Об утверждении тарифов на оказание специальных социальных услуг Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.12.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған тарифтерді бекіту туралы Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңына, «Арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастыру қағидалары мен әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 281 бұйрығына сәйкес, Қармақшы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету тарифтері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Қармақшы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау жасау жетекшілік ететін Қармақшы ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Басқа 5
Қармақшы аудан әкімдігінің 2025 жылғы «24» желтоқсандағы № 174 қаулысына қосымша Арнаулы әлеуметтік қызметтерді бір қызмет алушыға көрсетуге арналған тарифтер № Мекемелердің түрлері Күніне бір қызмет алушының тарифі, теңге 1 Жартылай стационар жағдайда (18 жасқа толмаған тұлғаларға арналған) 10692,16 теңге (8 сағат) 2 Үйден қызметтер көрсету жағдайында 3971,05 тенге (Бір қызмет алушыға)