Об утверждении Правил использования животных, кроме редких и находящихся под угрозой исчезновения, в научных, культурно-просветительских, воспитательных и эстетических целях, в том числе для создания зоологических коллекций Қолданыста
Басқа 0
Сирек кездесетiн және құрып кету қатерi төнген жануарлардан басқа жануарларды ғылыми, мәдени-ағартушылық, тәрбиелiк және эстетикалық мақсаттарға, оның iшiнде зоологиялық коллекциялар жасау үшiн пайдалану ережесiн бекiту туралы
"Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" 2004 жылғы 9 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңының 42-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса берiлiп отырған Сирек кездесетiн және құрып кету қатерi төнген жануарлардан басқа жануарларды ғылыми, мәдени-ағартушылық, тәрбиелiк және эстетикалық мақсаттарға, оның iшiнде зоологиялық коллекциялар жасау үшiн пайдалану ережесi бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Орман және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң төрағасы Е.Н. Нысанбаевқа және Балық шаруашылығы комитетiнiң төрағасы Ю.Т. Ромашовқа жүктелсiн.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткеннен бастап күшiне енедi және жариялануға жатады.
Келісілді:
Қазақстан Республикасының
Білім және Ғылым министрі
9 қараша 2004 жыл
Басқа 0. Сирек кездесетiн және құрып кету қатерi төнген жануарлардан басқа жануарларды ғылыми, мәдени-ағартушылық, тәрбиелiк және эстетикалық мақсаттарға, оның iшiнде зоологиялық коллекциялар жасау үшiн пайдалану ережесi
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлiгi
Орман және аңшылық комитетiнiң
2004 жылғы 10 қарашадағы
N 652 бұйрығымен бекiтiлген
Сирек кездесетiн және құрып кету қатерi төнген жануарлардан басқа жануарларды ғылыми, мәдени-ағартушылық, тәрбиелiк және эстетикалық мақсаттарға, оның iшiнде зоологиялық коллекциялар жасау үшiн пайдалану ережесi
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Сирек кездесетiн және құрып кету қатерi төнген жануарлардан басқа жануарларды ғылыми, мәдени-ағартушылық, тәрбиелiк және эстетикалық мақсаттарға, оның iшiнде зоологиялық коллекциялар жасау үшiн пайдаланудың осы ережесi (бұдан әрi - Ереже) "Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзiрлендi және Сирек кездесетiн және құрып кету қатерi төнген жануарлардан басқа жануарларды ғылыми, мәдени-ағартушылық, тәрбиелiк және эстетикалық мақсаттарға, оның iшiнде зоологиялық коллекциялар жасау үшiн пайдаланудың тәртiбiн айқындайды.
Тармақ 2
2. Сирек кездесетiн және құрып кету қатерi төнген жануарлардан басқа жануарларды ғылыми, мәдени-ағартушылық, тәрбиелiк және эстетикалық мақсаттарға, оның iшiнде зоологиялық коллекциялар жасау үшiн пайдалануды жалпы және арнайы пайдалану тәртiбiмен жеке және заңды тұлғалар жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда сирек кездесетiн және құрып кету қатерi төнген жануарлардан басқа жануарларды ғылыми, мәдени-ағартушылық, тәрбиелiк және эстетикалық мақсаттарға, оның iшiнде зоологиялық коллекциялар жасау үшiн пайдалану Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Тарау 2. 2. Жалпы пайдалану тәртiбiмен жануарларды ғылыми, мәдени-ағартушылық, тәрбиелiк және эстетикалық мақсаттарға пайдалану
2. Жалпы пайдалану тәртiбiмен жануарларды ғылыми, мәдени-ағартушылық, тәрбиелiк және эстетикалық мақсаттарға пайдалану
Тармақ 4
4. Жалпы пайдалану тәртiбiмен жануарларды ғылыми, мәдени- ағартушылық, тәрбиелiк және эстетикалық мақсаттарға пайдалану тiршiлiк ету ортасынан жануарлар дүниесi объектiлерiн алмай тегiн негiзде жүзеге асырылады және қандайда бiр рұқсат берудi талап етпейдi.
Тармақ 5
5. Сирек кездесетiн және құрып кету қатерi төнген жануарлардан басқа жануарларды ғылыми, мәдени-ағартушылық, тәрбиелiк және эстетикалық мақсаттарға, оның iшiнде зоологиялық коллекциялар жасау үшiн жалпы пайдалану мынадай:
Тармақша 1
1) көзбен шолып байқау;
Тармақша 2
2) сурет және бейне түсiру, аудио жазба;
Тармақша 3
3) жануарлардың суретiн салу жолымен жүзеге асырылады.
Тарау 3. 3. Арнайы пайдалану тәртiбiмен сирек кездесетiн және құрып кету қатерi төнген жануарлардан басқа жануарларды ғылыми, мәдени-ағартушылық, тәрбиелiк және эстетикалық мақсаттарға, оның iшiнде зоологиялық коллекциялар жасау үшiн пайдалану
3. Арнайы пайдалану тәртiбiмен сирек кездесетiн және құрып кету қатерi төнген жануарлардан басқа жануарларды ғылыми, мәдени-ағартушылық, тәрбиелiк және эстетикалық мақсаттарға, оның iшiнде зоологиялық коллекциялар жасау үшiн пайдалану
Тармақ 6
6. Арнайы пайдалану тәртiбiмен сирек кездесетiн және құрып кету қатерi төнген жануарлардан басқа жануарларды ғылыми, мәдени-ағартушылық, тәрбиелiк және эстетикалық мақсаттарға, оның iшiнде зоологиялық коллекциялар жасау үшiн пайдалану Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы басқару және бақылау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар (бұдан әрi - Уәкiлеттi орган) беретiн рұқсатқа сәйкес тiршiлiк ету ортасынан жануарлар дүниесi объектiлерiн алумен ақылы негiзде жүзеге асырылады.
Төлемдер жануарларды ен салу және сырға тағу мақсаттары үшiн ұстап, кейiннен оларды табиғат ортасына жiберу кезiнде алынбайды.
Тармақ 7
7. Жануарлар дүниесiн арнайы пайдалану мынадай:
Тармақша 1
1) жануарларды ұстау, ату және олжалау;
Тармақша 2
2) жануарлардың тiршiлiк әрекетiне азық жинау жолымен жүзеге асырылады.
Тарау 4. 4. Жануарлар дүниесі объектiлерiнiң жекелеген түрлерiн пайдалану ерекшелiктерi
4. Жануарлар дүниесі объектiлерiнiң жекелеген түрлерiн пайдалану ерекшелiктерi
Тармақ 8
8. Сирек кездесетiн және құрып кету қатерi төнген жануарлардан басқа жануарларды ғылыми мақсаттарға пайдалану жануарлар дүниесi объектiлерiн бiлу, олардың таралуы мен саны үшiн жүргiзiледi.
Тармақ 9
9. Сирек кездесетiн және құрып кету қатерi төнген жануарлардан басқа жануарларды мәдени-ағартушылық, тәрбиелiк және эстетикалық мақсаттарға пайдалану азаматтардың экологиялық сауаттылығын жоғарлату, жануарларды ұқыпты қарауға тәрбиелеу, халықтың рухани қажеттiлiгiн және демалысын қанағаттандыру үшiн жүргiзiледi.
Тарау 5. 5. Сирек кездесетiн және құрып кету қатерi төнген жануарлардан басқа жануарларды ғылыми, мәдени-ағартушылық, тәрбиелiк және эстетикалық мақсаттарға, оның iшiнде зоологиялық коллекциялар жасау yшiн пайдалану кезiндегi талаптар
5. Сирек кездесетiн және құрып кету қатерi төнген жануарлардан басқа жануарларды ғылыми, мәдени-ағартушылық, тәрбиелiк және эстетикалық мақсаттарға, оның iшiнде зоологиялық коллекциялар жасау yшiн пайдалану кезiндегi талаптар
Тармақ 10
10. Сирек кездесетiн және құрып кету қатерi төнген жануарлардан басқа жануарларды ғылыми, мәдени-ағартушылық, тәрбиелiк және эстетикалық мақсаттарға, оның iшiнде зоологиялық коллекциялар жасау үшiн пайдалану кезiнде:
Тармақша 1
1) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтау;
Тармақша 2
2) жануарлар дүниесiнiң тiршiлiк ету ортасының нашарлауына жол бермеу;
Тармақша 3
3) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар режимiн және аңшылық және балық шаруашылықтары субъектілерінің iшкi тәртiп ережелерiн сақтау;
Тармақша 4
4) халық пен қоршаған орта үшiн қауiпсiз, жануарлармен табиғи қауымдастық тұтастығын бұзуға және оларға дөрекi қарауға жол бермейтiн тәсiлдермен жануарлар дүниесiн пайдалану қажет.