Об объявлении на территории Бурабайского района чрезвычайной ситуации техногенного характера объектового масштаба Қолданыста
Басқа 0
Бурабай ауданының аумағында объектілік масштабтағы ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 қаулысына сәйкес, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бойынша аудандық комиссияның кезектен тыс отырысының 2026 жылғы 27 ақпандағы хаттамасы негізінде, Бурабай ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Бурабай ауданының аумағында объектілік масштабтағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
Тармақ 2
2. Бурабай ауданы әкімінің орынбасары Б.Қ. Молдаханов төтенше жағдайларды жоюдың басшысы болып тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Бурабай ауданы әкімінің орынбасары Б.Қ. Молдахановқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы шешім ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.