Решение акима Байтерекского сельского округа о переименовании улиц в селе Байтерек Қолданыста
Басқа 0
Бәйтерек ауылдық округінің
Бәйтерек ауылындағы
көшелерінің атауын өзгерту туралы
“Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы” Қазақстан Республикасы 14-бабының 4) тармақшасына, Еңбекшіқазақ ауданы Бәйтерек ауылдық округінің халқының пікірін ескере отырып 2018 жылғы 26 қыркүйек және Қазақстан Республикасы 25-1 бабының 2 – тармағының 2) тармақшасына сәйкес, 2021 жылғы 29 желтоқсанындағы облыстық ономастикалық комиссиясының қорытындысы негізінде, Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы, Бәйтерек ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Еңбекшіқазақ ауданы Бәйтерек ауылдық округінің Бәйтерек ауылындағы “Новосельская” көшесі - “Мәншүк Мәметова” көшесі, “Победа” көшесі - “Әлия Молдағұлова” көшесі, “Новая” көшесі - “Береке” көшесі, “Дачная” көшесі - “Алмалы” көшесі, “Юности” көшесі - “Бірлік” көшесі, “Мира” көшесі - “Бейбітшілік” көшесі, “Совхозная” көшесі - “Ынтымақ” көшесі, “Заводская” көшесі - “Жетісу” көшесі, “Молодежная” көшесі - “Жастар” көшесі, “Октябрьская” көшесі - “Мереке” көшесі, “Строительный” көшесі - “Мұхтар Әуезов” көшесі, “Садовая”көшесі - “Абай Құнанбаев” көшесі, “Школьная” көшесі - “Әл-Фараби” көшесі, “Арычная" көшесі - “Әйтеке би” көшесі, “Виноградная” көшесі - “Қазыбек би” көшесі, “Нововиноградная” көшесі - “Төле би” көшесі, “Южная” көшесі – “Бейбарыс сұлтан” көшесі, “Солнечная” көшесі – “Мағжан Жұмабаев” көшесі, “Горная” көшесі – “Мұқағали Мақатаев” көшесі, “Цветочная” көшесі – “Сұлтанмахмұт Торайғыров” көшесі, “Каменистая” көшесі – “Қаныш Сәтбаев” көшесі, “Талгарский” көшесі - “Бауыржан Момышұлы” көшесі болып өзгертілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 3
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.