Об установлении ставок арендной платы за использование памятников истории и культуры местного значения Алматинской области Қолданыста
Басқа 0
Алматы облысының жергілікті маңызы бар
тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдаланғаны
үшін жалдау ақысының мөлшерлемесін белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағы 4-6) тармақшасына сәйкес Алматы облысының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Алматы облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдаланғаны үшін жалдау ақысының мөлшерлемесі осы шешімнің қосымшасына сәйкес белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4
Алматы облыстық мәслихатының
2026 жылғы 25 ақпандағы № 46-261
шешімнің қосымшасы
Алматы облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет
ескерткіштерін пайдаланғаны үшін жалдау ақысының
мөлшерлемелері
№ р/н
Қалалар және елді мекендердің санаты
Жалға алу ақысының мөлшерлемелері 1 шаршы метрге айлық есептік көрсеткіштерінде (ай сайын)
Тарих және мәдениет ескерткіштерінің түрлері
Қала құрылысы және сәулет ескерткіштері
Археология ескерткіштері, ансамбльдер мен кешендер, киелі объектілер
Монументтік өнер құрылыстары
1.
облыстық маңызы бар қалалар
0,8
0,6
1,0
2.
аудан орталығы
0,6
0,4
0,8
3.
кенттер
0,4
0,4
0,6
4.
ауыл
0,2
0,2
0,4
Ескерту: Алматы облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдаланғаны үшін жалдау ақысының мөлшерлемелері жалдау ақысының мөлшерлемелерін жалдау алынатын алаңның шаршы метрдегі көлеміне көбейту жолымен шығарылады.