Об утверждении размера платы за один кубический метр питьевой воды, поданной из систем водоснабжения, включенных в перечень систем водоснабжения, стоимость услуг по подаче питьевой воды которых подлежит субсидированию в Павлодарской области Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.02.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Павлодар облысында ауыз су беру жөніндегі көрсетілетін қызметтердің құны субсидиялауға жататын сумен жабдықтау жүйелерінің тізбесіне енгізілген, сумен жабдықтау жүйелерінен берілген ауыз судың бір текше метрі үшін төлемақы мөлшерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Су кодексінің 26-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 22 тамыздағы «Ауызсуды беру жөніндегі қызметтердің құны субсидиялауға жататын сумен жабдықтау жүйелерінен берілген ауызсудың бір текше метріне төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы» № 306 бұйрығына (мемлекеттік нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 36700 болып тіркелген) сәйкес, Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Павлодар облысында ауыз су беру жөніндегі көрсетілетін қызметтердің құны субсидиялауға жататын сумен жабдықтау жүйелерінің тізбесіне енгізілген, сумен жабдықтау жүйелерінен берілген ауыз судың бір текше метріне қосылған құн салығын ескере отырып 177,14 теңге мөлшерінде төлемақы мөлшері бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.