Об утверждении Правил, форм и видов привлечения граждан, участвующих в профилактике правонарушений Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.02.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды тартудың қағидаларын, нысандары мен түрлерін бекіту туралы «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 13-бабының 10) тармақшасына және «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды тартудың қағидалары, нысандары мен түрлері бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес кейбір бұйрықтардың және кейбір бұйрықтардың құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Заң мен нормашығармашылықты үйлестіру департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды тартудың қағидалары, нысандары мен түрлері
Қазақстан Республикасы ішкі істер министрі 2026 жылғы 27 ақпандағы № 144 бұйрығына 1- қосымша Құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды тартудың қағидалары, нысандары мен түрлері
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды тартудың қағидалары, нысандары мен түрлері (бұдан әрі – Қағидалар) «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 13-бабының 10) тармақшасына сәйкес әзірленген және құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды тартудың тәртібін, нысандары мен түрлерін айқындайды.
Тармақ 2
2. Азаматтарды құқық бұзушылық профилактикасына тарту осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес ішкі істер органдарына ерікті түрде жәрдем көрсету арқылы жүзеге асырылады.
Тарау 2. 2-тарау. Құқық бұзушылық профилактикасына азаматтарды тартудың тәртібі, нысандары мен түрлері
2-тарау. Құқық бұзушылық профилактикасына азаматтарды тартудың тәртібі, нысандары мен түрлері
Тармақ 3
3. Азаматтар құқық бұзушылық профилактикасына өзінің қатысу құқығын Заңының 6-бабына сәйкес мынадай нысандарда іске асырады:
Тармақша 1
1) жеке;
Тармақша 2
2) ұжымдық.
Тармақ 4
4. Құқық бұзушылық профилактикасына азаматтардың жеке қатысуы мынадай нысандарда:
Тармақша 1
1) дайындалып жатқаны, жасалып жатқаны немесе жасалған құқық бұзушылықтардың өздеріне мәлім болған фактілері туралы, оларға ықпал еткен себептер мен жағдайлар туралы хабарлау;
Тармақша 2
2) профилактикалық есепке алынуы тиіс адамдарды анықтауға, олармен ішкі істер органы қызметкерлерінің тікелей қатысуымен жеке профилактикалық жұмысты жүргізу;
Тармақша 3
3) кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық профилактикасы мен балалардың қараусыз және қадағалаусыз қалуын ескерту;
Тармақша 4
4) құрамында есірткі бар өсімдіктерді, сондай-ақ құрамында есірткісі бар жабайы өсімдіктерді заңсыз өсіру мен жинау фактілерін анықтау;
Тармақша 5
5) есірткі құралдарын және психотроптық заттарды пайдалануға, жезөкшелікпен айналысуға арналған орындарын, сондай-ақ осындай мақсаттарға арналған жарамды ықтимал үй-жайларды анықтауға жәрдемдесу жолымен жүзеге асырылады.
Тармақ 5
5. Құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтар өзара келісуі бойынша және аумақтық ішкі істер органын хабардар ете отырып, тұрақты мекенжайы, жұмыс және оқу орны немесе өзінің меншігі орналасқан жерде құқық бұзушылық профилактикасына ұжымдаса отырып қатысуы мүмкін.
Тармақ 6
6. Қағиданың 4-тармағында көрсетілген көмек көрсету түрлерімен қатар, құқық бұзушылық профилактикасына ұжымдаса отырып қатысатын азаматтар:
Тармақша 1
1) көшелерде, алаңдарда, вокзалдарда, көлік магистральдарында және басқа да қоғамдық орындарда, сондай-ақ әртүрлі спорттық, мәдени-бұқаралық және ойын-сауық іс-шараларын өткізген кезде тікелей ішкі істер органдары қызметкерлерінің басшылығымен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге;
Тармақша 2
2) қайғылы оқиғалардан, жол-көлік оқиғаларынан және құқық бұзушылықтардан зардап шеккен, сондай-ақ дәрменсіз күйде жатқан адамдарға шұғыл көмек көрсетуге;
Тармақша 3
3) дүлей зілзала және басқа да төтенше оқиғалар кезінде адамдарды, мүлікті құтқаруға және қоғамдық тәртіпті сақтауға;
Тармақша 4
4) жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және жол-көлік оқиғаларының алдын алуға;
Тармақша 5
5) мал жайылымдары мен басқа да мал жаятын және тұратын орындарды күзетуге;
Тармақша 6
6) астық өнімдерін және басқа ауылшаруашылық дақылдарын ұрлаудың алдын алуға және жолын кесуге;
Тармақша 7
7) жатақханалар мен оқу-өндірістік шеберханаларды қоса алғанда оқу орындарының аумақтарында қоғамдық тәртіпті сақтауға;
Тармақша 8
8) көп қабатты үйлердің кіреберістерін және оған іргелес аумақтар - консьерждер институтын күзетуге қатысады.
Тармақ 7
7. Құқық бұзушылық профилактикасына қатысуға ниет білдірген азамат ішкі істер органына өтінішпен жүгінеді, оған Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін және (бар болған жағдайда) өмірі мен денсаулығын сақтандыру туралы куәліктің көшірмесін қоса береді. Өтініште азамат құқық бұзушылық профилактикасына қатысу нысанын (жеке немесе ұжымдық) көрсетеді.
Тармақ 8
8. Ішкі істер органының бөлімшесі өтініш келіп түскен күннен бастап Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте азаматты наркологиялық, психикалық-неврологиялық және өзге де есепке алу бойынша тексереді, содан кейін ауданның (облыстық, республикалық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органына тиісті өтінішхатпен жүгінеді, оған ұсынылған құжаттардың көшірмелерін қоса береді не өтініш берушіге шешім қабылдау себептерін көрсете отырып, жазбаша түрде бас тартады.
Тармақ 9
9. Ауданның (облыстық, республикалық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы келіп түскен өтінішхатты жеті жұмыс күні ішінде қарайды, азаматты тіркеуді жүргізеді және оны қоғамдық көмекші ретінде есепке қояды, бұл туралы тиісті ішкі істер органын жазбаша хабардар етеді.
Тармақ 10
10. Мынадай азаматтарға құқық бұзушылық профилактикасына қатысуға жол берілмейді:
Тармақша 1
1) кәмелет жасына толмаған;
Тармақша 2
2) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатқан;
Тармақша 3
3) Заңда көзделген профилактикалық есепте тұрған;
Тармақша 4
4) өтініш бергенге дейін бір жыл ішінде қасақана құқық бұзушылық жасағаны үшін сот тәртібімен әкімшілік жаза қолданылған;
Тармақша 5
5) наркологиялық, психикалық-неврологиялық диспансерлерде есепте тұрған не сот шешімі бойынша әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеті шектеулі деп танылған азаматтарға.
Тармақ 11
11. Өтiнiштi қабылдамау бас тартуға негiз болған себептер жойылған жағдайда өтiнiш берушiнiң қайтадан жүгінуіне кедергi болмайды.
Тармақ 12
12. Қоғамдық көмекшінің тіркелгені туралы ақпаратты алынғаннан кейін ішкі істер органының бөлімшесі есепке алу ісін ашады. Құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтар ұжымына бір қадағалау ісі ашылады, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын қоғамдық бірлестіктерге қадағалау істерін тіркеу журналында есепке алынады.
Тармақ 13
13. Жергілікті атқарушы органда тіркелгеннен кейін аумақтық ішкі істер органының басшысы қоғамдық көмекшіге осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша үш жыл мерзімге қоғамдық көмекшінің куәлігі беріледі. Қоғамдық көмекшінің куәлігін тіркеу осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды есепке алу журналына қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің бастығымен жүзеге асырылады.
Тармақ 14
14. Қоғамдық көмекшілер Заңның 6 және 46-баптарында белгіленген құқықтары мен міндеттерін жүзеге асырады.
Тармақ 15
15. Құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын қоғамдық көмекшілер өз қызметін:
Тармақша 1
1) құқықтық насихатты ұйымдастыруға қатысу;
Тармақша 2
2) консультативтік-кеңесші органдардың жұмысына қатысу;
Тармақша 3
3) құқық бұзушылық профилактикасының басқа субъектілеріне жәрдемдесу;
Тармақша 4
4) құқық бұзушылықтың алдын алу және жолын кесу арқылы жүзеге асырады.
Тармақ 16
16. Қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің қызметкерлері учаскелік полиция пункттерінің базасында құқықтық даярлықты ұйымдастырады:
Тармақша 1
1) қоғамдық көмекшілердің құқықтары мен міндеттерін түсіндіру;
Тармақша 2
2) криминогендік жағдайдың жай-күйі және іздестірудегі адамдар туралы хабарлау;
Тармақша 3
3) есепте тұрған адамдармен жеке профилактикалық жұмыстар жүргізудің тәртібі мен ережелері туралы нұсқама;
Тармақша 4
4) қажетті қорғану құқығын түсіндіру, құқыққа қарсы қолсұғушылықтардың жолын кесу, құқық бұзушыны ұстау және оны ішкі істер органдарына жеткізу үшін қажетті шаралардың тәртібі мен шегі, сондай-ақ қылмыстық, қылмыстық-процестік және әкімшілік заңнаманың өзге де нормалары;
Тармақша 5
5) төтенше оқиғалардың, қайғылы оқиғалардың салдарынан зардап шеккен, сондай-ақ дәрменсіз күйде жатқан азаматтарға көмек көрсетудің тәртібі мен ережесі туралы нұсқама.
Тармақ 17
17. Профилактикалық іс-шаралардың нәтижелері бойынша қоғамдық көмекші ішкі істер органдарының бөлімшелеріне атқарылған жұмыс туралы анықтама береді, ол тиісті есепке алу ісіне қоса тігіледі.
Тармақ 18
18. Қоғамдық көмекшінің қызметі туралы мәліметтерді осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес қоғамдық көмекшінің жұмыс нәтижелерін есепке алу табелінде қоғамдық көмекшілердің есеп істерін жүргізетін ішкі істер органдарының бөліністері ай сайын қорытындыланады.
Тармақ 19
19. Қоғамдық көмекшінің қызметін ұйымдастыруға ол құқық бұзушылық профилактикасына жәрдем көрсетуге ниет білдірген ішкі істер органдарының тиісті бөлімшесі жауапты болады.
Тармақ 20
20. Қоғамдық көмекшінің құқық бұзушылық профилактикасына қатысуын тоқтату негіздері Заңның 45-бабының 7-тармағында белгіленген.
Тармақ 21
21. Қоғамдық көмекшінің құқық бұзушылық профилактикасына қатысуы тоқтатылған жағдайда, оның куәлігі бес жұмыс күні ішінде аумақтық ішкі істер органының бөлімшесіне тапсырылуға тиіс.
Тармақ 22
22. Осы Қағидалардың 20-тармағында көрсетілген мән-жайлар туындаған кезде ауданның (облыстық, республикалық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы тиісті ішкі істер органының ұсынысы бойынша аталған азаматты қоғамдық көмекшілердің есебінен шығарады. Азаматтың құқық бұзушылық профилактикасына қатысуын тоқтату туралы материалдарды ол есепте тұрған ішкі істер органының бөлімшелері дайындайды.
Басқа 1.1. Құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын қоғамдық бірлестіктерге қадағалау істерін тіркеу журналы № _____
Құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды тартудың қағидалары, нысандары мен түрлері 1-қосымша Құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын қоғамдық бірлестіктерге қадағалау істерін тіркеу журналы № _____ __________________________________________ (ішкі істер органының атауы) 20__ ж. "___" __________ басталды 20__ ж. "___" __________ аяқталды Қоғамдық бірлестіктерді тіркеу журналының ішкі мазмұны Бірінші бөлім р/с № Қо­ғам­дық өзін­ше қыз­мет көр­се­ту бір­ле­сті­гі­нің ата­уы Ме­кен­жайы, те­ле­фо­ны Бас­шы­ның Т.А.Ә. (ол болған жағ­дай­да), үй және қыз­мет­тік те­ле­фон­да­ры, ме­кен­жай­ы­мен тұр­ғы­лық­ты же­рі Әкім­дік­те тір­кел­ген нө­мі­рі, кү­ні 1 2 3 4 5 Екінші бөлім Мү­ше­лер­дің са­ны Қыз­мет тү­рі Жою негі­зі және кү­ні Есеп­ке алу іс­ін жүр­гі­зе­тін бө­лім­ше және қыз­мет­кер ес­керт­пе 6 7 8 9 10
Басқа 1.2. Қоғамдық көмекші куәлігінің үлгісі
Құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды тартудың қағидалары, нысандары мен түрлері 2-қосымша Қоғамдық көмекші куәлігінің үлгісі Ескертпе: қоғамдық көмекші куәлігінің (бұда әрі – Куәлік) ашылғандағы жалпы ұзындығы 21 сантиметр (бұдан әрі – см) және ені 7 см болады. Куәліктің мұқабасы көк түсті винилтеріден дайындалады. Куәліктің ішкі сол жақ бетінде ортасы көлденеңінен бірінің астына бірі жазылған әріптердің биіктігі 6 мм «ПОЛИЦИЯНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ КӨМЕКШІСІ» деген сөздер орналасады. Куәліктің ішкі бөлігі көлемі жағынан екі бірдей қосымша беттен тұрады, әрқайсысының биіктігі 6,3 сантиметр, ұзындығы 9,5 сантиметр. Қосымша типографиялық тәсілмен дайындалады. Қосымша беттің негізі ашық көгілдір түсті. Куәліктің сол бөлігіне жапсырылған қосымша беттің сол жағында: қосымша беттің жоғарғы бөлігінің ортасында - облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, қалалық, аудандық ішкі істер органдарының атауы мемлекеттік тілде, әріптердің биіктігі 3 мм құрайды; жазудың астында қосымша беттің бір шетінен келесі шетіне дейін шектеу сызығы орналасады; сол жақ қосымша беттің сол жағында қосымша беттің сол жақ шетінен тереңдігі 3,5 см типографиялық тәсілмен жасалған полицияның қоғамдық көмекшісінің эмблемасы орналасады; эмблеманың жоғарғы оң жағында қосымша беттің ортасына жақын «№ __________ КУӘЛІК» деген жазу орналасады; төменгі жағында қоғамдық көмекшінің тегі, аты және әкесінің атын жазу (ол болған жағдайда) үшін екі жол орналасады, соңғы жолдың астына «полицияның қоғамдық көмекшісі/общественный помощник полиции» деген жазу орналасады; төменде жоғарғы және төменгі жағында «Дейін жарамды» және «Действительно до» деген жазулар бар; қосымша беттің төменгі бөлігіне жақын ортасында алшақтықпен «ҚАІІБ бастығы/ Начальник ГОРОП» деген жолдар болады; жолдың оң жақ бөлігінің астында арасы 5 мм алшақтықпен «(қолы) (тегі)» деген сөздер орналасады. Куәліктің оң бөлігіне жапсырылатын қосымша бетте: қосымша беттің жоғарғы бөлігінің ортасына - облыстың Астана, Алматы және Шымкент қалаларының қалалық, аудандық, ішкі істер органдарының атауы орыс тілінде, әріптердің биіктігі 3 мм; қосымша беттің бір шетінен келесі шетіне дейінгі жазудың астында - шектеу сызығы; қосымша беттің оң жағында - ортасында «фото 3 х 4» деген жазу орналасқан өлшемі белгіленген рамкалы 3 х 4 фотосуретке орын; фотосуретке арналған рамканың оң жағында жоғарғы оң шетінің деңгейінде, қосымша беттің ортасына жақын «КУӘЛІК № ________» деген жазу орналасады; полицияның қоғамдық көмекшісінің тегін, атын және әкесінің атын жазу үшін төменде екі жол орналасады, соңғы тармақтың астына «полицияның қоғамдық көмекшісі - общественный помощник полиции» деген жазу жазылады; фотосуретке арналған рамканың төменгі оң жағының шеті деңгейінен төмен «М.О.» деген жазу орналасады; жазу астында «Қоғамдық өзіндік қызмет көрсету бірлестігі /Объединение общественной самодеятельности» деген жазу жазылған жол болады; қосымша беттің төменгі бөлігіндегі сол жақ шетінде «бастық – начальник» деген жазу орналасқан жол болады. Жолдың астына «ҚАІІБ – ГОРОП», «қолы, тегі» деген жазулар жазылады. Куәліктің қосымша беті компьютермен терілген түзу жазылған қара түсті біркелкі шрифтермен лазерлік принтерді пайдалана отырып толтырылады. Мұндай мүмкіндік болмаған жағдайда, қосымша беттер қолмен, анық және түсінікті жазумен, қара түсті сиямен толтырылады. Куәліктің қосымша бетіне облыстың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының қалалық, аудандық, ішкі істер органдарының бастығы қол қояды. Қол қойылған соң фотосуреттік карточканың оң жақ төменгі бұрышына қалалық, аудандық ішкі істер органының елтаңбалы мөр бедері қойылады.
Басқа 1.3. Құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды есепке алу журналы
Құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды тартудың қағидалары, нысандары мен түрлері 3-қосымша Құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды есепке алу журналы __________________________________________ (ішкі істер органының атауы) 20__ жылғы «___» __________ басталды 20__ жылғы «___» __________ аяқталды Журналдың ішкі мазмұны Бірінші бөлім № р/с ТАӘ (ол болған жағ­дай­да), ту­ған жы­лы Ме­кен­жайы, үй те­ле­фо­ны Жұ­мыс ор­ны, те­ле­фо­ны Бі­лі­мі Есеп­ке алу іс­ін ба­стау негі­зі (әкім­дік­те (аудан­ның, 1 2 3 4 5 6 Екінші бөлім Қо­ғам­дық кө­мек­ші ку­ә­лі­гінң нө­мі­рі Қо­ғам­дық кө­мек­ші ку­ә­лі­гі­нің қол­да­ны­лу мер­зі­мі Ку­ә­лік­ті ал­ға­ны ту­ра­лы қо­лы және күн Шы­ға­ру негі­зі және кү­ні Ку­ә­лік­ті тап­сы­ру ту­ра­лы бел­гі Есеп­ке алу іс­ін жүр­гі­зе­тін бө­лім­ше және қыз­мет­кер Ес­керт­пе 7 8 9 10 11 12 13 Ескертпе: Құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды есепке алу журналын жүргізуді ішкі істер органының әкімшілік практика бөлімшесі жүзеге асырады.
Басқа 1.4. Қоғамдық көмекшелердің жұмыс нәтижелерін есепке алу табелі 20 __ жылғы ___ айы ішінде
Құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды тартудың қағидалары, нысандары мен түрлері 4-қосымша Бекітемін Бастық _________________________________ (қалалық, аудандық ішкі істер органының атауы, атағы, қолы, тегі, аты-жөні (ол болған жағдайда) ) ____20__ жылғы « » айы Қоғамдық көмекшелердің жұмыс нәтижелерін есепке алу табелі 20 __ жылғы ___ айы ішінде 1-бөлім № р/с Те­гі, аты, әке­сі­нің аты (ол болған жағ­дай­да) Құқық бұ­зу­шы­лық про­фи­лак­ти­ка­сы­на қа­ты­су са­ға­ты­ның са­ны Құқық бұ­зу­шы­лық про­фи­лак­ти­ка­сы­на қа­ты­су түр­ле­рі Жұ­мыс нәти­же­ле­рі Құқық бұ­зу­шы­лар ұстау Қыл­мысты ашу Құқық бұ­зу­шы­ның ТАӘ (ол болған жағ­дай­да) көр­се­ті­ле­ді Сот­қа дей­ін­гі тер­геп –тек­се­ру­лер­дің бі­рың­ғай ті­зі­лі­мі­нің нө­ме­рі көр­се­ті­ле­ді 2-бөлім Жұ­мыс нәти­же­ле­рі Ма­ра­пат­тау ту­ра­лы мә­лі­мет­тер Ес­керт­пе Із­де­уде жүр­ген қыл­мыс­кер­лер ұстал­ды Қыл­мыс пен құқық бұ­зу­шы­лық бой­ын­ша түс­кен ха­бар­ла­ма­лар са­ны ма­ра­пат­тау со­мма­сы Ма­ра­пат­та­удың бас­қа да түр­ле­рі Ақ­па­рат­ты есеп­ке алу кі­та­бі­нің нө­мі­рі көр­се­ті­ле­ді Толтырған: қызметкердің ТАӘ (ол болған жағдайда), ішкі істер органдарының, бөліністің атауы.
Басқа 2. Күші жойылған кейбір бұйрықтардың және кейбір бұйрықтардың құрылымдық элементтерінің тізбесі
Қазақстан Республикасы ішкі істер министрі 2026 жылғы 27 ақпандағы № 144 бұйрығына 2-қосымша Күші жойылған кейбір бұйрықтардың және кейбір бұйрықтардың құрылымдық элементтерінің тізбесі
Тармақ 1
1. «Бақылау және қадағалау функцияларына байланысты емес, қоғамдық тәртiптi қамтамасыз ету жөнiндегi iс-шараларға азаматтарды тартудың қағидалары, нысандары мен түрлерiн бекіту туралы» Ішкі істер министрінің 2004 жылғы 27 қарашадағы № 641 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3326 болып тіркелген).
Тармақ 2
2. «Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларға азаматтарды тартудың тәртібі, нысандары және түрлері туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2004 жылғы 27 қарашадағы № 641 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 19 маусымдағы № 463 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11392 болып тіркелген).
Тармақ 3
3. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 2 желтоқсандағы № 981 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесінің 1-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12538 болып тіркелген).
Тармақ 4
4. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрінің кейбір бұйрықтарына жергілікті полиция қызметінің жұмысы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 16 шілдедегі № 517 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесінің 1-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17258 болып тіркелген).
Тармақ 5
5. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 8 желтоқсандағы № 839 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесінің 1-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21743 болып тіркелген).
Тармақ 6
6. «Бақылау және қадағалау функцияларына байланысты емес, қоғамдық тәртiптi қамтамасыз ету жөнiндегi iс-шараларға азаматтарды тарту ережесін, олардың нысандары мен түрлерiн бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2004 жылғы 27 қарашадағы № 641 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 5 қазандағы № 723 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33522 болып тіркелген).
Тармақ 7
7. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу және «Учаскелік полиция инспекторларын тағайындау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 17 шілдедегі № 438 бұйрығының және «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 6 ақпандағы № 91 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар тізбесінің 5-тармағының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2025 жылғы 1 қазандағы № 742 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына енгізілетін өзгерістер тізбесінің 1-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 37018 болып тіркелген).