Об установлении стимулирующих надбавок к должностным окладам работников коммунального государственного учреждения «Учебно-методический центр психологической поддержки по Алматинской области» государственного учреждения «Управление образования Алматинской области» финансируемого из местного бюджета Қолданыста
Басқа 0
Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын «Алматы облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Алматы облысы бойынша психологиялық қолдау оқу-әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабына және «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193 қаулысының 5-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Алматы облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. «Алматы облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Алматы облысы бойынша психологиялық қолдау оқу-әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына жергілікті бюджеттен ынталандыру үстемақысы белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.