Тұрғын үй комиссиясын құру туралы Күшін жойған
Басқа 0
Тұрғын үй комиссиясын құру туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" ҚРЗ 2001 жылғы 23 қаңтардағы N148-II, Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуір N 94-I Заңдарының және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 2 қыркүйек N 1292 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік тұрғын үй қорынан үй-жай беру, жалдау және пайдалану тәртібі туралы Нұсқаулықтың бекітілуіне сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Көкшетау қаласының әкімдігінде тұрғын үй комиссиясы құрылсын және бекітілсін (1 қосымша).
Тармақ 2
2. Қалалық Мәслихат сессиясының кезекті мәжілісінде тұрғын үй комиссиясының құрамы бекітілуге енгізілсін.
Тармақ 3
3. Көкшетау қаласы әкімдігінің тұрғын үй комиссиясының Ережесі бекітілсін(2 қосымша).
Тармақ 4
4. Көкшетау қаласы әкімдігінің 3 қыркүйек 2004 жылғы № а-4/683 "Тұрғын үй комиссиясын құру туралы" қаулысының күші жойылсын.
Тармақ 5
5. Осы қаулы Ақмола облысының әділет Департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткізілуге жатады және бірінші ресми түрде жарияланған күннен кейін он күнтізбе күні өткесін күшіне енеді.
Тармақ 6
6. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімі орынбасарының міндетін атқарушы А.Х. Мурзинге жүктелсін.
Басқа 7
Қосымша №1
Көкшетау қаласы әкімдігінің
"Тұрғын үй комиссиясын құру туралы"
15.11. 2004 жылғы а-6/894 қаулысына
Тұрғын үй комиссиясының құрамы
1.Мурзин Айдар Хамзаұлы
Көкшетау қаласы әкімі орынбасарының міндетін атқарушы, комиссия төрағасы
2.Бисенбаев Руслан Халаудинұлы
Көкшетау қаласы әкімі аппаратының заң бөлімінің бастығы, тұрғын үй комиссиясы төрағасының орынбасары
3.Қабдырова Қорлан Болатқызы
кеңестік-диагностикалық емхананың бас дәрігері, комиссия төрағасының хатшысы
Комиссия мүшелері:
4.Айтуғанов Сұнғат Қапарұлы
Көкшетау қаласы әкімінің жанындағы "тұрғын үй Орталығы" мемлекеттік мекемесі бастығының міндетін атқарушы
5.Ваховская Людмила Васильевна
қалалық әлеуметтік қорғау басқармасының тұрғын үй жәрдемақы бөлімінің бастығы (келісім бойынша)
6.Жигалина Валентина Григорьевна
соғыс және еңбек ардагері Кеңесінің мүшесі (келісім бойынша)
7.Құсанов Қазы Қараменұлы
"Көкшетау қаласының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бастығы
8.Сәбитова Айгүл Баубекқызы
қалалық Мәслихаттың депутаты (келісім бойынша)
Басқа 8
Қосымша №2
Көкшетау қаласы әкімдігінің
"Тұрғын үй комиссиясын құру туралы"
15.11. 2004жылғы а-6/894 қаулысына
Көкшетау қаласы әкімдігінің тұрғын үй комиссиясының ЕРЕЖЕСІ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Тұрғын үй комиссиясы (бұдан әрі- комиссия) Көкшетау қаласы әкімдігінің жанындағы тұрақты жұмыс істейтін орган болып табылады.
Тармақ 2
2. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексін, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы", 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" №94-I Заңдарын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы қыркүйектегі "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жалға беру және пайдалану тәртібі туралы" №1292 қаулысын, осы Ережені және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік-құқықтық актілерін басшылыққа алады.
Тармақ 3
3. Комиссия Көкшетау қаласының тұрғын үй қорын сақтауды қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік тұрғын үйді бөлу және иесіз қалған тұрғын үйді анықтау және оған уақытша адам кіргізу үшін құрылды.
Тарау 2. 2. Комиссияның мақсаты мен негізгі міндеттері
2. Комиссияның мақсаты мен негізгі міндеттері
Тармақ 4
4. Комиссияның негізгі мақсаты Көкшетау қаласында тұрғын үй болу кезінде кезек тәртібін сақтау жөніндегі мониторингті жүргізу;
Тармақ 5
5. Көкшетау қаласында тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына тұрғын үй бөлуге, тұрғын үйге мұқтаж азаматтардың және тұрғындардың аз қамтылған бөлігіне жататын азаматтардың, сондай-ақ бюджеттік ұйымдардың тұрғын үйге тұрғын үйге мұқтаж мемлекеттік қызметшілерінің, әскери қызметшілердің және мемлекеттік сайлану лауазымымен айналысатын тұлғалардың мәселелерін қарау - Комиссияның негізгі міндеті болып табылады.
Тармақ 6
6. Тұрғын үйді бөлу Комиссия шешімі негізінде жергілікті атқару органының қаулысымен ресімделеді.
Тармақ 7
7. Комиссия белгіленген заңнама тәртібінде мынадай функцияларды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) Тұрғын үй алуға мұқтаж азаматтардың және тұрғындардың аз қамтылған топтарына жататын азаматтардың ұсынылған есепке қою туралы өтініштерін қарайды және тұрғын үй қорынан тұрғын үй бөлу туралы оларға ұсыныс мазмұнындағы қорытынды шығарады;
Тармақша 2
2) Мемлекеттік тұрғын үй қорынан (қайта пайдалануға кіргізілген, не тұрушылардан босатылған), немесе иесіз пәтерлер санына "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі тіркеу қызметі комитетінің Ақмола облысы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталығы"» республикалық мемлекеттік кәсіпорнында есепке тұрғызылған, тұрғын үйді беру мәселелеріне ұсыныс кіргізеді.
Тарау 3. 3. Комиссияның құқығы мен жауапкершілігі
3. Комиссияның құқығы мен жауапкершілігі
Тармақ 8
8. Белгіленген заңнама тәртібінде жүктелген басты міндетін және атқаратын қызметін жүзеге асыру үшін Комиссия мынаған:
Тармақша 1
1) Комиссияның құзырына кіретін мәселелер бойынша қаланың мемлекеттік мекемелерінен ұйымдарынан қажетті ақпарды сұрауға;
Тармақша 2
2) Қызмет барысында мамандарды, сарапшыларды және басқа тұлғаларды осы және басқа мәселелерді шешу үшін тартуға;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамасына сәйкес басқа да билікті жүзеге асыруға құқылы.
Тармақ 9
9. Комиссия өз қызметі барысында жергілікті атқару органының алдында жауапты.
Тарау 4. 4. Комиссияның қызметін ұйымдастыру
4. Комиссияның қызметін ұйымдастыру
Тармақ 10
10. Комиссия құрамында төрағасы (қала әкімінің орынбасары), төрағаның орынбасары, комиссия мүшелері және комиссия хатшысы құрылады. Егер де мәжілісте Комиссияның құрамы ең аз дегенде 2/3 қатысса, Комиссия қорытындысы құқықты деп есептелінеді. Мәжіліске қатынасқан жалпы саны есебінің нәтижесімен Комиссия қорытынды шығарады. Тең дауыста төраға дауысы шешуші дауыс болып табылады.
Тармақ 11
11. Комиссияны комиссия қызметі жұмысын ұйымдастыратын және басшылық жасайтын, Комиссияға жүктелген міндеттерге жеке жауапты болатын және өзіне жүктелген функцияларды жүзеге асыратын, өз құзыры аясында Комиссияның барлық мүшелеріне қатысты тапсырмалар мен нұсқаулар беретін, Комиссия мәжілісін жүргізетін, Комиссия хаттамасына қол қоятын, төраға басқарады.
Тармақ 12
12. Комиссия хатшысы:
Тармақша 1
1) Комиссия мәжілісінің күн тәртібін қарастырады;
Тармақша 2
2) Комиссия мүшелері мен шақырылғандардың келуін және комиссия шешімінің орындалуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 3
3) Комиссия мүшелерінің және оның қызметіне тартылған мамандардың және басқа мүдделі тұлғалардың жұмысын үйлестіреді;
Тармақша 4
4) Комиссия мәжілісінің хаттамасын жүргізеді және жасайды.
Тармақ 13
13. Комиссия мүшелері комиссия жұмысына қатысады, өздеріне жүктелген міндеттерді орындауға жауапкершілік атқарады.
Тармақ 14
14. Комиссия мәжілісі хаттамалармен ресімделеді. Комиссия мүшелері өзгеше пікірде болуға құқықты, егер де ол айтылған жағдайда, хаттамаға кіргізілуі керек, жазбаша түрде баяндалып және Комиссия мәжілісінің хаттамасына қоса тіркелуі қажет.
Тармақ 15
15. Егер де шұғыл шешім (отырыс) қабылдау қажет болса, Комиссия төрағасының ұсынысымен кезектен тыс Комиссия мәжілісі өткізілуі мүмкін.
Тарау 5. 5. Комиссия қызметінің тоқтатылу тәртібі
5. Комиссия қызметінің тоқтатылу тәртібі
Тармақ 16
16. Комиссия қызметінің тоқтатылу негізі:
комиссияға жүктелген міндеттерді орындамау;
бұрын комиссияға жүктелген міндеттерді жүзеге асыратын мемлекеттік органның немесе консультативтік органның құрылуы;
комиссияның міндеттерін орындауға мүмкіндік бермейтін және оның орындалуын мақсатсыз ететін басқа да жағдайлар;
осы Комиссияның қызметін тоқтату туралы Көкшетау қ. әкімдігінің қаулысы.