Об установлении границ некоторых сел Жетитобинского сельского округа Жуалынского района Жамбылской области Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.02.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жамбыл облысы Жуалы ауданы Жетітөбе ауылдық округінің кейбір ауылдарының шекараларын белгілеу туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабының 1-тармағының 10) тармақшасына және «Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 12-бабының 3) тармақшасына сәйкес Жуалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Жуалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Жетітөбе ауылдық округі Кәріқорған ауылының шекараларының жалпы көлемі 889,0456 гектар болып белгіленсін.
Тармақ 2
2. Жетітөбе ауылдық округі Шыңбұлақ ауылының шекараларының жалпы көлемі 1399,5868 гектар болып белгіленсін.
Тармақ 3
3. Осы бірлескен әкімдіктің қаулысы мен мәслихат шешімінің орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына және аудандық мәслихаттың әкімшілік-аумақтық құрылым, аумақты әлеуметтік-экономикалық дамыту, бюджет және жергілікті салықтар мәселелері, адамдардың құқығын қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бірлескен әкімдіктің қаулысы және мәслихаттың шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.