Об утверждении формы сведений о распределенных цифровым майнинговым пулом цифровых активах между лицами, осуществляющими деятельность по цифровому майнингу, представляемых в орган государственных доходов Қолданыста
Басқа 0
Мемлекеттік кірістер органына ұсынылатын цифрлық майнинг пулы цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыратын тұлғалар арасында бөлген цифрлық активтер туралы мәліметтер нысанын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 56-бабының 10-тармағына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік кірістер органына ұсынылатын цифрлық майнинг пулы цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыратын тұлғалар арасында бөлген цифрлық активтер туралы мәліметтер нысаны бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Цифрлық майнингтік пул цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыратын тұлғалар арасында өзі бөлген цифрлық активтер туралы мәліметтерді ұсыну нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2023 жылғы 27 маусымдағы № 709 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32926 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларда көзделген іс-шаралардың орындалуы жөніндегі мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
Басқа 0. Мемлекеттік кірістер органына ұсынылатын цифрлық майнинг пулы
цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыратын тұлғалар
арасында бөлген цифрлық активтер туралы мәліметтер
Қазақстан Реcпубликасының
Қаржы министрі
2026 жылғы 20 ақпандағы
№ 119 Бұйрықпен
бекітілген
Әкімшілік деректерді
жинауға арналған
нысан
Мемлекеттік кірістер органына ұсынылатын цифрлық майнинг пулы
цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыратын тұлғалар
арасында бөлген цифрлық активтер туралы мәліметтер
Ұсынылады: мемлекеттік кірістер органдарына.
Әкімшілік нысанның атауы: Мемлекеттік кірістер органына ұсынылатын цифрлық майнинг пулы цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыратын тұлғалар арасында бөлген цифрлық активтер туралы мәліметтер.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі: ЦМПМ1.
Кезеңділігі: ай сайын.
Есепті кезең: 20____ жылдың ____ айы.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын адамдар тобы: цифрлық майнинг пулы.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 25-і күнінен кешіктірмей.
Жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі: _________________.
Жинау әдісі: электронды түрде.
№
Цифрлық майнердің жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі
Цифрлық майнердің атауы
Лицензия нөмірі
Лицензия берілген күні
Крипто әмиян деректемелері
Қамтамасыз етілмеген цифрлық активті бөлу күні
Цифрлық майнерге бөлінген қамтамасыз етілмеген цифрлық активтің атауы
1
2
3
4
5
6
7
8
кестенің жалғасы:
Цифрлық майнерге бөлінген қамтамасыз етілмеген цифрлық активтің мөлшері
Цифрлық актив цифрлық майнерге қандай біріктірілген соммамен аударылған
Цифрлық актив цифрлық майнерге аударылған күні
Майнинг пулының комиссиясы
Цифрлық активте
Валютада
Қамтамасыз етілмеген цифрлық активтің атауы
Қамтамасыз етілмеген цифрлық активтің саны
Валютаның атауы
Валютаның саны
9
10
11
12
13
14
15
Ескертпе: Мемлекеттік кірістер органына ұсынылатын цифрлық майнинг пулы цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыратын тұлғалар арасында бөлген цифрлық активтер туралы мәліметтер нысанын толтыру бойынша түсіндірме көрсетілген нысанға қосымшада келтірілген.
Атауы ________________________________________________________________________
Мекенжайы __________________________________________________________________
Телефон ____________________________________________________________
Электрондық пошта мекенжайы_______________________________________________
Орындушы __________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе)
қолы, телефон _______________________________________________________
____________________________________________________________________
Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам ____________________________
____________________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе)
қолы
Басқа 1. «Мемлекеттік кірістер органына ұсынылатын цифрлық майнинг пулы цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыратын тұлғалар арасында бөлген цифрлық активтер туралы мәліметтер» нысанын толтыру бойынша түсіндірме
(бұдан әрі – Нысан)
(индекс____, кезеңі ___)
Мемлекеттік кірістер
органына ұсынылатын цифрлық
майнинг пулы цифрлық
майнинг жөніндегі қызметті
жүзеге асыратын тұлғалар
арасында бөлген цифрлық
активтер туралы мәліметтер
нысанына қосымша
Нысан
«Мемлекеттік кірістер органына ұсынылатын цифрлық майнинг пулы цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыратын тұлғалар арасында бөлген цифрлық активтер туралы мәліметтер» нысанын толтыру бойынша түсіндірме
(бұдан әрі – Нысан)
(индекс____, кезеңі ___)
Тармақ 1
1. Ұсынылады: API (Application Programming Interface - қолданбалы бағдарламалау интерфейсі) қызметін қолдана отырып, www.Qoldau.kz интернет-ресурсы арқылы мемлекеттік кірістер органдарына.
Цифрлық майнинг пулы цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыратын тұлғалар арасында бөлген цифрлық активтер туралы мәліметтерді цифрлық майнинг пулы автоматтандырылған режимде береді, осыған байланысты мемлекеттік кірістер органының жауапты лауазымды адамын айқындау және көрсетілген мәліметтердің ұсынылуы жөнінде цифрлық майнинг пулын хабардар ету талап етілмейді.
Тармақ 2
2. Цифрлық майнинг пулы ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 25-і күнінен кешіктірмей осы Бұйрықпен бекітілген Нысанға сәйкес цифрлық майнинг пулы цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыратын тұлғалар арасында бөлген цифрлық активтер туралы мәліметтерді мемлекеттік кірістер органына жібереді.
Тармақ 3
3. Нысанда мынадай ақпарат көрсетіледі:
Нысанның 1-бағанында реті бойынша нөмірі көрсетіледі;
Нысанның 2-бағанында цифрлық майнердің жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі;
Нысанның 3-бағанында цифрлық майнердің атауы көрсетіледі;
Нысанның 4-бағанында цифрлық майнинг бойынша қызметті жүзеге асыруға лицензия нөмірі көрсетіледі;
Нысанның 5-бағанында бағанда цифрлық майнинг бойынша қызметті жүзеге асыруға лицензияның берілген күні көрсетіледі;
Нысанның 6-бағанында крипто әмиян деректемелері көрсетіледі;
Нысанның 7-бағанында қамтамасыз етілмеген цифрлық активті бөлу күні көрсетіледі;
Нысанның 8-бағанында цифрлық майнерге бөлінген қамтамасыз етілмеген цифрлық активтің атауы көрсетіледі;
Нысанның 9-бағанында цифрлық майнерге бөлінген қамтамасыз етілмеген цифрлық активтің мөлшері көрсетіледі;
Нысанның 10-бағанында цифрлық актив цифрлық майнерге қандай біріктірілген соммамен аударылғаны көрсетіледі;
Нысанның 11-бағанында цифрлық актив цифрлық майнерге аударылған күні көрсетіледі;
Нысанның 12-бағанында майнинг пулының комиссия түрінде алған қамтамасыз етілмеген цифрлық активтің атауы көрсетіледі;
Нысанның 13-бағанында майнинг пулының комиссия түрінде алған қамтамасыз етілмеген цифрлық активтің саны көрсетіледі;
Нысанның 14-бағанында майнинг пулының комиссия түрінде алған валютаның атауы көрсетіледі;
Нысанның 15-бағанында майнинг пулының комиссия түрінде алған валютаның саны көрсетіледі.