Об утверждении Правил и методики проведения ежегодного социологического мониторинга состояния морально-психологического климата в подразделениях органов гражданской защиты Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.02.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Азаматтық қорғау органдарының бөлімшелеріндегі моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйіне жыл сайынғы әлеуметтік мониторинг жүргізудің қағидалары мен әдістемесін бекіту туралы «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 54-1-бабы 6-тармағының екінші бөлігіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Азаматтық қорғау органдарының бөлімшелеріндегі моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйіне жыл сайынғы әлеуметтік мониторинг жүргізудің қағидалары мен әдістемесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Кадр және тәрбие жұмысы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрыққа қол қойған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он жұмыс күні өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Азаматтық қорғау органдарының бөлімшелеріндегі моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйіне жыл сайынғы әлеуметтік мониторинг жүргізудің қағидалары мен әдістемесі
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2026 жылғы « » № бұйрығымен бекітілген Азаматтық қорғау органдарының бөлімшелеріндегі моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйіне жыл сайынғы әлеуметтік мониторинг жүргізудің қағидалары мен әдістемесі
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Азаматтық қорғау органдарының бөлімшелеріндегі моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйіне жыл сайынғы әлеуметтік мониторинг жүргізудің қағидалары мен әдістемесі (бұдан әрі – Қағидалар) азаматтық қорғау органдары (бұдан әрі – АҚО) жүйесінің бөлімшелеріндегі моральдық-психологиялық ахуалға жыл сайынғы әлеуметтік мониторинг жүргізудің тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар мен терминдер:
Тармақша 1
1) басшылық стилі – басқарушылық функцияларды тиімді және сапалы орындау мақсатында басшының ұжымға әсер ету тәсілдерінің, әдістерінің, амалдарының тұтас, салыстырмалы тұрақты жүйесінің жеке-типтік ерекшеліктері;
Тармақша 2
2) кәсіби қызмет ‒ еңбек түрі, оны саралаудың салдары. Кәсіби қызметтің жетістігі оның операциялық, ұйымдастырушылық, психологиялық және моральдық жақтарын, сондай-ақ жалпыланған кәсіби білімді және еңбек міндеттерін орындаудың оңтайлы тәсілдерін жүзеге асыруға әзір болуды көздейді;
Тармақша 3
3) АҚО бөлімшелерінің моральдық‒психологиялық ахуалы ‒ азаматтық қорғау органының алдында тұрған міндеттерді дұрыс түсінуімен сипатталатын психологиялық күй;
Тармақша 4
4) АҚО бөлімшелеріндегі моральдық-психологиялық ахуал жай-күйінің әлеуметтік мониторингі (бұдан әрі – мониторинг) ‒ азаматтық қорғау органдарындағы моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйі туралы ақпарат алуға бағытталған әлеуметтік процестер мен құбылыстарды жүйелі зерделеу;
Тармақша 5
5) мониторинг жүргізу әдістемесі ‒ зерттеудің әртүрлі әдістерінің, алынған деректерді алу, қолдану және түсіндіру тәртібінің жиынтығы;
Тармақша 6
6) сауалнама ‒ респонденттерден мәліметтер жинау құралы ретінде арнайы ресімделген сұрақтар тізімі ‒ сауалнама пайдаланылатын психологиялық вербалды-коммуникативтік әдіс.
Тармақ 3
3. Мониторинг мынадай мақсаттарда жүргізіледі:
Тармақша 1
1) проблемалық бөлімшелерді анықтау, қатынастардың құрылымын анықтау;
Тармақша 2
2) қызметкерлердің еңбек уәждемесін арттыру, қызметтік жұмысты ұйымдастыру, басқару процесін оңтайландыру, бөлімшелердің бірлігін арттыру;
Тармақша 3
3) қызметкерлер жұмысының тиімділігін арттыру;
Тармақша 4
4) қызметкерлердің кәсіби және басқарушылық тәжірибесін тиімді пайдалану;
Тармақша 5
5) психологиялық жағдайды жақсарту бойынша іс-шараларды әзірлеу.
Тарау 2. 2-тарау. Мониторинг жүргізу тәртібі мен әдістемесі
2-тарау. Мониторинг жүргізу тәртібі мен әдістемесі
Тармақ 4
4. Мониторингті бөлімше психологтары жыл сайын күнтізбелік жылдың төртінші тоқсанында, күннің бірінші жартысында, құпия түрде, сұралатын адамдарға зерттеудің мақсаттары мен анонимділігін алдын ала түсіндіре отырып, қызметкердің қалауы бойынша мемлекеттік не орыс тілдерінде жүргізеді.
Тармақ 5
5. Сауалнама ұзақтығы жиырма минуттан алпыс минутқа дейін. Зерттеу нәтижелерін объективті бағалау үшін бос лауазымдарды, декреттік демалыстағы, еңбек демалысындағы, іссапардағы, қызметке жарамсыз кезіндегі, сондай-ақ АҚО бөлімшесіндегі бірлескен қызметте кемінде алты ай қызмет өткеріп жатқан басшыларды және қызметкерлерді қоспағанда, қызметкерлердің нақты санының кемінде 70%-ы қатысуы қажет. Қызметкерлердің қатысуы нақты санның 70%-дан аз болған жағдайда, зерттеу нәтижелері жарамсыз деп танылады.
Тармақ 6
6. АҚО бөлімшелеріндегі моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйіне жыл сайынғы социологиялық мониторинг мынадай жолмен жүргізіледі:
Тармақша 1
1) стандартталған тесттер-нәтижелерді жүргізу және өңдеу нұсқаулығымен нақты анықталған сұрақтары бар психологиялық тесттер;
Тармақша 2
2) сауалнама – әрқайсысы мониторингтің орталық міндетімен қисынды байланысқан сұрақтар жиынтығы;
Тармақша 3
3) әңгімелесу ‒ мәліметтер алу мақсатында диалог жүргізуден тұратын психологиялық вербалды-коммуникативтік әдіс.
Тармақ 7
7. Мониторинг автоматтандырылған ақпараттық жүйені пайдалана отырып немесе қағаз тасығыштарда жүргізіледі. Сауалнама немесе қағаз тасығыштарда тестілеу жағдайында қызметкер толтырылған сауалнаманы мөрленген контейнерге (урнаға) өз қолымен орналастырады. Сауалнама аяқталғаннан кейін мөрленген контейнерді ашу және санау үш қызметкерден тұратын комиссияның (психолог, сауалнамаға қатысушы екі респондент) қатысуымен сауалнамалардың мазмұнымен таныспай және ашу хаттамасын жасаумен жүргізіледі. Зерттеулер аяқталғаннан кейін сауалнамалар АҚО бөлімшесінің психологында бір жыл бойы сақталады, кейін жойылу тиіс.
Тармақ 8
8. Мониторинг жүргізу мына кезеңдерді қамтиды:
Тармақша 1
1) дайындық ‒ ұйымдастыру, зерттеу үшін әдістемелерді таңдау;
Тармақша 2
2) негізгі ‒ жеке құрам үшін нұсқама өткізу;
Тармақша 3
3) қорытынды ‒ алынған деректерді талдау және жинақтау, өңдеу, моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйі туралы тұжырымдар және ұсынымдар.
Тармақ 9
9. Мониторинг жүргізу (уақыты мен орны) бөлімше басшысымен келісіледі.
Тармақ 10
10. Мониторинг нәтижелерін түсіндіру субъективті пікірге және қызметкердің оны қызметте қоршаған ортаға қатынасына негізделеді:
Тармақша 1
1) еңбекті ұйымдастыру және оның шарттары;
Тармақша 2
2) кәсіби және лауазымдық өсу;
Тармақша 3
3) еңбек қызметіне қанағаттану;
Тармақша 4
4) басшылықпен қарым-қатынас (басшылық стиліне);
Тармақша 5
5) әріптестермен қарым-қатынас;
Тармақша 6
6) психологиялық ахуал.
Тармақ 11
11. Мониторинг нәтижелері бойынша қолайлы, орташа қолайлы (қанағаттанарлық) және қолайсыз ахуалдың көрсеткіштері айқындалады.
Тармақ 12
12. Сауалнамаға қатысқан респонденттердің шекті мәні 70% - дан астам және одан жоғары қолайлы ахуалдың көрсеткіштері мынадай өлшемшарттар бойынша:
Тармақша 1
1) кәсіби қызметке қанағаттанудың жоғары және ортадан жоғары деңгейі;
Тармақша 2
2) пікірлердің келісілуінің жоғары және ортадан жоғары дәрежесі;
Тармақша 3
3) басшылар мен бағыныстылардың өзара қолайлы қарым-қатынасы.
Тармақ 13
13. Сауалнамаға қатысқан респонденттердің 50%-дан 70% - на дейінгі шекті мәні бар моральдық-психологиялық ахуалдың орташа қолайлы (қанағаттанарлық) деңгейінің көрсеткіштері мынадай өлшемшарттар бойынша:
Тармақша 1
1) салыстырмалы түрде тұрақты жағдай сақталады, бірақ жанжал (жасырын)белгілері бар;
Тармақша 2
2) ұжымдағы қарым-қатынас формальды, жалпы міндеттерді шешуде бірыңғай ұстаным жоқ;
Тармақша 3
3) қызметкерлер өз міндеттерін орындайды, бірақ көп ынтасыз және қосымша бастамасыз.
Тармақ 14
14. Сауалнамаға қатысқан респонденттердің 50%-дан кем шекті мәні бар қолайсыз ахуалдың көрсеткіштері мынадай өлшемшарттар бойынша:
Тармақша 1
1) қызметкерлердің кәсіби қызметі уәждемесінің өзгеруіне, кәсіби күйзелуіне, кәсіби денсаулығының нашарлауына, кәсіби қызметке қанағаттанушылықтың төмен бағалануына, жұмыста перспективалардың болмауына, еңбектің ауыр жағдайларына, жалақының төмен деңгейіне, әлеуметтік қорғалудың нашарлауына байланысты кадрлардың тұрақтамауы;
Тармақша 2
2) ұжымның қызметтік жұмысы тиімділігінің төмендігі, қызметкерлердің кәсіби даярлығының төмен деңгейі, ұжымды басқарудың авторитарлық стилі, орындаушылық тәртіптің төмен деңгейі;
Тармақша 3
3) қызметкерлер арасындағы қақтығыстар.
Тармақ 15
15. Моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйіне мониторинг жүргізу рәсімі мен қорытындыларын (нәтижелерін) бөлімше психологы қамтамасыз етеді.
Тармақ 16
16. Мониторинг нәтижелері бойынша іріктеу жеткіліксіз болған не «қолайсыз моральдық-психологиялық ахуал» деген қорытынды шығарылған жағдайда, қайталама мониторинг алты айдан кейін жүргізіледі.
Тармақ 17
17. Психолог анықтама түрінде жинақталған ақпаратты бөлімше бастығына ұсынады.
Тармақ 18
18. Бөлімшелерде моральдық-психологиялық ахуалдың нәтижелері туралы ақпарат Кадр және тәрбие жұмысы департаментіне есепті айдың 20-шы күніне дейін ұсынылады. Кадр және тәрбие жұмысы департаменті қорытындылары мен ұсынымдары бар жалпы анықтаманы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрілігінің (бұдан әрі – Министрлік) басшылығы үшін қалыптастырады.
Тармақ 19
19. Қажет болған жағдайда (қызметкердің шағымы, шиеленіс жағдайы бойынша ұжымдық жолданым) зерттеу Кадр және тәрбие жұмысы департаменті психологтары Министрлік басшылығының шешімі бойынша қосымша мониторинг жүргізеді. ________________________________