О внесении изменения в Положение коммунального государственного учреждения «Аппарат акима Полтавского сельского округа Аккайынского района Северо-Казахстанской области» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.02.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Полтавка ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесіне өзгерістер енгізу туралы Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының кейбір коммуналдық мемлекеттік мекемелерінің ережелерін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының әкімдігінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 318 қаулысымен бекітілген «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Полтавка ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ережесіне келесі өзгерістер енгізілсін: «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Полтавка ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ережесінің 7-тармағы келесі редакцияда мазмұндалсын: «7. «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Полтавка ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің заңды мекенжайы: 150304, Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Аққайың ауданы, Полтавка ауылы, Молодежная көшесі, 18».
Тармақ 2
2. Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Полтавка ауылдық округі әкімінің аппараты қамтамасыз етсін:
Тармақша 1
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның көшірмесін электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Эділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтық құқықтық актілерін эталондық бақылау енгізу үшін жолдауды;
Тармақша 2
2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің интернет- ресурсына орналастыруды;
Тармақша 3
3) заңнамада белгіленген тәртіппен «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Полтавка ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережеге енгізілген өзгеріс жөнінде әділет органдарын хабардар етуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.