Об установлении публичного сервитута, охранной зоны и определении минимальных расстоянии (безопасности) товариществу с ограниченной ответственностью «Газопровод Бейнеу-Шымкент» Қолданыста
Басқа 0
«Бейнеу–Шымкент Газ құбыры» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қауымдық сервитут, күзет аймағы және ең аз қашықтық (қауіпсіздік) аймақтарын анықтау және белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 16, 43, 69, 118, 121-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына, «Магистральдық құбыр туралы» туралы Қазақстан Республикасының Заңының 14-бабына сәйкес Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес газ құбырын пайдалану кезеңіне «Бейнеу–Шымкент» Газ құбыры» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне меншік иелері мен жер пайдаланушылардан жерлерді алып қоймай Бейнеу ауданында қауымдық сервитут, күзет аймағы және ең аз қашықтық (қауіпсіздік) аймақтары анықтасын және белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес «Бейнеу–Бозой–Шымкент» магистральдық газ құбырының күзет аймақтарында және ең аз қашықтық (қауіпсіздік) аймақтарында жерді пайдалану режімі белгіленсін.
Тармақ 3
3. «Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулыны Бейнеу ауданы әкімдігінің назарына жеткізсін.
Тармақ 4
4. Бейнеу ауданының әкімдігі осы қаулыны мүдделі тұлғалардың назарына жеткізсін және осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шараларды қабылдасын.
Тармақ 5
5. «Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі:
заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді қамтамасыз етсін;
осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
Тармақ 6
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 7
7. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Басқа 8. «Бейнеу - Шымкент Газ құбыры» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қауымдық сервитут, күзет аймағы және ең аз қашықтық (қауіпсіздік)
аймақтары анықталып,белгіленетін жер учаскелерінің экспликациясы
Маңғыстау облысы әкімдігінің
2026 жылғы ____________
№ ____ қаулысына 1- қосымша
«Бейнеу - Шымкент Газ құбыры» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қауымдық сервитут, күзет аймағы және ең аз қашықтық (қауіпсіздік)
аймақтары анықталып,белгіленетін жер учаскелерінің экспликациясы
№
Нысаналы мақсаты
Жер санаты
Қауымдық сервитут белгілеу алаңы (гектар)
Күзет аймағын белгілеу алаңы, (гектар)
Ең аз қашықтық аймағының алаңы (гектар)
Жайылым (гектар)
Басқа жерлер, (гектар)
1
2
3
4
5
6
7
8
Бейнеу ауданы
1
"Бейнеу-Бозой-Шымкент" магистральдық құбырының желілік бөлігі мен SCADA (ТОБЖ) телекоммуникация жүйесін төсеу және пайдалану үшін қауымдық сервитут белгілеу (11м х 11м)
ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер;
14,0715
-
-
14,0715
-
елдi мекендердiң (қалалардың, кенттер мен ауылдық елдi мекендердiң) жерi;
57,4859
-
-
57,4859
-
өнеркәсiп, көлiк, байланыс жері, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік, ядролық қауіпсіздік аймағы мұқтажына арналған жер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жер
0,6516
-
-
-
0,6516
Босалқы жерлер
193,0400
-
-
193,0400
-
Жиыны:
265,3480
-
-
264,6964
0,6516
2
"Бейнеу-Бозой-Шымкент" магистральдық газ құбырының желілік бөлігінің ең аз қашықтық (қауіпсіздік) аймақтарын анықтау (300м х 300м)
ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер;
-
-
414,2475
414,2475
-
елдi мекендердiң (қалалардың, кенттер мен ауылдық елдi мекендердiң) жерi;
-
-
1375,7662
1375,7662
-
өнеркәсiп, көлiк, байланыс жері, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік, ядролық қауіпсіздік аймағы мұқтажына арналған жер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жер
-
-
33,1028
-
33,1028
Босалқы жерлер
-
-
5094,7355
5094,7355
-
Жиыны:
-
-
6917,8520
6884,7492
33,1028
3
"Бейнеу-Бозой-Шымкент" магистральдық газ құбырының "Бейнеу" ГӨС кеңейту жер учаскелеріне күзет аймақтарын айналасына 100 м анықтау
өнеркәсiп, көлiк, байланыс жері, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік, ядролық қауіпсіздік аймағы мұқтажына арналған жер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жер
-
3,4681
-
-
3,4681
Босалқы жерлер
-
2,7469
-
2,7469
Жиыны:
-
6,2150
-
2,7469
3,4681
4
"Бейнеу-Бозой-Шымкент" магистральдық газ құбырының "Бейнеу" ГӨС кеңейтумен қоса жер учаскелеріне ең аз қашықтық (қауіпсіздік) аймақтарын айналасына 700 м анықтау
өнеркәсiп, көлiк, байланыс жері, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік, ядролық қауіпсіздік аймағы мұқтажына арналған жер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жер
-
-
37,2939
-
37,2939
Босалқы жерлер
-
-
156,3651
156,3651
-
Жиыны:
-
-
193,6590
156,3651
37,2939
Барлығы:
265,3480
6,2150
7111,5110
7308,5576
74,5164
Басқа 9. «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральдық газқұбырының күзет аймақтарында және ең аз қашықтық (қауіпсіздік) аймақтарында жерді пайдалану режимі
Маңғыстау облысы әкімдігінің
2026 жылғы ____________
№ ____ қаулысына 2- қосымша
«Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральдық газқұбырының күзет аймақтарында және ең аз қашықтық (қауіпсіздік) аймақтарында жерді пайдалану режимі
«Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральдық газқұбырының күзет аймақтарында және ең аз қашықтық (қауіпсіздік) аймақтарында:
Тармақша l
l) өткелдерді, қара жолдарды жене магистральдық құбыр трассасы мен оның күзет аймағын өзге де уақытша немесе тұрақты көлікпен кесіп өтудің орналасу орындарын, салу, жайластыру және пайдалану тәртібін магистральдық құбырдың меншік иесімен келіспей, орнатуға;
Тармақша 2
2) бағбандыққа және орман өсіруге, сондай-ақ жер жырту тереңдігі отыз бес сантиметрден аспайтын далалық ауыл шаруашылық дақылдарын өcipy үшін агротехникалық жұмыстар кешенінен басқа, магистральдық құбырдың меншік иесімен келісілмеген кез келген жұмысты орындауға;
Тармақша 3
3) магистральдық құбырдың меншік иесі не оператор жайластырған, магистральдық құбырға қызмет көрсету мен оның физикалық қорғалуын қамтамасыз етуге арналған жолдарды рекультивациялауға, сондай-ақ магистральдық құбырда өртке қарсы және күзет функцияларын орындайтын қызметкерлердің осы жолдармен қозғалысына, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, кедергі келтіруге;
Тармақша 4
4) кез келген құрылыстар мен ғимараттар салуға;
Тармақша 5
5) автомобиль көлігі құралдарының, тракторлар мен механизмдердің тұрақтарын ұйымдастыруға;
Тармақша 6
6) мелиоративтік жер жұмыстарын жүргізуге, суару және құрғату жүйелерін салуға;
Тармақша 7
7) магистральдық құбырдың меншік иесінің келісімінсіз тау-кен, құрылыс салу, монтаждау және жару жұмыстарын жүргізуге, жерді тегістеуге;
Тармақша 8
8) ұңғымалар, тікқазбалар орнатуға және топырақ сынамаларын (топырақ үлгілерінен басқа) алуға байланысты геологиялық түсіру, іздеу, геодезиялық және басқа да іздестіру жұмыстарын жүргізуге тыйым салынады.