О повышении ставок земельного налога по Жамбылскому району Северо-Казахстанской области Күшіне енбеген

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.02.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы бойынша жер салығының мөлшерлемелерін арттыру туралы Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 582-бабының 1-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Автотұрақтар (паркингтер), автомобильге май құю станциялары, казино орналасқан жерлер, сондай-ақ тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылатын жер учаскелерін қоспағанда, Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес жүргiзiлетiн жердi аймаққа бөлу жобалары (схемалары) негiзiнде Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы бойынша жер салығының мөлшерлемелерін Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 577 және 578-баптарында белгiленген жер салығының базалық мөлшерлемелерінен 50 (елу) пайызға арттырсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.