Об установлении публичного сервитута Қолданыста
Басқа 0
Жер учаскеге жария сервитут белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының Жер Кодексіне, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, 2026 жылғы 13 қаңтардағы № ЗТ-2026-00109439 «ULMUS BESSHOKY (УЛМУС БЕСШОКЫ)» акционерлік қоғамының өтінішін қарастырып, Балқаш қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «ULMUS BESSHOKY (УЛМУС БЕСШОКЫ)» акционерлік қоғамына 220 кВ ӘЖ инфрақұрылымын салу және пайдалану үшін Балқаш қаласының аумағында орналасқан ауданы 760 гектар жер учаскесінде жер пайдаланушылардан жер учаскелерін алып қоймай, 5 жылға жария сервитут белгіленсін.
Тармақ 2
2. «ULMUS BESSHOKY (УЛМУС БЕСШОКЫ)» акционерлік қоғамы траншеясыз кабель төсеу әдісімен жұмыс жүргізсін (келісім бойынша).
Тармақ 3
3. «Балқаш қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Балқаш қаласы әкімінің орынбасары Руслан Косемгалиулы Сыздыковқа жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.