Об утверждении Положения о государственном учреждении «Отдел физической культуры и спорта акимата Карабалыкского района» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.02.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Қарабалық ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес Қарабалық ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған, «Қарабалық ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Қарабалық ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірме Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қостанай облысы бойынша «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына жіберілуін;
Тармақша 2
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қарабалық ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қарабалық ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 7. «Қарабалық ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже
Қарабалық ауданы әкімдігінің 2026 жылғы «___» __________ № ____ қаулысымен бекітілген «Қарабалық ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Қарабалық ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі (әрі қарай Дене шынықтыру және спорт бөлімі) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады, аудандық мемлекеттік органдардың басқару құрылымына кіреді.
Тармақ 2
2. «Қарабалық ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ведомствосы бар: Қарабалық ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Бұқаралық спортты дамыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 3
3. Дене шынықтыру және спорт бөлімі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Дене шынықтыру және спорт бөлімі мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және өз атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
Тармақ 5
5. Дене шынықтыру және спорт бөлімі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан кіреді.
Тармақ 6
6. Дене шынықтыру және спорт бөлімі егер Қазақстан Республикасының заңнамасына және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару» Заңына сәйкес осыған уәкілеттік берілсе, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
Тармақ 7
7. Дене шынықтыру және спорт бөлімі өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңдарда белгіленген тәртіппен «Қарабалық ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтармен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 8
8. Дене шынықтыру және спорт бөлімінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы» Заңына сәйкес бекітіледі.
Тармақ 9
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 110900, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Қарабалық ауданы, Қарабалық кенті, Павлов атындағы көшесі, 11а.
Тармақ 10
10. Осы Ереже «Қарабалық ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 11
11. «Қарабалық ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасымен жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Дене шынықтыру және спорт бөлімінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастар жасауға тыйым салынады. Егер Дене шынықтыру және спорт бөліміне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жолданады.
Тармақ 13
13. Дене шынықтыру және спорт бөліміндегі күнделікті (сенбі мен жексенбіден басқа) жұмыс уақытының ұзақтығы, демалу мен тамақ ішуге арналған сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі үзілісімен, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін белгіленеді.
Тарау 2. 2. Мемлекеттік органның негізгі мақсаттары, функциялары, құқықтары мен міндеттері
2. Мемлекеттік органның негізгі мақсаттары, функциялары, құқықтары мен міндеттері
Тармақ 14
14. Міндеттері:
Тармақша 1
1) дене шынықтыру және спорт кеңістігінде бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;
Тармақша 2
2) дене шынықтыру және спортқа ауданның әр дәрежедегі тұрғындарын бейімдеу жағдайларын жасау;
Тармақша 3
3) дене шынықтыру саласын дамыту мен жетілдіру үшін мемлекеттік қолдауды қамтамасыз ету және жағдайлар жасау;
Тармақ 15
15. Функциялары:
Тармақша 1
1) спорттық-бұқаралық іс-шаралардың бірыңғай өңірлік күнтізбесін іске асырады;
Тармақша 2
2) аудандық деңгейдегі спорт түрлері бойынша жарыстар өткізеді;
Тармақша 3
3) спорт түрлерi бойынша аудандық құрама командаларды даярлауды және олардың облыстық спорттық жарыстарға қатысуын қамтамасыз етедi;
Тармақша 4
4) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк аумағында бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерiн дамытуды қамтамасыз етеді;
Тармақша 5
5) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк аумағында аудандық дене шынықтыру-спорт ұйымдарының қызметiн үйлестiредi;
Тармақша 6
6) балалар мен жасөспірімдердің дене шынықтыру, оның ішінде бейімделген дене шынықтыру және спорт клубтарын құрайды;
Тармақша 7
7) спортшыларға спорттық разрядтар береді, спортшыларды спорттық разрядтардан айырады: 2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік разрядты спортшы;
Тармақша 8
8) біліктілік санаттарын береді, біліктілік санаттарынан айырады: біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы-оқытушы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы-оқытушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешісі;
Тармақша 9
9) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк аумағында спорттық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізуді үйлестiредi;
Тармақша 10
10) материалдық-спорттық базаның дамуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 11
11) ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметін қамтамасыз ету;
Тармақша 12
12) ресми дене шынықтыру және спорт іс-шараларын медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
Тармақша 13
13) дене шынықтыру және спорт іс-шараларын өткізу кезінде қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді;
Тармақша 14
14) тұрғындар үшін спорт секцияларының жұмысын қамтамасыз ету және спорттық іс-шараларды өткізу мақсатында сабақтан тыс және кешкі уақытта білім беру ұйымдарының спорт ғимараттарын пайдалану жөнінде шаралар қабылдайды;
Тармақша 15
15) бюджет қаражатының көлемі шегінде балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларын қаржыландыруға арналған мемлекеттік спорттық тапсырысты бекітеді;
Тармақша 16
16) мемлекеттік спорт тапсырысын мемлекеттік спорт тапсырысы қызметтерін берушілердің меншік нысанына, олардың ведомстволық бағыныстылығына, түрлеріне қарамастан, балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларында орналастыруды қамтамасыз етеді;
Тармақша 17
17) мемлекеттік спорттық тапсырысты орналастырудың, сапаны бақылаудың және нысаналы игерудің барлық кезеңдері мен рәсімдерінің электрондық және жалпыға қолжетімді форматтарда орындалуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 18
18) «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес дене шынықтыру және спорт саласында белгіленген құзырет шеңберінде функцияларды жүзеге асырады;
Тармақша 19
19) Қарабалық ауданының аумағын дамыту бағдарламасына талдау және мониторинг жүргізу.
Тармақ 16
16. Құқықтары мен міндеттері:
Тармақша 1
1) өз қызметін басқа атқарушы билік және жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара әрекеттесуде жүзеге асыру;
Тармақша 2
2) өзінің құзыреті шегінде заңнамамен бекітілген тәртіп бойынша (сауалдар негізінде) жергілікті мемлекеттік басқарулар және басқа ұйымдардан қажетті ақпараттық материалдар алу;
Тармақша 3
3) жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасауға, мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар сатып алуға, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдарда, ұйымдарда өзінің ынтасын білдіру;
Тармақша 4
4) Дене шынықтыру және спорт бөлімі құзыретіне кіретін мәселелер бойынша аудан әкімімен және әкімдікпен қабылданған құқықтық нормативтік актілердің жобаларына ұсыныстар енгізу.
Тармақша 5
5) «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес басқа да құқықтар мен міндеттер.
Тармақ 17
17. Ведомствоның функциялары:
Тармақша 1
1) Қарабалық ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Бұқаралық спортты дамыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесін қаржыландыру жоспарын бекітеді;
Тармақша 2
2) Қарабалық ауданы әкімдігі дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Бұқаралық спортты дамыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне берілген мүлікті пайдалану тиімділігі мен сақталуына бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 3
3) Қарабалық ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Бұқаралық спортты дамыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысының құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін айқындайды, оны басшысының лауазымына тағайындайды және босатады.
Тарау 3. 3. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
3. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
Тармақ 18
18. Дене шынықтыру және спорт бөлімінің бірінші басшысы бөлімге басшылықты жүзеге асырады, Дене шынықтыру және спорт бөліміне жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның функцияларын жүзеге асыруы үшін жеке жауап береді.
Тармақ 19
19. Дене шынықтыру және спорт бөлімінің бірінші басшысын аудан әкімі Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы» Заңына сәйкес қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
Тармақ 20
20. Дене шынықтыру және спорт бөлімінің бірінші басшысының орынбасарлары жоқ.
Тармақ 21
21. Дене шынықтыру және спорт бөлімінің бірінші басшысының өкілеттігі:
Тармақша 1
1) Дене шынықтыру және спорт бөлімінің жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды;
Тармақша 2
2) Дене шынықтыру және спорт бөліміне жүктелген міндеттер мен функциялардың орындалуына дербес жауапты болады, күнтізбелік жоспар бойынша спорттық іс- шараларды өткізуге бөлінген бюджеттік қаржаттың мақсатты пайдалануын қамтамасыз етеді;
Тармақша 3
3) Дене шынықтыру және спорт бөлімінің қызметкерлерін Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы» Заңымен белгіленген тәртіпте тағайындайды және қызметтен босатады;
Тармақша 4
4) Дене шынықтыру және спорт бөлімінің қызметкерлерінің міндеттерін және өкілеттігін белгілейді;
Тармақша 5
5) Қолданыстағы заңнамаға сәйкес Дене шынықтыру және спорт бөлімін мемлекеттік органдарда, ұйымдарда өкілдік жасайды;
Тармақша 6
6) Дене шынықтыру және спорт бөлімінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске қарсы әрекетке бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша қабылданған шараларға дербес жауапты болады;
Тармақша 7
7) Заңнамаға сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады. Дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын адам орындайды.
Тарау 4. 4. Мемлекеттік органның мүлкі
4. Мемлекеттік органның мүлкі
Тармақ 22
22. Дене шынықтыру және спорт бөлімінің Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару» және «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңдарында көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
Тармақ 23
23. Дене шынықтыру және спорт бөліміне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
Тармақ 24
24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Дене шынықтыру және спорт бөлімі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Тарау 5. 5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 25
25. Дене шынықтыру және спорт бөлімін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Тарау 6. 6. «Қарабалық ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тізбесі
6. «Қарабалық ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тізбесі
Тармақ 26
26. Қарабалық ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Бұқаралық спортты дамыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.