Об утверждении натуральных норм площадей специфических помещений для органов юстиции Қолданыста
Басқа 0
Әділет органдарының ерекше үй-жайларына арналған алаңдардың заттай нормаларын бекiту туралы
2025 жылғы 15 наурыздағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 70-бабының 3-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған әділет органдарының ерекше үй-жайларына арналған алаңдардың заттай нормалары бекiтілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңңама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Эталондық бақылау нормативтік-құқықтық актілер банкіне енгізу үшін жолдауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
Басқа 0. Әділет органдарының ерекше үй-жайларына арналған алаңдардың
заттай нормалары
Қазақстан Республикасының
Әділет министрінің
бұйрығымен бекітілген
Әділет органдарының ерекше үй-жайларына арналған алаңдардың
заттай нормалары
№ р/с
Үй-жайдың атауы
Өлшем бірлігі
Үй-жайдың алаңы
1
2
3
4
Әділет органдарына арналған ерекше үй-жайлар
1
заңды тұлғалар бөлімінің мұрағаты үшін үй-жай:
шаршы м.
600
Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының Әділет департаменті