О декларировании отдельных категорий товаров в определенном таможенном органе Республики Казахстан Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.07.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының белгіленген кеден органдарында тауарлардың жекелеген санаттарын декларациялау туралы ҚР Кеден кодексінің 373-бабына сәйкес, тауарлар мен көлік құралдарын қазақстан-қытай шекарасы арқылы өткізу кезінде кедендік бақылауды және кедендік төлемдер мен салықтарды өндіріп алудың толықтығын күшейту мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қытай Халық Республикасынан Қазақстан Республикасына "Қорғас" өткізу пункті арқылы автомобиль көлігімен әкелінетін тауарлар мен көлік құралдарын декларациялау және кедендік ресімдеу "Қорғас" кеденінде жүргізілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің баспасөз қызметі осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Кедендік бақылауды ұйымдастыру басқармасы (И.В.Тен) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. "Қорғас" кеденінің бастығы (С.А.Дынбаев) осы бұйрықтың орындалуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Кедендік бақылау департаменттері мен кедендердің бастықтары осы бұйрықты декларанттардың және өзге де мүдделі адамдардың назарына жеткізсін.
Тармақ 6
6. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті төрағасының бірінші орынбасары А.Қ.Ержановқа жүктелсін.
Тармақ 7
7. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.