Об установлении ставок арендной платы за использование памятников истории и культуры местного значения по Павлодарской области Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.02.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Павлодар облысы бойынша жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдаланғаны үшін жалдау ақысының мөлшерлемелерін белгілеу туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 4-6) тармақшасына сәйкес, Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Павлодар облысы бойынша жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдаланғаны үшін жалдау ақысының мөлшерлемелері белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім 2026 жылғы 19 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 3. Павлодар облысы бойынша жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдаланғаны үшін жалдау ақысының мөлшерлемелері
Павлодар облыстық мәслихатының 2026 жылғы 24 ақпандағы № 249/28 шешіміне қосымша Павлодар облысы бойынша жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдаланғаны үшін жалдау ақысының мөлшерлемелері № р/н Қалалар және елді мекендердің санаты Жалға алу ақысының мөлшерлемелері 1 шаршы метрге айлық есептік көрсеткіштерінде (ай сайын) Тарих және мәдениет ескерткіштерінің түрлері Қала құрылысы және сәулет ескерткіштері Археология ескерткіштері, ансамбльдер мен кешендер, киелі объектілер Монументтік өнер құрылыстары 1. облыстық маңызы бар қалалар 0,8 0,6 1,0 2. кенттер 0,4 0,4 0,6 3. ауыл 0,2 0,2 0,4