О признании утратившими силу некоторых решений Созакского районного маслихата Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.02.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Созақ аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабы 2-тармағына сәйкес, Созақ аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Созақ аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 2
2. «Түркістан облысы Созақ аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы шешімнің «Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі» мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Созақ ауданы мәслихатының интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 6. Созақ аудандық мәслихатының күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізбесі
2026 жылғы 25 ақпандағы № 246 шешіміне қосымша Созақ аудандық мәслихатының күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізбесі
Тармақ 1
1. «Созақ ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» 2022 жылғы 23 қыркүйектегі № 127 Созақ аудандық мәслихатының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №29803 болып тіркелген) шешімі.
Тармақ 2
2. «Созақ аудандық мәслихатының 2022 жылғы 23 қыркүйектегі №127 «Созақ ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» 2023 жылғы 22 қыркүйектегі № 58 Созақ аудандық мәслихатының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6354-13 болып тіркелген) шешімі.
Тармақ 3
3. «Созақ аудандық мәслихатының 2022 жылғы 23 қыркүйектегі №127 «Созақ ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» 2024 жылғы 24 желтоқсандағы № 160 Созақ аудандық мәслихатының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6638-13 болып тіркелген) шешімі.