Об установлении публичного сервитута акционерному обществу «Рудныйсоколовстрой» на земельные участки Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.03.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Рудныйсоколовстрой» акционерлік қоғамына жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгілеу туралы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18-бабы 1-тармағы 5-1) тармақшасына, 69-бабы 4-тармағы 2) тармақшасына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес, өтініш негізінде Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Рудныйсоколовстрой» акционерлік қоғамына мынадай жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгіленсін: Рудный қаласы, Топорков көшесі, № 66 үй маңы мекенжайы бойында байланыс тораптарын төсеу және пайдалану мақсатында көлемі 0,0050 га; Рудный қаласы, Топорков көшесі, № 66 үй маңы мекенжайы бойында электр беру желісін төсеу және пайдалану мақсатында көлемі 0,0057 га; Рудный қаласы, Топорков көшесі, № 66 үй маңы мекенжайы бойында сумен жабдықтау тораптарын төсеу және пайдалану мақсатында көлемі 0,0107 га; Рудный қаласы, Топорков көшесі, № 66 үй маңы мекенжайы бойында кәріз тораптарын төсеу және пайдалану мақсатында көлемі 0,0144 га.
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.