саны шегінде мемлекеттік мекеме жұмыскерлерінің штат кестесін бекітеді;
Тармақша 6
6) бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің және мемлекеттік мекеменің міндеттемелері мен төлемдері бойынша қаржыландыру жоспарларын бекітеді;
Тармақша 7
7) өз құзыреті шегінде мемлекеттік мекеменің қаражаты мен мүлігін басқарады;
Тармақша 8
8) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шараларды қабылдамағаны үшін дербес жауап береді;
Тармақша 9
9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. Мемлекеттік мекеме басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін атқаруды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
Тарау 4
4. Мемлекеттік органның мүлкі
Тармақ 19
19. Мемлекеттік мекеменің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін. Мемлекеттік мекеменің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 20
20. Мемлекеттік мекемеге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
Тармақ 21
21. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, мемлекеттік мекеме өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Тарау 5
5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 22
22. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Басқа 74
Шыңғырлау ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 18 ақпандағы № 15 қаулысына № 2 қосымша Аудан әкімдігінің кейбір қаулыларына енгізілетін өзгерістер
Тармақ 1
1. «Шыңғырлау ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 10 ақпандағы № 31 «Шыңғырлау ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің кейбір мәселелері туралы» қаулысы жойылсын;
Тармақ 2
2. Шыңғырлау ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 26 желтоқсандағы № 237 «Шыңғырлау ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 10 ақпандағы № 31 «Шыңғырлау ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің кейбір мәселелері туралы» қаулысына өгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулысы жойылсын.