Об установлении публичного сервитута Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.02.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қауымдық сервитут белгілеу туралы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральдық газ құбырының екінші желісін салу үшін Маңғыстау облысының Бейнеу ауданы және Бейнеу ауылы жерінен жалпы көлемі 501,555 гектар жер учаскелеріне «Beineu-Bozoi-Shymkent 2 Ltd» жеке компаниясына жер учаскелерін меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймастан қауымдық сервитут белгіленсін.
Тармақ 2
2. «Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулыны Бейнеу ауданы әкімдігінің назарына жеткізсін.
Тармақ 3
3. Бейнеу ауданының әкімдігі осы қаулыны мүдделі тұлғалардың назарына жеткізсін және осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шараларды қабылдасын.
Тармақ 4
4. «Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі: заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді қамтамасыз етсін; осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Басқа 7. «Beineu-Bozoi-Shymkent 2 Ltd» жеке компаниясына қауымдық сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізімі
Маңғыстау облысы әкімдігінің 2026 жылғы «____» ________ №____ қаулысына қосымша «Beineu-Bozoi-Shymkent 2 Ltd» жеке компаниясына қауымдық сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізімі № р/н Жер пайдаланушылар мен меншік иелерінің атауы Кадастрлық нөмірі Қауымдық сервитут белгіленетін жердің жалпы ауданы, гектар Бейнеу ауданы 1. Аманжанов К.А. 13-196-008-1044 7,2945 2. Бокаев Ы.Х. 13-196-008-184 0,3809 3. Ауданбаев Н. Б. "Нұрлан " шаруа қожалықтары 13-196-008-158 22,7666 4. "КазАзот" ЖШС 13-196-015-188 0,1528 5. "Бейнеу-Шымкент Газ Құбыры" ЖШС 13-196-014-453 0,0503 6. "КазАзот" ЖШС 13-196-001-318 0,0989 7. "Интергаз Центральная Азия" АҚ 13-196-001-040 0,5417 8. "Logistic Union Service" ЖШС 13-196-001-276 0,0974 9. "Қазақстан темір жолы" ҰК " АҚ 13-196-014-429 0,0924 10. "Қазақстан темір жолы" ҰК " АҚ 13-196-008-636 0,0005 11. "Қазақстан темір жолы" ҰК " АҚ 13-196-008-658 0,0168 12. "Қазақстан темір жолы" ҰК " АҚ 13-196-008-771 0,0005 13. "Бейнеу-Шымкент Газ Құбыры" ЖШС 13-196-001-413 0,0212 14. "Интергаз Центральная Азия" АҚ 13-196-001-239 0,0307 15. "Бейнеу аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" ММ 13-196-001-411 0,0005 16. "Интергаз Центральная Азия" АҚ 13-196-014-245 0,0328 17. "KEGOC "электрлік басқару жөніндегі Қазақстандық компания (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company)"Акционерлік қоғамы 13-196-014-009 0,1819 18. cетями "(Кazakhstan Electricity Grid Operating Company) "KEGOC" 13-196-008-924 0,0419 19. "Қазақстан темір жолы" ҰК " АҚ 13-196-014-425 0,5113 20. "Бейнеу-Шымкент Газ Құбыры" ЖШС 13-196-008-894 0,0285 21. "Қазақстан темір жолы" ҰК " АҚ 19-196-014-418 0,0415 22. Бейнеу ауылы елді мекенінің жерлері 57,4019 Босалқы жерлер 411,7695 Бейнеу ауданы бойынша барлығы: 501,555